"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 416 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне
Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369  Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы»"Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия" деген сөздер»"Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы»"Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлері үшін" деген сөздер»"Мәдениет саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы»"Мемлекеттік стипендияға" деген сөздер»"мемлекеттік стипендияларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады