Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Ішкі әскерлерінің күзетуіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1042 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің күзетуіне заңнамада белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз етсін:

      "ЖД-158/7 мекемесі";

      "ИЧ-167/9 мекемесі";

      "ЗК-169/5 мекемесі";

      "ЕЦ-166/26 мекемесі";

      "КА-168/5 мекемесі";

      2) жоғарыда санамаланған мемлекеттік мекемелерді күзетуге тартылған 506 бірлік мөлшеріндегі штат санын, қару-жарақты және арнайы техниканы, материалдық-техникалық құралдарды, ғимараттар мен құрылыстарды осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетіне берсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1042 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетіне беретін лауазымдарының тізбесі

Р/с

N

Мемлекеттік мекеменің атауы

Лауазымдардың атауы және олардың саны (бірлік)

офицерлер

бақылаушылар

барлығы

1

ИЧ-167/9 мекемесі

3

82

85

2

ЗК-169/5 мекемесі

3

121

124

3

КА-168/5 мекемесі

2

94

96

4

ЖД-158/7 мекемесі

3

77

80

5

ЕЦ-166/26 мекемесі

2

119

121

Жиыны:

13

493

506

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
№ 1042 қаулысына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетіне беретін қару-жарақ пен арнайы техниканың тізбесі

Р/с N

Мемлекеттік мекеменің атауы

Қару-жарақтың, арнайы техниканың атауы және олардың саны

9 мм ПМ пистолеті

5,45 мм РПК-74 пулеметі

5,45 мм АК-74 автоматы

7,62 мм СВД винтовкасы

5,45 мм АКС-74 Калашников автоматы

9 мм ПМ патроны

5,45 мм қарапайым өзекті патрон

ГАЗ-33 07 АЗ

1

ИЧ-167/9 мекемесі

-

-

34

-

-

-

-

-

2

ЗК-169/5 мекемесі

-

1

50

1

-

-

6150

1

3

КА-168/5 мекемесі

-

-

30

-

-

-

3600

-

4

ЖД-158/7 мекемесі

12

-

-

-

20

192

2400

1

5

ЕЦ-166/26мекемесі

-

-

30

-

-

-

-

1

Жиыны:

12

1

144

1

20

192

12150

3

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1042 қаулысына
3-қосымша

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетіне беретін объектілердің тізбесі

Р/с N

Мемлекеттік мекеменің атауы

Объектінің атауы

1

КА-168/5 мекемесі

1. "Мечта" қонақ үйінің төрт қабатты ғимараты, жалпы алаңы 2373,5 шаршы м. 2. 10 вольерге арналған қызметтік иттер питомнигінің бір қабатты ғимараты, жалпы алаңы 251,2 шаршы м.

2

ЕЦ-166/26 мекемесі

№ 5 және N 6 тұрғын үйлер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады