Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімшілік шекарасын белгілеу және Ақтау қаласының, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 маусымдағы N 526 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  13-бабына және»"Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының және Маңғыстау облысы
әкімдігінің Мұнайлы ауданының әкімшілік шекарасын Ақтау қаласының
Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе ауылдары және Өмірзақ ауылы жерлерінің
бір бөлігін, сондай-ақ Маңғыстау облысы Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының жалпы алаңы 492189 гектар жері бөлігін қоса отырып, белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады