Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 997 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
      26-тармақта:
      1) тармақшадағы "және суару машиналарын" деген сөздерден кейін ", жылыжайларды" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;
      29-тармақтың 2) тармақшасы "кооперативтеріне" деген сөзден кейін "шаруа серіктестіктері, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерге" деген сөздермен толықтырылсын;
      32-тармақта:
      бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы "кооперативтеріне", "кооперативтерін" деген сөздерден кейін тиісінше "шаруа серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтеріне", "шаруа серіктестіктерін, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) кепілдік қамтамасыз ету;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау болып табылады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады