"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 және 1999 жылғы 15 шiлдедегi N 58 өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 наурыздағы N 186 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 және 1999 жылғы 15 шiлдедегi N 58 өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 және 1999 жылғы 15 шiлдедегi N 58 өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578  өкiмiне  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат; 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат):
      жоғарыда аталған өкiммен бекiтiлген Мемлекеттiк нышандар жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереженiң 11-тармағының бiрiншi абзацындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 15 шілдедегi N 58  өкiмiне  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат):
      жоғарыда аталған өкiммен бекiтiлген Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Ертiсбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы      және ақпарат министрi, төрағаның
                          орынбасары

Бабақұмаров             - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы           және ақпарат вице-министрi, хатшы

Әбдiмомынов             - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Азамат Құрманбекұлы       және ғылым вице-министрi

Баталов                 - Қазақстан Республикасының
Асқар Болатұлы            Индустрия және сауда вице-министрi

Жанасаев                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Бақытжанұлы         министрiнiң орынбасары

Шаймерден               - жазушы, рәмiзтанушы, Қазақстан
Ербол Шаймерденұлы        Республикасы Мәдениет және ақпарат
                          министрлiгi Тарихи-мәдени мұра
                          департаментiнiң директоры

"Досжан                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы         ақпарат және спорт вице-министрi,
                          Комиссия хатшысы"
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досжан                 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ардақ Дүкенбайұлы         Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
                          меңгерушiсi";

      көрсетiлген Комиссия құрамынан Ә.Ө.Исекешев, Д.А.Кәлетаев, Е.М.Қосыбаев, A.Б.Тасболатов, К.Н.Шәмшидинова шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады