"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 458 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару
жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

      Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесін тәртіпке келтіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне бәсекелестікті қорғау және қаржы ұйымдарының монополистік қызметін шектеу саласындағы функцияларды;
      2) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне:
      телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне тарифтер бекіту;
      телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар салаларын реттеу мен бақылау;
      телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны реттеу жөніндегі функцияларды;
      3) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне:
      осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қызмет түрлерін лицензиялау;
      темір жол көлігі саласындағы рұқсаттарды беру;
      темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар саласындағы кемсітпейтін қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау;
      темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалдау, азаматтық авиация, порттар саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) арналған бағаны реттеу жөніндегі функцияларды беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны реттеу;
      2) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) кемсітпейтін қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау және тауар нарықтары субъектілерінің инфрақұрылымы жөніндегі функциялар берілсін.
      3. Осы Жарлықтың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және
2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар
нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің
тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны мемлекеттік реттеу
қолданылмайды деп белгіленсін.
      4. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау және қаржы ұйымдарының монополистік қызметін шектеу саласындағы құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры;
      2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі осы Жарлыққа қосымшада көрсетілген Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің лицензиялау жөніндегі құқықтық қатынастарынан туындайтын құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып белгіленсін.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс және Табиғи монополияларды реттеу агенттіктерінде басқару органдарын - басқармалар құруды қамтамасыз етсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын заңдардың жобаларын екі ай мерзімде әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар
қабылдасын.
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады