"Каспий", "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 770 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Каспий", "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы "Каспий", "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

      Индустриялық-инновациялық саясат шеңберінде өңірлік дамытудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын Ақтау қаласында орналасатын "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ), Қостанай қаласында орналасатын "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ) және Ақтөбе қаласында орналасатын "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ) акционерлік қоғамдарын құрсын;
      2) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ, "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ, "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде біртұтас экономикалық нарық құру, инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен Атырау, Маңғыстау облыстарының, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының және Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып белгіленсін;
      3) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ, "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумдарды бекітсін;
      4) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ, "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ қызметі үшін жер учаскелерін және республикалық, коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде олардың жарғылық капиталына ақы төлеуді қоса алғанда, қажетті мемлекеттік активтерді беруді қамтамасыз етсін;
      5) нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
      6) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады