"Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 474 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық
миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Грузиямен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Грузиядағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын
қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады