"Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 маусымдағы N 502 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" » Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба
 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

      2006 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
       Президенті
 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,
      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер халықтарының бейбіт өміріне терроризмнің елеулі қауіп-катер төндіретіндігін түсіне отырып,
      Тараптар аумақтарында терроризмге қарсы күрес тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында,
      қалыптасқан жағдайда Тараптардың келісілген іс-қимылдары терроризмге қарсы күресте қауырт қажеттілік болып табылатындығына көз жеткізе отырып,
      терроризмге қарсы күрес ісінде Тараптар ынтымақтастығын нығайту Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер халықтарының мүдделеріне жауап береді деп есептей отырып,
      Тараптар аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің құқықтық негіздерін құруға ұмтыла отырып,
      2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын, 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімді басшылыққа ала отырып,
      ұлттық заңнаманы, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім мақсаттары үшін онда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      "терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралар" - сұрау салушы Тараптардың аумақтарында терроризмге қарсы арнайы құралымдар күштерінің келісілген ниеті мен жоспары бойынша Тараптардың құзыретті органдары өткізетін терроризмге қарсы күрес бойынша іс-шаралары;
      "терроризмге қарсы арнайы құралымдар" - терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу үшін өз заңнамасына сәйкес әрбір Тарап құратын мамандар тобы;
      "терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылар" - терроризмге қарсы арнайы құралымдар бөлімшелерінің жеке құрамын, терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды басқару органының құрамына енгізілген адамдарды және терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізуге жәрдем көрсетуші басқа да адамдар;
      "сұрау салушы Тарап" - өз аумағында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу үшін терроризмге қарсы арнайы құралымдарды жіберу туралы сұрау салумен шыққан Тарап;
      "сұрау салынушы Тарап" - терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу үшін терроризмге қарсы арнайы құралымдарды жіберу туралы сұрау салушы Тарап сұрау салумен шыққан Тарап;
      "жәрдем көрсету туралы сұрау салу" - терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізуге жәрдем көрсету туралы сұрау салынушы Тараптың құзыретті органына сұрау салушы Тараптың құзыретті органының өтініші;
      "құзыретті орган" - терроризмге қарсы күресті заңнамаға сәйкес жүзеге асырушы және терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу үшін жауапты Тараптың мемлекеттік органы;
      "қамтамасыз етудің арнайы құралдары және материалдары" - терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу кезінде
пайдаланылатын және сұрау салынушы Тараптың аумағынан шығару үшін оның заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қару-жарақтар мен әскери техниканы, қару мен оқ-дәрілерді, жабдықты, байланыс құралдарын, терроризмге қарсы арнайы құралымдардың қару-жарағын, техникалық, көліктік және өзге де арнайы құралдар мен материалдары;
      "ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитеті" - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитеті.

2-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізудің құқықтық негізін Тараптардың заңнамасы, олардың халықаралық міндеттері, халықаралық құқықтық жалпы танылған қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ осы Келісім құрайды.

3-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралар террористік іс-әрекеттердің жолын кесу мақсатында өткізіледі, оның ішінде:
      Террористер кепілге алған адамдарды босату;
      басып алынған жоғары технологиялық және экологиялық қауіпсіздік, атом өнеркәсібі, көлік, энергетика, химиялық өндіріс объектілерін және өзге де объектілерді босату;
      жарғыш құрылғыларды немесе өзге де құрылысы күрделі жойғыш құрылғыларды зиянсыздандыру;
      террористердің іс-әрекеттерін, террористік топтарды және (немесе)

4-бап

      Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылар сұрау салушы Тараптың аумағында болған кезеңде сұрау салушы Тараптың заңдары мен салт-дәстүрін сыйлайды.

5-бап

      Сұрау салушы Тарап сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың құқықтық ережелерін сыйлайды.

6-бап

      Терроризмге қарсы арнайы құралымдардың сұрау салушы Тараптың аумағында болған кезінде және басқа Тараптың аумағы бойынша транзит уақытында, Тараптар мыналарды басшылыққа алады:
      сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларға қатысты және өткізілетін терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралардың қатысушыларына сұрау салушы Тараптың және транзиттік Тараптың заңнамасы қолданылмайды. Кез келген жағдайда олар сұрау салынушы Тараптың құзырында болады;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушы құқық бұзушылық жасаған кезде ол өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады;
      Тараптардың әрқайсысы сұрау салушы Тараптың аумағында қылмыс жасаған оның терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларды ұлттық заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндеттенеді;
      құқықтық көмек көрсету шеңберінде іс жүргізу амалдарын жүргізу кезінде Тараптар өз заңнамасын және өздеріне алынған халықаралық міндеттемелерді басшылыққа алады.

7-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу туралы шешім сұрау салушы және сұрау салынушы Тараптармен бірлесе жазбаша нысанда қабылданады.
      Сұрау салушы Тарап ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитеті арқылы қабылданған шешім туралы басқа Тараптарға хабарлайды.

8-бап

      Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу туралы шешім негізінде сұрау салынушы Тараптың құзыретті органына жәрдем көрсету туралы сұрау салады және бұл туралы ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетін хабардар етеді.
      Жәрдем көрсету туралы сұрау салу жазбаша нысанда, оның ішінде мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдалана отырып жолданады.
      Жәрдем көрсету туралы сұрау салуға сұрау салушы Тараптың құзыретті органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды және (немесе) сол органның елтаңбалық мөрімен куәландырылады.
      Жәрдем көрсету туралы сұрау салудың түпнұсқалығына немесе мазмұнына күмән туған кезде сұрау салынушы Тарап қосымша растауға сұрау салуы мүмкін.
      Жәрдем көрсету туралы сұрау салу және оларға қоса жүретін құжаттар, сондай-ақ басқа (жедел) ақпарат сұрау салынушы Тараптың құзыретті органына орыс немесе қытай тілдерінде жолданады.

9-бап

      Жәрдем көрсету туралы сұрау салу мыналарды қамтуға тиіс:
      сұрау салушы Тараптың құзыретті органының атауы;
      сұрау салынушы Тараптың құзыретті органының атауы;
      сұрау салудың мәнін, және оның негіздемесін сұрау салынып отырған жәрдем сұраудың мақсатын көрсете отырып баяндау;
      сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымын терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізетін жерге жеткізудің тәсілдері мен шарттары туралы ақпарат және оның орналасқан тепкен мемлекетіне, соның ішінде сұрау салушы Тараптың мемлекеттік шекарасынан өтетін жері, уақыты және тәртібі туралы мәліметтер;
      сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер.

10-бап

      Егер сұрау салынушы Тарап мұны орындау оның егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе басқа да маңызды мүдделеріне залал келтіруі немесе оның заңнамасына қайшы келуі мүмкін деп ұйғарған жағдайда мұндай жәрдем көрсету туралы сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін.
      Егер сұрау салынушы Тарап аталған сұрау салуды дереу орындау оның аумағында жүзеге асырылатын жедел-іздестіру қызметіне, қылмыстық қудалауға кедергі жасауы мүмкін деп ұйғарса, сұрау салуды орындауды кейінге қалдыруы немесе оның орындалуын қажеттілер ретінде айқындалған шарттарды сақтаумен байланыстыруы мүмкін.
      Жәрдем көрсету туралы сұрау салуды орындау мүмкін болмаған кезде немесе орындаудан бас тартқан жағдайда, сұрау салынушы Тарап бұл жөнінде жазбаша нысанда сұрау салушы Тарапқа жедел ескертеді және сұрау салуды орындауға кедергі болған себептер туралы хабарлайды.

11-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитеті өз құзыреті шеңберінде Тараптарға жәрдем көрсетеді.

12-бап

      Сұрау салушы Тарап сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларды, қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізетін жерге жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды.
      Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларды орналастыру, оларды тылдық және техникалық қамтамасыз ету сұрау салушы Тараптың есебінен жүзеге асырылады.
      Сұрау салушы Тарап сұрау салынушы Тараптың құзыретті органымен бірлесе отырып, сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларды өзара іс-қимыл еркіндігімен қамтамасыз етеді.

13-бап

      Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың, осы құралымдардың жекелеген мамандарының Тараптардың мемлекеттік шекараларынан өтуі кезінде, сондай-ақ қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын олар арқылы өткізу кезінде, Тараптар олардың заңнамасымен белгіленген тиісті рәсімдердің жедел орындалуына ықпал етеді.
      Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылар, осы құралымдардың жекелеген мамандары Тараптардың мемлекеттік шекараларынан өтуді белгіленген өткізу пункттерінде аталған құралымдардың жеке құрамының атаулы тізімі және жеке басын куәландыратын құжаттар материалдары сұрау салынушы Тараптың құзыретті органы бекіткен тізбе бойынша Тараптардың мемлекеттік шекаралары арқылы өткізіледі. Аталған тізімдер мен тізбе орыс және қытай тілдерінде жасалады, ал Қытай Тарабы терроризмге қарсы бірлескен іс-шараны өткізуге қатыспаған жағдайда, тек орыс тілінде жасалады.
      Қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын Тараптар кедендік алымдар мен өзге де төлемдерден босатады, тексеруге, алуға және тәркілеуге жатпайды.

14-бап

      Сұрау салушы Тараптың аумағы бойынша сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларды немесе осы құралымдардың жекелеген мамандарын, сондай-ақ сұрау салынушы Тараптың қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын өткізу сұрау салушы Тараптың құзыретті органы өкілінің бақылауымен жүзеге асырылады.
      Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларды немесе осы құралымдардың жекелеген мамандарын, сондай-ақ қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын транзиттік Тарап аумағы бойынша транзиттік өткізу оның құзыретті органының рұқсатымен және көмегімен жүзеге асырылады.

15-бап

      Сұрау салушы Тарап терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды дайындау және өткізу үшін (бұдан әрі - басқару органы) басқару органын құрады.
      Басқару органының басшысын сұрау салушы Тарап тағайындайды және ол өзін тағайындаған адамға бағынады.
      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылар басқару органының басшысына бағынады.
      Басқару органының құрылымын, терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың мақсаттары мен міндеттерін басқару органының басшысы айқындайды.
      Басқару органының құрамына терроризмге қарсы бірлескен іс-шараны өткізуге қатысатын терроризмге қарсы арнайы құралымдардың басшылары, Тараптардың құзыретті органдарының және ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетінің өкілдері енеді.
      Басқару органында іс орыс және қытай тілдерінде, ал Қытай Тарабы терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізуге қатыспаған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.
      Басқару органының негізгі міндеттері:
      жағдай туралы мәліметтер жинау, келіп түскен ақпаратты қорыту, бағалау және талдау, оны терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларға және сұрау салушы Тараптың аталған іс-шараны өткізуге тартылатын басқа құрылымдарына жеткізу;
      басқару органы басшысының шешімін қабылдау үшін ұсыныстар дайындау;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарын әзірлеу және іске асыру;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылар арасында байланыс және өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізуге басшылық жасау және ықтимал келеңсіз салдарларды болдырмау жөнінде шаралар қолдану;
      қажет болған кезде терроризмге қарсы бірлескен іс-шараны өткізу объектілері болып табылатын адамдармен келіссөздер жүргізу тактикасын жасау және оларды өткізуді ұйымдастыру;
      мемлекеттік билік және сұрау салушы Тараптың басқару органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу аймағында жедел іздестіру іс-шараларын және тергеу амалдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралардың қорытындыларын шығаруды ұйымдастыру болып табылады.

16-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу барысында басқару органының басшысы:
      басқару органының лауазымды адамдарын тағайындайды;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу аймағын айқындайды;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды дайындауға және өткізуге басшылық етеді;
      сұрау салынушы және сұрау салушы Тараптардың терроризмге қарсы арнайы құралымдары басшыларының келісуі бойынша терроризмге қарсы бірлескен іс-шараға қатысушылардың іс-қимылына және қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын қолдану туралы шешім қабылдайды;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарын бекітеді;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың іс-қимылының басталу мен аяқталу уақытын және қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын қолдануды айқындайды;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асырады;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларға қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын қолдану тәртібі туралы сұрау салушы Тарап заңнамасының талаптарын жеткізеді;
      адамдарға терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізудің объектілері болып табылатын адамдармен келіссөздер жүргізуге рұқсат етуді жүзеге асырады;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізудің барысы және нәтижелері туралы сұрау салушы Тараптың мемлекеттік билік органдарының, ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетінің және бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын хабардар етеді;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралардың аяқталуы туралы сұрау салушы Тарапқа ұсыныс енгізеді және Тараптардың құзыретті органдарына және ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетіне оны өткізу нәтижелері туралы есеп ұсынады.

17-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізуді басқаруға басқару органы басшысы тағайындаған адамнан басқа қандай да бір адамдардың араласуына жол берілмейді.

18-бап

      Сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымының басшысы өз Тарапының құзыретті органымен келісе отырып, терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарын дайындау кезінде, өзі басқаратын терроризмге қарсы арнайы құралымды жекелеген шараларға қатыстырудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте бас тарту себептерін көрсету арқылы баянат түрінде жазбаша нысанда ресімделеді.
      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың іс-қимылы және қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын қолдану туралы шешім басқару органы басшысының жазбаша бұйрығымен ресімделеді.
      Жүргізілу барысында қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын қолдану көзделінетін терроризмге қарсы арнайы құралымдардың терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралардағы іс-қимылының басынан бастап, тек аталған құралымдардың басшылары ғана басқару органы басшысының бұйрығын осы құралымдардың орындауы бойынша олардың іс-қимылына тікелей басшылықты жүзеге асырады. Бұл ретте қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын қолдануды жүзеге асырушы терроризмге қарсы бірлескен іс-шараға қатысушылардың іс-қимылы жауапкершіліктің туындауын жоққа шығаратын іс-әрекет ретінде қаралады.
      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарында көзделген терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу барысында жасалатын іс-қимылдар тәртібін сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымы басшысымен келісе отырып, басқару органының басшысы өзгертуі мүмкін.

19-бап

     Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу барысында қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын қолдану сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

20-бап

      Сұрау салушы Тараппен шекаралас (шектесетін) Тараптың қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, басқару органы ықтимал қатердің сипаты мен ауқымы туралы осы Тараптың құзыретті органын хабардар етеді және сұрау салушы Тараптың аумағында оны оқшаулау жөнінде шаралар қолданады.

21-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу барысы туралы хабар басқару органының басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша жұртшылықпен байланыс орнатуға жауапты тұлға айқындайтын нысанда және көлемде сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес жұртшылыққа жеткізіледі.

22-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды әзірлеу мен өткізу барысында оған қатысушыларға мына ақпараттарды:
      терроризмге қарсы арнайы іс-шараларға қатысушылар туралы;
      терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізудің арнайы техникалық әдістері мен тактикасын ашатын;
      қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын сипаттау туралы;
      сұрау салушы Тараптың заңнамасымен таралуына тыйым салынған өзге де ақпаратты таратуға жол берілмейді.

23-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралардың аяқталуы мен басқару органының таратылуы туралы шешімді сұрау салушы Тарап қабылдайды.
      Сұрау салушы Тарап терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралардың аяқталуы мен қорытындысы туралы басқа Тараптарды және ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетін хабардар етеді.
      Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы Тараптардың құзыретті органдары мен ШЫҰ ӨТҚҚ-ның Атқару комитетіне терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды жүргізу барысы туралы қорытынды және талдау материалдарын жібереді.

24-бап

      Сұрау салушы Тарап сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың, сұрау салынушы Тарапқа тиесілі қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарының, сұрау салынушы Тараптың аумағына қайтарылуын қамтамасыз етеді.
      Сұрау салушы Тарап аумағынан, сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларды шығару жоспары мен мерзімі сұрау салынушы Тараптың құзыретті органымен келісе отырып, сұрау салушы Тараптың құзыретті органы анықтайды және бекітеді.

25-бап

      Сұрау салынушы Тарапқа тиесілі қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдары оның меншігі болып табылады және (немесе) сұрау салушы Тараптың немесе транзит Тараптың оларды қандай да бір нысанда оқшаулауға немесе ұстап қалуына болмайды.
      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралардың аяқталуына байланысты пайдаланбаған қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын сұрау салынушы Тарап сұрау салушы Тараптың аумағынан әкетуге тиіс.
      Егер ерекше жағдайларға байланысты қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарын әкету мүмкін болмаса, олар сұрау салушы және сұрау салынушы Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша сұрау салушы Тарап аумағында оның заңнамасына сәйкес өткізілуі немесе жойылуы мүмкін.

26-бап

      Сұрау салушы Тарап терроризмге қарсы бірлескен іс-шараны оның ішінде өліммен, дене жарақатымен байланысты залал немесе сұрау салушы Тараптың аумағында тұратын жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалар мен сұрау салушы Тараптың өзіне келтірілген кез келген залалды өтеуге қатысты іс-шараны өткізуге қатысушы сұрау салынушы Тарапқа, егер мұндай залал басқару органы жүктеген міндеттерді орындау кезінде келтірілсе, қандай да бір талап қоюдан бас тартады.
      Егер сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушы басқару органының басшысы қойған тапсырмаларды орындау кезінде қандай да бір тұлғаға, ұйымға немесе сұрау салушы Тараптың өзіне залал келтірсе, онда мұндай залал сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес өтеледі.

27-бап

      Осы Келісімнің 26-бабында көзделмеген жағдайда, сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылары сұрау салушы Тараптың аумағында келтірген залалы мүдделі Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша өтеледі.

28-бап

      Әкелінген қамтамасыз етудің арнайы құралдары мен материалдарының жоғалуы, толық немесе ішінара жойылуына байланысты шығыстармен қоса, сұрау салынушы Тарап шеккен шығыстарды өтеу тәртібі мүдделі Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша белгіленеді.

29-бап

      Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізу барысында сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды, сұрау салушы Тараптың терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушыларға осыған ұқсас жағдайлар кезінде залал келтірілгенде қолданылатындай және оның заңнамасында көзделген тәртіпте сұрау салушы Тарап өтейді.
      Бұл ретте сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдардың құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелеріне, оның заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер, өтемақылар толық көлемде сақталады. Аталған тәртіп, егер мұндай залал сұрау салынушы Тараптың терроризмге қарсы арнайы құралымдарының құрамына кіретін терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға қатысушылардың сұрау салушы Тарап аумағына келуі кезеңінде олардың өміріне және денсаулығына зиян келтірсе, сондай-ақ басқа Тараптың аумағы арқылы транзит уақытында келтірілген жағдайда қолданылады.

30-бап

      Тараптар өзінің заңнамаларына сәйкес осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдарды анықтайды, бұл туралы депозитарийге осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы бір мезгілде хабарлайды, сондай-ақ құзыретті органдардың және (немесе) олардың атауларының өзгеруі туралы депозитарийді хабардар етеді.

31-бап

      Тараптар өзара келісім негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының көмегімен терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды өткізуге қатысатын терроризмге қарсы арнайы құралымдары дайындығының келісілген бағдарламаларын әзірлеп, сондай-ақ терроризмге қарсы арнайы құралымдардың бірлескен жаттығуларын жүргізе және олардың мамандарын тағылымдамадан өткізуді жүзеге асыра алады.

32-бап

      Тараптар осы Келісімнің ережелеріне түсінік беруден немесе қолданудан туындауы мүмкін даулы мәселелерді кеңес беру немесе келіссөздер арқылы шешетін болады.

33-бап

      Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын, өзге халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

34-бап

      Осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде Тараптар жұмыс тілі ретінде орыс және қытай тілдерін пайдаланады.

35-бап

      Осы Келісімге Тараптардың келісімімен осы Келісімнің 36-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енетін хаттамалар түрінде ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

36-бап

      Осы Келісім айқындалмаған мерзімге жасалады және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша нысанда депозитарийдің төртінші хабарламаны алған күнінен туралы жазбаша нысанда депозитарийдің төртінші хабарламаны алған күнінен бастап, отызыншы күні күшіне енеді.
      Осы Келісімнің депозитарийі осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап, он бес күн ішінде Тараптарға оның куәландырылған көшірмелерін жіберетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы болып табылады.
      Осы Келісімнің 30-бабында аталған белгілі бір құзыретті орган туралы Тараптан жазбаша хабарландыру алған күнінен бастап, он бес күн ішінде депозитарий бұл жөнінде басқа Тараптарға хабарлайды.
      Осы Келісім 2001 жылғы 15 шілдедегі Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына қатысушылар болып табылатын мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылған мемлекет үшін осы Келісім, оның қосылуы туралы құжатты депозитарий алған күнінен бастап, отызыншы күні күшіне енеді.
      Осы Келісім 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына қатысушылар болып тұрған Тараптардың кез келгеніне қатысты күшінде қалады.
      2006 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында бір данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, бұл ретте екі тілдегі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін
      Қытай Халық Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін
      Тәжікстан Республикасы үшін
      Өзбекстан Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады