"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1053 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы        Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімді бекіту туралы

      «"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1.   Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 28 қарашада Минск қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісіміне қатысушы мемлекеттер - осы Келісімге қатысушылар,
      өзара гуманитарлық ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
      бұндай ынтымақтастықты дамыту өз елдерінің мүддесіне сай екенін біле отырып,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) құру қарастырылған 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімі 10-бабының ережелеріне сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Кеңес өз қызметін осы Келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің ережесі (қоса берілген) негізінде жүзеге асырады

2-бап

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім тиісті хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді.

3-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттармен ресімделетін және осы Келісімнің 2-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4-бап

      Осы Келісім, оның Ережесіне ортақтасатын және осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдауға дайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін Келісім қосылу туралы құжаттарын депозитарийге өткізу күнінен бастап күшіне енеді.

5-бап

      Әр Тарап шығу күніне дейін, 6 ай бұрын кешіктірмей депозитарийге сондай ниеті туралы хабарлама жолдап, осы Келісімнен шыға алады.
      Минск қаласында 2006 жылғы 28 қарашада бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдап, түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      Әзірбайжан Республикасы үшін      Молдова Республикасы үшін
      Армения Республикасы үшін             Ресей Федерациясы үшін
      Беларусь Республикасы үшін        Тәжікстан Республикасы үшін
      Грузия үшін                           Түркменстан үшін
      Қазақстан Республикасы үшін       Өзбекстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін               Украина үшін

2006 жылғы 28 қарашадағы    
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің     
Гуманитарлық ынтымақтастық   
жөніндегі кеңесі туралы келісімімен
бекітілген            

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы
ЕРЕЖЕСІ I. Жалпы ережелер

      1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімін іске асыру, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында көпжақты қарым-қатынасты үйлестіру үшін құрылады.
      1.2. Кеңестің негізгі міндеттері ұлттық мәдениеттерді өзара байыту және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі жинақталған ғылыми-білімдік потенциал негізінде мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру және дамыту, әр тұлғаның, тұратын еліне қарамастан, қабілеті мен дарынын іске асыру үшін үйлесімді жағдайлар қамтамасыз ету болып табылады.
      1.3. Кеңес өз қызметінде жалпыға ортақ халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжаттарды және Достастық шеңберінде мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында қабылданған басқа да шарттарды, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекеттер басшылары кеңесінің және Үкіметтер басшыларының шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

II. Кеңестің функциялары

      Кеңес келесі функцияларды атқарады:
      2.1 ТМД-ның гуманитарлық саладағы салалық органдарының, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым форумдарының, мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында қызмет атқаратын қоғамдық және коммерциялық мекемелердің ұсыныстарын есепке алып, Келісімге қатысушы мемлекеттердің концепциялық және практикалық мәселелерді қарау.
      2.2. Гуманитарлық саладағы басым бағыттарды және ынтымақтастық формаларын анықтау, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша қарым-қатынас жасау және бірлескен іс-әрекеттерді үйлестіру үшін ұсыныстар дайындау.
      2.3.Келісімге қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым мемлекетаралық іс-шараларының екі жылдық жоспарын әзірлеу.
      2.4. Гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы халықаралық-құқықтық құжаттар жобаларын жасау.
      2.5. ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, соның ішінде мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласындағы бірлескен халықаралық бағдарламалар, жобалар және іс-шараларды дайындау және іске асыруды қамтамасыз ету.
      2.6. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорымен қарым-қатынас жасау.
      2.7. ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесі және Үкіметтер басшылары кеңесінің мәжілістеріне гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу.

III. Кеңестің құқықтары

      Кеңес өз функцияларын орындау үшін құқылы:
      3.1. Белгіленген тәртіппен өз құзырындағы мәселелер бойынша Келісімге қатысушы мемлекеттер мен ТМД салалық ынтымақтастық органдарынан ақпарат сұрауға.
      3.2. Белгіленген тәртіппен Достастықтың жоғарғы органдарының қарауына гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша шешімдерінің орындалғаны туралы ақпаратты енгізуге.
      3.3. Белгіленген тәртіппен Достастықтың жоғарғы органдарының қарауына Кеңес әзірлеген құжаттар жобаларын, оған қоса мемлекетаралық жобалар мен бағдарламалардың қаржыландыру көлемі және көздері бойынша ұсыныстар енгізуге.
      3.4. Кеңес алдында тұрған мәселелерді орындау үшін қажет жағдайда тұрақты және уақытша жұмыс топтарын құруға.
      3.5. Құзырындағы басқа да мәселелерді шешуге.

IV. Кеңесті құру тәртібі

      4.1. Кеңестің мүшелері Келісімге қатысушы мемлекеттердің өкілетті өкілдері (әр елден бір) болып табылады.
      4.2. Кеңесте төрағалық ротация принципі негізінде бір жылдан аспайтын мерзімде Келісімге қатысушы әр мемлекеттің өкілімен жүзеге асырылады.

V. Жұмысты ұйымдастыру

      5.1. Кеңес мәжілістері қажеттілік бойынша, бірақ, жылына екі реттен сирек емес өткізіледі және оған Кеңес мүшелерінің үштен екісі қатысқанда өкілетті деп саналады. Кеңестің кезектен тыс мәжілістері Төраға бастамасымен немесе Кеңестің үштен аз емес мүшелерінің бастамасымен шақырылады. Кеңес мүшесі мәжіліске қатыспаған жағдайда, оның құқықтары Келісімге қатысушы мемлекет уәкіл еткен басқа тұлғаға тапсырылуы мүмкін.
      5.2. Мәжілістердің өткізілу орны Кеңес мүшелерінің алдын ала келісімі бойынша анықталады.
      5.3. Кеңес мәжілісінде кеңесу дауысына иелік құқығымен гуманитарлық саладағы ТМД салалық ынтымақтастық органдарының және ТМД Атқарушы комитетінің басшылары қатыса алады.
      5.4. Әр нақты жағдайда қабылданатын Кеңес шешімі бойынша, оның мәжілістерінде байқаушылар ретінде гуманитарлық салада қызмет атқаратын халықаралық және ұлттық ұйымдар өкілдері қатыса алады.
      5.5. Кеңес өзгені белгілемесе, Кеңес шешімдері, оның мүшелерінің жәй көпшілік дауыстарымен қабылданады. Кеңестің кез келген мүшесі қандай да бір мәселе бойынша бейтараптығы туралы мәлімдей алады, бұл шешімді қабылдауға кедергі ретінде қаралмауы керек.
      5.6. Кеңес шешімдері хаттамалармен ресімделіп, оған Кеңес Төрағасы қол қояды.
      5.7. Кеңес өз қызметінің ішкі ұйымдастыру мәселелері бойынша шешім қабылдайды.
      5.8. Кеңестің жұмыс аппараты функциясын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің сәйкес құрылымдық бөлімшесі атқарады.

VI. Қаржыландыру

      Кеңес мәжілістерін өткізу бойынша шығындарды территориясында Кеңес мәжілісі өткізілетін Келісімге қатысушы мемлекет көтереді. Кеңес мушелерінің іссапары бойынша шығындарды жіберуші мемлекет көтереді.
      Осымен, қоса берілген мәтіннің 2006 жылғы 28 қарашада Минск қаласында болып өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісінде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімнің түпнұсқа көшірмесі екендігін растаймын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

       ТМД Атқарушы комитеті Төрағасы-
      Атқарушы хатшысының
      Бірінші орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады