"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1142 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
Жарлығы      

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын
бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тұрақты мониторингін, тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2007 жылғы " "  
N Жарлығымен   
бекітілген    

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын
бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асырудың тұрақты мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері,
функциялары мен өкілеттіктері

      3. Мемлекеттік комиссияның міндеттері:
      Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      Мемлекеттік бағдарламамен айқындалған нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.
      4. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Мемлекет басшысына енгізу;
      2) Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың мониторингін және тиімділігін бағалауды жүргізу;
      3) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары комиссияларының есептерін қарау.
      5. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
      өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратуға;
      өз отырыстарында Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары комиссияларының есептерін тыңдауға;
      Мемлекет басшысына Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру туралы ұсыныстар енгізуге;
      өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      7. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссияның мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
      8. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      9. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      10. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
      1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді;
      2) Қазақстан Республикасының Президентін Мемлекеттік комиссияның істеген жұмысы туралы кемінде жарты жылда бір рет хабардар етеді.
      11. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
      12. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
      1) Мемлекеттік комиссияның мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
      2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
      4) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің уақтылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, оның төрағасына істелген жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті береді;
      5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      13. Орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауында оған жәрдем көрсетеді.
      14. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2007 жылғы " "  
N Жарлығымен  
бекітілген   

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын
бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 
құрамы

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы         Премьер-Министрі, төраға

Оразбақов               - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы          Индустрия және сауда министрі,
                          төрағаның орынбасары

Омаров                  - Қазақстан Республикасының
Қайсар Оспанұлы           Индустрия және сауда министрлігі
                          Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
                          шаруашылық істері комитетінің
                          төрағасы, хатшы

      Мемлекеттік комиссияның мүшелері:

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы         Қаржы министрі

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы         Экономика және бюджеттік
                          жоспарлау министрі

Имантаев                - Қазақстан Республикасы
Ермек Жетпісбайұлы        Президентінің Әкімшілігі
                          Мемлекеттік бақылау және
                          ұйымдастыру жұмысы бөлімінің
                          мемлекеттік инспекторы

Өксікбаев               - Республикалық бюджеттің
Омархан Нұртайұлы         атқарылуын бақылау жөніндегі
                          есеп комитетінің төрағасы

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасы
Еділ Құламқадырұлы        Президентінің Әкімшілігі
                          Әлеуметтік-экономикалық талдау
                          бөлімінің меңгерушісі

Дәулеталин              - Қазақстан Республикасы
Сатыбалды Телағысұлы      Парламентінің Мәжілісі
                          ұйымдастыру-бақылау және кадр
                          жұмысы бөлімінің меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады