Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1099 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулыға 241-қосымшада :

      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағанында "Шығыс Қазақстан мемлекеттік" деген сөздерден кейін "техникалық" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) көрсетілген қаулыға 256-қосымшада:

      "Тікелей нәтиже" деген 7-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тікелей нәтиже: ұшқыштарды бастапқы даярлау мәселелері жөнінде әдістемелік материалдар әзірлеу; орташа жылдық контингент - 50 курсантты оқыту.";

      3) көрсетілген қаулыға 262-қосымшада:

      5-тармақта "әзірлеу және талдау," деген сөздерден кейін "сапа менеджменті саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында "спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласында" деген сөздерден кейін ", сапа менеджменті саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақта:

      "Тікелей нәтиже:" мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. "Сапа философиясының негіздері" атты элективті мектеп курсының оқу бағдарламасын және оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу;";

      "Қаржылық-экономикалық нәтиже:" мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. "Сапа философиясының негіздері" атты элективті мектеп курсының оқу бағдарламасын және оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу - 4465,0 мың теңге;".


      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады