Қарағанды облысы Қарағанды қаласының бас жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1205 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі  Заңына сәйкес және Қарағанды облысы Қарағанды қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қарағанды облысы Қарағанды қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қарағанды қаласының бас жоспарын және оның негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1968 жылғы 26 қарашадағы N 700 қаулысы;
      2) "Қарағанды қаласы жолаушылар көлігінің барлық түрлерін дамытуының кешенді сұлбасын және оның негізгі жағдайларын бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1970 жылғы 19 қазандағы N 644 қаулысы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1205 қаулысымен
бекітілген   

  ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ

Астана қаласы, 2007 жыл

      Бас жоспарды жасаудың негізгі мақсаттары:
      Қарағанды қаласын дамытудың негізгі бағыттарын, масштабтарын және әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы қарқынын анықтау;
      көмір өндіретін кешен кәсіпорындарының аумағын жетілдіру нәтижесінде негізгі қорлардың істен шығуын ескере отырып және ірі қаланы әлеуметтік-кеңістіктік ұйымдастырудың қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып салынған аумақтардың жаңаларын игеру және салынғандарын қайта жаңарту үшін қажетті жағдайлар кешенін қамтамасыз ететін ұтымды сәулет-жоспарлау құрылымын қалыптастыру;
      жобалық кезеңге және одан ұзақ перспективаға қаланың дамуы үшін қажетті аумақтарға қажеттілікті нақтылау;
      Қарағанды қаласының оның ықпалды аймағымен (қала мен қала маңындағы аймақ бірыңғай халық шаруашылығы кешені ретінде қаралады) байланыстарының сипатын нақтылау;
      Қарағанды қаласы Бас жоспарының жобасында мынадай бес жылдық жобалық кезеңдер қабылданған:
      бастапқы жыл - 2005 жыл;
      құрылыстың бірінші кезегі - 2010 жыл;
      есепті мерзімі - 2015 жыл.
      Бас жоспарды әзірлеу үшін 1992 жылы Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорны орындаған 1:50000, 1:25000, 1:10000, 1:2000 масштабты топокарталар, жер кадастрының М 1:500 деректері, сондай-ақ, 2005 жылғы ғарыштық фотоға түсіру материалдары топографиялық негіз ретінде алынған.
      Жоба бұрынғы қабылданған сәулет-жоспарлы шешімдердің сабақтастығы ескеріле отырып әзірленген. Жобаны әзірлеу кезінде мынадай жобалық құжаттама пайдаланылды:
      1. Қарағанды облысын аудандық жоспарлау схемасы, Киевгипроград, 1976 жыл.
      2. Қарағанды-Теміртау өнеркәсіптік ауданын аудандық жоспарлау жобасы, Киев НИИП қала құрылысы, 1987 жыл.
      3. Қарағанды қаласының Бас жоспары, ЦИИИП қала құрылысы, 1968 жыл.
      4. Қаланың қолданыстағы бас жоспарының іске асырылуын талдау және қажетті қосымша зерттеу жұмыстарын анықтау, ЦИИИП қала салу, 1988 жыл.
      5. Тиімді аумақтық басқару үшін Украина ғалымдары мен мамандарының қауымдастығы жасаған Қарағанды қаласының аумағына кешенді қала салу және оның құнын бағалау, Киев қаласы, 1991 жыл.
      6. Қарағанды қаласының перспективалы сәулет-жоспарлы, әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы, Институт урбанистики, Киев қаласы, 1991 жыл.
      7. Қарағанды қаласының қалалық ортасын дамытудың негізгі бағыттары (тұрғындардың бағалауы бойынша). Урбанистика орталығы, Мәскеу қаласы, 1991 жыл.
      8. Нарық экономикасына көшу жағдайындағы әлеуметтік нормалау бойынша және 2020 жылға арналған Қарағанды өңірінің халық шаруашылығы дамуының болжамы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар институты, 1992 жыл.
      9. Халық топтарының әлеуметтік-кәсіптік бөлінісінде Қарағанды қаласы мен қала маңындағы аймақтың негізгі еңбек ету орындарымен еңбек байланыстарын зерттеу. Қарағанды университетінің есебі, 1991 жыл.
      10. Қарағанды өнеркәсіптік аймағын өнеркәсіптік дамытудың схемасы, ППАП Қарағанды өндірісқұрылысжоба, 1991 жыл.
      11. Қарағанды қаласының табиғатын қорғаудың аумақтық кешендік схемасы, Казгипроград, 1992 жыл.
      12. Инженерлік жабдықтар бойынша мамандандырылған институттардың жобалық әзірлемелері.
      13. Көмір кен орындарын игеру кезінде зақымданған топырақ қабаттары бар жерлерді түгендеу, Қарағандыкөмір ӨБ, "Қазгипрожер", 1993 жыл.
      14. Абай, Шахтинск, Теміртау, Сарань, Шахан қалалары мен кенттерінің бас жоспарлары.
      15. Қазақстан Республикасының энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасы. Көмір өнеркәсібі. "Қарағандыкөмір" бірлестігін дамыту, ГПИ Карағандыгипрошахт, КНИУИ, 1993 жыл.
      16. 2010 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік күштерін дамыту және орналастыру схемасының тұжырымдамасы. Экономика және нарықтық қатынастар институты, 1993 жыл.
      17. 2008-2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленіп жатқан өңірлік бағдарламалар.
      18. Қолданыстағы және әзірленіп жатқан 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар).
      19. 2004 жылға арналған Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарының негіздерін анықтау мақсатында жобалау-зерттеу жұмыстарының орындалуы туралы есеп.
      20. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңы .
      21. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"  Заңы .
      22. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамыздағы "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы"  Жарлығы .
      23. Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейінгі  стратегиясы .
      24. Қазақстанның бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру  стратегиясы .
      25. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"  жолдауы .
      26. Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының азаматтық қорғанысының инженерлік-техникалық іс-шаралар жоспарлары.
      2003 жылы Қарағанды қаласының бас жоспарын әзірлеу үшін алғашқы бастапқы деректер жинау және тарихи-мәдени мұралар объектілерін анықтау жөнінде жұмыстары жүргізілді.
      2004 жылы мынадай жұмыстар жүргізілді:
      Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негіздері;
      Қарағанды қаласының аумақтарында құрылыс салудың сәулет-жоспарлы құрылыс шешімдерінің тұжырымдамасы;
      Қарағанды қаласының аумақтарында құрылыс салудың ережелері;
      Қала туралы жалпы мәліметтер және қысқаша тарихи анықтама;
      Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының ірі облыс орталығы болып табылады.
      Қарағанды көмір бассейні Қазақстан Республикасының аттас облысында орналасқан, ендік бағытында 120 км-ге созылған, ені 30 км, ауданы 3600 км 2 , карбонның көмір шөгінділері 2000 км 2 -ге жуық.
      Көмір бассейнінің тарихы 1833 жылдан басталады, сол кезде қарағанды көмірін алғаш тапқан жас бақташы Әппақ Байжанов Қарағансай шатқалының бұталы жырасында (осыдан Қарағанды атауы шыққан) суыр індерінің бірінде көмір кесегін тапқан. Жергілікті қазақтар көмірді Сарань шатқалы мен оның бетінде де тапқан. 1854 жылы Қарағанды шатқалында алғашқы барлау жұмыстары жүргізіліп, оны пайдалануға жарамды деп тапқан.
      Ұлы Октябрь революциясына дейін Қарағанды көмір бассейнінде 12-14 мың адам тұрған. Ұлы Октябрь революциясы жеңіске жеткеннен соң көмір кеніштері ұлттық меншікке айналдырылды. 1920 жылдың жазында Қарағандыға белгілі геолог А.А.Гапеев бастаған ғалымдар мен оқымыстылар тобы жіберілді. Бассейн ауданын және көмір қабаттарының шығуын зерттеген Гапеев көмір ауданын өндірудің перспективасы бар деп қорытынды жасаған. Азамат соғысы жылдары және ол аяқталған соң 1930 жылға дейін Қарағанды көмір бассейні (оның кеніштері мен шахталары) жабық тұрған және іс жүзінде пайдаланылмаған.
      1930 жылы көмір бассейні дамуының жаңа кезеңі басталды. Қарағанды көмір ауданының өнеркәсіптік учаскесінде Д.Н. Бурцевтің басшылығымен қарқынды геологиялық барлау жұмыстары басталады. 23 барлау-пайдалану шахталары салынып, олардың ішінен 10-ы қайтадан құрылып, пайдалануға беріледі. Темір жолдың салынуы (1937 жылы) қала халқының санын күрт ұлғайтады (1930 жылғы 15 мыңнан 1936 жылғы 102 мыңға дейін). Шахталарға жақын маңда кенттердің пайда болуымен қатар, Старая Тихоновка және Большая Михайловка кенттері дами түседі. Көмір кеніштерінен шалғай жерлерде де жаңа кенттер пайда бола бастады: ескі Майқұдық және Компанейск. Осылайша, революциядан кейінгі Қарағанды дамуының бірінші кезеңі жоспардан тыс кент құрылыстарының жылдам өсуімен сипатталады, негізінен кен бар аумақта өседі. Құрылыс қолда бар материалдармен жүргізіліп, революцияға дейінгі құрылыстан ерекшеленуі шамалы.
      Сонау 1932 жылдан бастап Қарағанды бассейніндегі еңбек ресурстарын орналастыру мәселесімен "Стандартжоба" Мәскеу жобалау ұйымы айналыса бастаған. 1936 жылы "Стандартжоба" қазіргі Жаңа қала аумағында орналасуы тиісті қаланың бас жобасын дайындады. Бас жоба бекітілгеннен кейін Қарағандықұрылыс жаңа облыс орталығында күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге кіріседі.
      Алайда, көмір бассейнінде орналастыру мәселесі жеткілікті түрде шешілген жоқ. 1936 жылы бұл мәселені жаңа "Мособлжоба" ҚЖИ ұйымы қолға алады, ол орналастыру мәселелерін мұқият зерттеп, талдау жасайды. Көмір қабаттарының орналасу сипаты, олардың қуаты, учаскенің гидрогеологиялық жағдайлары, өнеркәсіптің орналасуы және оның даму перспективалары егжей-тегжейлі зерттелді. Жұмысқа ірі ғалымдар мен мамандар тартылады. 1938 жылы "Мособлжоба" ҚЖИ (сәулетшілер Д.Кузнецов, А.Карнаухов) бас жобаны әзірлеп, ол бойынша көмір бассейні мен бүкіл облыстың әкімшілік-мәдени орталығы болатын, 1950 жылы халқы 230-240 мың адамға жететін әрі 90-95 мың тұрғын кенттерде тұруы тиіс жаңа қаланың құрылысы белгіленеді. Бұл жобаны Қарағандыкөмір тресті, Қалалық атқару комитеті, Мемжоспар, Көмір өнеркәсібі наркоматы мақұлдайды.
      Алайда, ұзақ уақыт бойы осы аумақта кен өндіру жүргізілмейді деп болжанып, кен игерілетін кеңістікті техниканың едәуір дамуы себепті ұлғайтудың нәтижесінде Жаңа қаланың көмір шөгінділерінде орналасуы жобаның елеулі кемшіліктерінің бірі болып табылды.
      Бас жоспардың іске асуы экономикалық қиыншылықтармен байланысты болып, Ұлы Отан соғысының басталған кезде тоқтатылған. Бұл кезеңде Қарағанды майдан қажеттіліктеріне жұмыс істейтін елдің аса маңызды өнеркәсіптік аудандарының біріне айналды. Қала көп мөлшерде Донбасс пен басқа жерлерден көшіп келген халықты қабылдады. Тұрғын үй проблемасы өткір сипат алды. Қажетті құрылыс базаларының болмауы Ескі қала шахта маңындағы кенттердің қайтадан дамуына және жаңаларының құрылуына әкеп соқты. Ұлы Отан соғысының аяқталуы кезінде мұнда 30-дан астам шахталар маңындағы кенттер пайда болған. Тұрғын үй қорының 90% ағаш, саман және құм құрылыстарынан тұрды.
      1947 жылы Ескі қала кенттерінде 140 мың адам, ал Жаңа қалада 35 мың тұрғын болған. Мұндай жағдайда халықты орналастырудың жүйесін түбегейлі қайта құру қажеттігі туындады.
      "Мособлжоба" орындаған Жаңа қаланың бас жоспары ол бойынша құрылысты іске асыруға болатын бірден бір құжат еді. Алайда, қала дамуының қарқыны халық санының күрт артуына байланысты артта қалып, құрылыс индустриясының нашар дамуымен тежелді. Көмір жоқ аумақтарда тұрғын үй мәселесін шешу үшін Жаңа Тихоновка, Майқұдық, Федоровка кенттері салына бастайды. 1959 жылы Қарағанды тұрғын үй құрылысы комбинаты іске қосылып, Қарағандының тұрғын үй-азаматтық құрылыс индустриалдық негізге ие болады. Қарағандының аумақтық дамуы мен жаңа бас жобаны әзірлеу проблемасы көтеріледі.
      1966 жылы Қарағанды дамуының жаңа бас жоспарын Қала құрылысы ОЖҒЗИ (сәулетшілер А.Хохлов, В.Шквариков) 650-700 мың тұрғынға есептеп әзірлейді, ол 1968 жылы бекітілді. Жаңа бас жоспардың басты идеясы - тарихи қалыптасқан аудандар: Майқұдықты, Пришахтинскіні, Жаңа қаланы және біріктіретін, темір жолдың өн бойымен оңтүстік шығысында көмір жоқ аймақтарда тұрғын үй салып, біртұтас қала салу көзделеді.
      Қазіргі уақытта тұрғын үй-азаматтық құрылыс қарқынды жүріп жатқан қаланың Оңтүстік-Шығыс ауданы Қарағандының жаңа қазіргі заманғы орталығын қалыптастыру орны болып белгіленді. Қала 6 тұрғын үй массивтерінен тұрады: Жаңа қала, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық, Пришахтинск, Федоровка және Сортировка. Оңтүстік-Шығыстан басқасы жеткілікті түрде қалыптастырылған. Әзірге Қарағанды орталығы үлкен мәдениет және демалыс бағы бар, шағын ғана Бұқпа өзенінің екі жағасында да орналасқан Жаңа қала болып табылады.
      Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық аспектілер
      Бедері
      Қарағандының аумағы географиялық тұрғыдан Қазақтың ұсақ шоқысына жататын Теңіз-Балқаш су аралығы шегінде орналасқан. Жалпы алғанда, учаске бедері ұсақ шоқылармен араласқан қыратты жазықтан тұрады. Солтүстікте аласа ұсақ шоқы басым. Басқа аумақта жазықтық, денадуционды, аккумулятивті-денудационды және аккумулятивті бедермен сипатталады. Беткі жағы 512-610 м. абсолютті белгілермен сипатталады. Оңтүстік-батыс бағытында жер беті жалпы еңістеу болып келеді. Өзендерден басқа гидрографикалық желі солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке бағытталған, шоқылар мен жыралар арасында сырғитын су тасқыны кезіндегі уақытша су ағындарымен көрінеді. Үлескінің оңтүстік бөлігінде таяз жыралар бар. Қар еріген және жазғы-күзгі жауын-шашындары кезінде жер бетінде су ағындары байқалады.
      Климат
      Қарағанды қаласы ыстық, құрғақ жаз және қатты, ұзақ қыс тән климаттық ауданында орналасқан.
      Күн радиациясының барынша көтерілуі шілде-тамызда байқалады. Жазғы уақытта қалада ыстық ауа-райы басым болады. Абсолютті максимум +40 о С-ге жеткен және тамызда бақыланған. Тәуліктік ауа райының өзгерістері көктемде наурыздың аяғында және күзде қазанда 0  о С-ке дейін төмендеу арқылы жүреді. Неғұрлым суық қаңтар айының орташа температурасы -15,1 о С. Абсолютті минимум -49  о С-ге жеткен. Көп жылдар бойғы ауаның орташа жылғы температурасы 2,3  о С құрайды. Жыл бойы желдің басым бағыты оңтүстік-батыс. Желдің орташа жылдамдығы - 5,5 м/с. 15 м/с дейінгі қатты жел жыл ішінде 50 күндей болады, әрі кеткенде ондай күндер саны 100-ге жетеді.
      Ылғалдылық режимін ауаның салыстырмалы ылғалы мен жауын-шашын мөлшері анықтайды. Жыл бойы орташа алғанда ауаның салыстырмалы ылғалы 68% құрайды. 30%-тен төмен ылғалды күндер саны - 74, ал ылғалы 80-89%-тен асуы. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 317 мм. Қарағанды қаласы ылғалы аз, табиғи шаң-тозаңы мол ауданға жатады, шаң құйыны көтерілетін күндер саны жылына 17-ге жетеді. Есептік сипаттамалар мынадай: ең суық бес күндік температурасы - 32  о С, қысқы вентиляциялық ауа температурасы - 20  о С, жылыту маусымының орташа температурасы - 7,5  о С, жылыту маусымының ұзақтығы - 212 күн. Топырақтың сууының нормативтік тереңдігі: саздақ жер үшін - 1,76 м, құмайт әрі құмды жер үшін - 2,15 м, қиыршық тасты жер үшін - 2,3 м, ірі топырақты жер үшін - 2,61 м.
      Геологиялық құрылым
      Қала аумағының геологиялық құрылымында девон, неоген қатпарлары, орта юра кезеңдерінің жыныстық шөгінділері, сондай-ақ көне аллювиальді жазықтықтың төменгі төрттік кезеңдегі шөгінділері бар. Төменгі-жоғарғы-төрттік делювиальді-пролювиальді шөгінділерде негізінен саздақ және құмайтты жерлер басым. Қабат қуаты - 0,15-1,50 м. Аллювиальді төменгі төрттік кезеңдегі шөгінділерде негізінен саздақ, ірілігі орташа құмды, аракідік құмайтты жерлер басым. Неогенді шөгінділерде арал қатпараларының топырағы төрттік жастағы қатпаралармен араласып келеді. Олар шоқыаралық ойыстарда, солтүстік-шығыста және орталық бөліктің қыраттарында орналасқан. Арал қатпарларындағы неогенді шөгінділер қабаттарының қуаты - 0,6-9,10 м құрайды. Орта юра кезеңінің жасындағы жыныстары бойынша дамыған элювиальді құралымдар солтүстік-батыс, орталық және оңтүстік аумақтарда орналасқан. Оларда балшықты топырақ, саздақ, ганитті топырақ бар. Шөгінді қуаты - 0,2-9,5 м. Төменгі-ортадевон құралымдары аумақтың солтүстік-шығыс бөлігінің төменгі шегінде орналасқан. Мұнда андезит-базальтті миндаль қиыршықты порфириттер, құмдауыттар кездеседі, ал алевролиттер мен олардың жылыстаған өнімдері сирек ұшырасады.
      Гидрогеологиялық жағдайлар
      Жер асты суларының тереңдігі 0,5-13,5 м аралықта жатып, аймақтың геоморфологиялық және геолого-литологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Жер асты сулары гидравильді байланысқа ие болып, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс және оңтүстікке бағытталған ортақ ағынды құрайды. Жыл бойы жер асты суларының деңгейі өзгеріп отырады әрі климаттық жағдайларға тікелей тәуелді болады. Қар еруінен туындаған жер асты суларының деңгейі сәуір-мамырда көтерілгені байқалады. Жер асты сулары деңгейі күзде күрт төмендеп, көктемгі күн мен түннің теңесуі (наурыз) кезінде байқалады. Зерттеулер деректері бойынша табиғи режим жағдайындағы жер асты суларының өзгеріс амплитудасы 0,8-1,0 м. құрайтыны анықталды.
      Химиялық талдау нәтижелері бойынша тұщы су мөлшері басым екені, алайда тұзды, ащы, әрі аз минералданған сулар да кездеседі.
      Жер асты суларының қорғасынға қатысты коррозиялық белсенділік дәрежесі - орташа, болатқа - әлсіз не орташа, портланд цементтегі бетонға қатысты орташа, әлсіз және күшті агрессивті.
      Физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстар
      Шөгінділік. Шөгу қасиеті алювиальді төменгі төрттік саздақ жерге тән. Алювиальді саздақтардың даму учаскелеріндегі шөгу бойынша топырақ жағдайлары I типке сәйкес келеді. Сумен қанықпаған саздақтардың қуаты жоғары болған сайын шөгу қасиеттері жоғары болуы неғұрлым ықтимал.
      Ісіну. Лабораториялық зерттеулер бойынша балшықтың ашылған қалыңдығы әлсіз не орташа ісінген деп табылған. Арал және элювиальді балшықтар ісінеді деп сипатталады.
      Топырақ коррозиясы. Қарағанды ҒЗИ институтының жүргізген талдауы бойынша топырақ коррозиясының белсенділігі қорғасынға қатысты 3,0 м. тереңдікте мынадай түрде анықталды: солтүстік учаскеде жоғары және орташа; оңтүстікте - жоғары; басқа жерде жоғары. Учаскенің бүкіл аумағында топырақтың коррозиялық агрессиясы алюминийге қатысты - жоғары. Топырақтың коррозиялық агрессиясы темірге қатысты - жоғары. Топырақтың коррозиялық агрессиясы портланд және қожырлы цементтегі бетонға қатысты әлсізден күштіге дейін.
      Пайдалы қазбалар
      Қарағанды қаласының аумағы мен оған іргелес аумақтарда тас және қоңыр көмір, сондай-ақ құрылыс материалдарының ірі кен орындары бар.
      Қарағанды көмір бассейні қазіргі қала құрылысына тікелей жақын орналасқан. Бассейн ауданы 3000 шаршы метр құрайды. Игерілу дәрежесі және геологиялық құрылымы бойынша бес көмірлі аймаққа бөлінеді: Қарағанды, Шерубайнұра, Тентек, Жоғарғы соқыр, Михайловка. Көмірдің негізгі массасы төменгі карбон жасына ие. Көмір жымдасу, кокстелу қасиетіне ие, оларды металлургияда пайдалану кезінде мұның зор маңызы бар.
      Жылу беру қасиеті бойынша тас көмір Кузбасс пен Донбасс көмірінен кем емес. Көмірдің калориялығы 7-9 мың калл, орташа күлділігі 23-27 %. Көмір құрамында күкірт пен фосфор аз. Михайловка қоңыр көмірі юра кезеңінікі. Ол жоғары калориялы (5000 калорийге дейін), салыстырмалы түрде күлі аз. Қарағанды көмір қабаттары едәуір қуатқа ие әрі біртіндеп түседі, бұл оларды өндіру кезінде механизацияны қолдануға мүмкіндік береді.
      Қазіргі уақытта Қарағанды көмірлі ауданының шегінде қолданыстағы шахта алқаптары, қолданыстағы шахталар үшін резервті шахта алқаптары, жаңа шахталар салу үшін резервті шахта алқаптары, жаңа шахталар салу үшін перспективалы учаскелер, геологиялық барлау жұмыстары үшін перспективалы учаскелер бар.
      1993 жылдың 1 қаңтарына Қарағанды көмірлі ауданы бойынша қорлар: А+В+С, санаттары бойынша - 1268064 мың т., С санаты бойынша - 715519 мың т; баланстан тыс - 751594 мың т. Шахта алқаптары мен перспективалы учаскелер шегінде жаңа құрылыс жүргізуді "Қарағандыгипрошахт" институтымен келісу қажет.
      Құрылыс материалдары
      Майқұдық құрылыс тасы кен орны ЖаңаМайқұдық тұрғын үй массивіне жақын орналасқан. Кен орны 1948 жылдан бері пайдаланылуда. 1993 жылдың 1 қаңтарына қор көлемі 17853 мың тоннаны құрады. Оған жаңа құрылыстар тым жақындағандықтан кен орнын консервациялау қажет.
      Қарағанды қаласының оңтүстік-батыс шетінде Сасыққарасу кірпіш шикізатының кен орны орналасқан.
      1993 жылдың 1 қаңтарына қорлар көлемі:
      А+В+С 1 санаты бойынша - 16158 мың м 3 ;
      С санаты бойынша - 4565 мың м 3 ;
      баланстан тыс қорлар - 1185 мың м құрады.
      Балшық пен кірпіш тұтынушылары қала мен облыс кәсіпорындары. N 2, N 3 учаскелер қазір қолданылмайды әрі резервке қалдырылды. Сасыққарасу кен орны кірпіш өндірісінің негізгі шикізат базасы болғандықтан, оның аумағында құрылыс салу орынсыз.
      Соқыр (Оңтүстік) топырақ-құм қоспасының кен орны Федоровка су қоймасының оңтүстік-шығысына қарай орналасқан. Кен орны 1979 жылдан бастап пайдаланылуда. 1993 жылғы 1 қаңтарға қор көлемі 19190 мың м 3 құрады. Топырақ-құм қоспасы тау өнімдерін жымдастыру үшін пайдаланылады.
      Соқыр (Жаңа) топырақ-құм қоспасының кен орны Соқыр (Оңтүстік) кен орнының оңтүстік-шығыстағы жалғасы болып табылады. Қорлары 9550 мың м 3 құрады.
      Қазіргі уақытта кен орны резервте. Белое Глинище кен орны Ақтас кентінен солтүстікке қарай орналасқан әрі Ақтас кен орнының жалғасы болып табылады. Балшық қоры 1993 жылғы 1 қаңтарға А+В+С 1 санаты бойынша - 2195 мың т. Оның базасында керамика цехын салу жоспарлануда.
      Құрылыс тасының Ахметбеков кен орны Жаңа Тихоновка кентінің солтүстік-батысында орналасқан. Кен орнын ҮҚК және Минавтодордың ТБК комбинаттары пайдаланды, карьер тереңдігі 20-25 м. 1993 жылғы 1 қаңтарға қор көлемі 30023 мың м құрады.
      Тас құю үшін қолданылатын диабазалық порфириттердің Қарағанды кен орны Қарағанды-Сортировочная станциясының солтүстік шығысында орналасқан. С1 санаты бойынша кен орнының қорлары 1966 жылы 369 мың 3 м мөлшерінде бекітілді. Қазіргі уақытта кен орны пайдаланылмайды, қосымша геологиялық барлау жүргізу талап етіледі.
      Тау-кен-техникалық жағдайлары
      Қарағанды көмір бассейнінің ауданы 3600 км. Батыстан шығысқа қарай бассейн шегінде 4 көмірлі аймақ бар: Қарағанды, Тентек, Шерубайнұра, Жоғарғы Соқыр.
      Қарағанды бассейнінің көмірлі карбон қабаттары 80 көмір қабаты мен қатпарлары бар, олардың ішінде қуаты 0,6 м. орта есеппен алғанда 60 көмір қабаты, қуаты 0,9 м. - 34 көмір қабаты бар. Барлық көмір қабаттарының орташа қуаты 51 м құрайды.
      Қарағанды көмір бассейнінің аумағы геологиялық тұрғыдан алғанда көмір, құрылыс материалдары және жер асты суларын барлау әрі пайдалануға байланысты жеткілікті түрде толық зерттелген.
      Негізгі көмір қабаты девонның фаменск ярусы шөгінділері мен карбон шөгінділерінен тұрады, жалпы қуаты 4000-5000 метр. Өнеркәсіптік қуаты (1-2 м) көмір қабаттары ашлярик, қарағанды, долинка, тентек карбондары қабаттарына жатады.
      Қарағандының негізгі өнеркәсіптік көмір қабатының қуаты 800 метрге жетеді. Ашлярик және долинка қабаттарында көмірдің 20 қабаты, тентекте 13 қабаты бар. Қабаттар 30 бұрышта жатыр және бүйірі бетке шықпайды. Шахталардың көпшілігінде тау-кен жұмыстары 600-700 метр, ішінара 800-900 метр тереңдікте жүргізілді. Қарағанды, Күзембаев атындағы, Костенко, Стаханов атындағы, Майқұдық, Солтүстік шахталары, Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахталар тік діңдермен, ал Кировская және Горбачев атындағы шахталар көлбеу діңдермен пайдаланылған.
      Барлық шахта сулары химиялық құрамы бойынша ауыз су ретінде қолдануға жарамсыз. Оларға тән ерекшелігі техногенді факторлар әсерінен топырақ сулары деңгейінің ұдайы көтерілуі.
      Көмір қабаттары мен олар орналасқан жыныстардағы газдар негізінен метан, азот, көмірқышқыл газы және ауыр көмірсутектерден тұрады. Жекелеген учаскелерде күкіртті сутек, сутек, инертті газдар бар. Барлық көмір қабаттары шаңданумен қауіпті. Шаңның өртенуі нәтижесінде шахталарда өрт шығады. Өндірілген көмір жер бетінде көп мөлшерде сақталған жағдайда өздігінен өртенуі мүмкін.
      Көмір қабаттарын қарқынды түрде өндіру өнеркәсіптік өндіру құрылыс салынған аумақтарда бос кеңістік қалмауына әкеп соғады. Соңғы кезде кен өндіру кеңістікті гидравликалық тығынмен қысып өндіру арқылы жүруде. Бұл ретте, жыныстар қабаттары қысыммен сығымдалады, онда соңғы мульд шөгінділері құралып, шахта сулары жер асты суларымен араласып, жер бетіне көтеріледі. Бұл аумақтардың батпаққа айналып, су басуына әрі жер асты суларының ластануына әкеп соғады. Өндірілген кеңістік көлемі ұлғайғаннан кейін беткі қабатының отыру тереңдігі ұлғаяды. Өндіру қабатының ұзақтығы (ені) 1,7Н болған кезде толық отыру жүреді, мұнда Н - тау-кен жұмыстарын жүргізудің орташа тереңдігі.
      "Қарағандыгипрошахт" институты "Қарағанды қаласы астындағы көмір қорларын шығарудың негізгі ережелерін" әзірледі. Бұл жұмыста шахта алқаптарының өндірілген кеңістіктері толық түгенделіп, 2010 жылға арналған беткі қабаттардың шөгуінің изосызықтары берілген. Қазіргі уақытта тау-кен жұмыстарының жайы-күйі мен болашақтағы олардың даму перспективасы қаланың дамуын анықтаудағы шешуші фактор болып табылады. Өнеркәсіптік учаскелерде жер бөлу үшін алаңдар таңдау әлі жүргізілетіндіктен, жобада оларға тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыс салу көзделмеген, бұлар - Ескі қала мен Үлкен Михайловка аудандары. Бұл аумақтар қайта өңдеуге жатады, ал кейін парк аймағы, бақтар, бау-бақша ретінде пайдаланылуы мүмкін.
      Жаңа қаланың көп қабатты үйлерінің маңында көмір өндірілген жағдайда өндірілген кеңістікті тығындайтын өндірудің жаңа технологияларын пайдалану ұсынылады. Жер асты суларын ластанудан сақтау үшін осы жобада шахта суларын жер асты кеңістігіне USBF технологиясы бойынша айдау алдында биологиялық тазалауды қолдану ұсынылады.
       Әлеуметтік-экономикалық аспектілер
      Халық саны өсуінің болжамы
      Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне аяқ басты. 2001 жылдан бастап салыстырмалы түрде халық санының ұдайы өсуі осымен байланысты. Мысалы, 2006 жылы Қарағанды қаласы халқының саны 7300 адамға көбейген, оның ішінде табиғи халық өсімі 1264 адамды құрады.
      Еңбек нарығының болжамды индикаторларына сәйкес қала халқының саны:
      - бірінші кезекте (2010 жыл) - 484,0 мың адам;
      - есепті мерзімде (2015 жыл) - 544,0 мың адам;
      - есепті мерзімнен кейін - 640-700 мың адам құрайды.
      Осы болжам халық саны өсімінің тұжырымдамалық кестесіне, сондай-ақ, 2007-2024 жылдары Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің (2006 жылғы 14 қарашада қабылданған) мемлекеттік тұжырымдамасында келтірілген орта республикалық халық өсімінің болжамына сәйкес келеді.
      Қарағанды қаласының бас жоспарында мыналар көзделеді:
      тұрғындардың тығыздығын бір мезгілде төмендете отырып, орташа алғанда тұрғын үй қорын 2015 жылы бір адамға шаққанда 20,6 м дейін қамтылуға жеткізу арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту: 2005 жылы - 76,9 адам/га, 2010 жылы - 67,4 адам/га (тұрғын үй ауданының ұлғаюына байланысты қоныстану аймақтарында халықтың тығыздығы төмендейді); және қала шегінде халықтың тығыздығы ұлғаяды: 2005 жылы - 8,2 адам/га, 2010 жыл - 9,8 адам/га, 2015 жыл - 11,7 адам/га (қала ауданының өзгермеген кезінде 2005 жылмен салыстырғанда жергілікті халық санының 98 мың адамға көбеюіне байланысты);
      күрделі және жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін жөндеуді, оның ішінде, оның техникалық жай-күйін, моральдік тозуы дәрежесін және тарихи-мәдени құндылығын ескере отырып, ескі тұрғын үй қорын қайта жаңартуды жүргізу;
      қоғамдық құрылыс пен көгалдандыру құрылысының қарқыны тұрғын үй құрылысының қарқынынан 20-25 % озып отыратын қарқынмен қаланы мәдени-тұрмыстық жүйесінің деңгейін барлық қызмет көрсету түрлерінің нормативтерімен қамтамасыз ету деңгейіне дейін жеткізе отырып дамыту;
      өнеркәсіптік орындардан барынша алшақтата отырып, аумақтарда экологиялық жағдайы неғұрлым қолайлы жаңа тұрғын үйлер салуды жүзеге асыру;
      экологиялық жағдайды жақсартуда септігін тигізетін табиғи ландшафт аймақтары мен көгалдандыру жуйесі табиғи түрде қамтылған перспективалы жоспарлау құрылымын қалыптастыру, тұрғын үй аудандарында жасыл желек ауданы аумақтың кемінде 50-60 % алады немесе бір адамға 25 м кем болмайды;
      емдеу-сауықтыру және рекреациялық мекемелер желісін кеңейту және оларды қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайлары бар аумақтарда орналастыру.
      Қоғамдық және әкімшілік-іскерлік облыс орталығы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде (45га) Спасск тас жолы мен 7-ші магистраль арасында орналастырылады. Мұнда ірі бизнес орталығы, Диалог және қоғамдық келісім облыстық орталығы салынады.
      Орталық коммуналдық аймақта технопарк, ғылыми және эксперименттік-технологиялық орталықтар, көрме кешендерінің құрылысын салу көзделеді (54 га). Бұрынғы аумақтарынан денсаулық сақтау мекемелері көшірілетіні ескеріле отырып, орталық көп бейінді емдеу-сауықтыру кешені (52 га) салынады.
      Бас жоспарда 640-700 мың адам халық саны есебімен есепті мерзімнен кейін тұрғын үйлер салу үшін резервтік алаңдар қарастырылған.
      Денсаулық сақтау
      Қалада 47 медициналық мекеме жұмыс істеуде, олардың ішінде 37 - емдеу-профилактикалық мекеме, оның ішінде: 20 аурухана мекемесі, 12 амбулаториялық-емхана ұйымдары, 3 санаторий, 2 балалар үйі.
      Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті мемлекеттік меншіктегі - 12, жеке меншіктегі 2 ұйым көрсетеді.
      Қарағанды қаласында орналасқан медициналық мекемелерде барлығы 2337 дәрігер (оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметте - 427), 3940 адам - орта медперсонал (оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметте - 363) жұмыс істейді.
      Мыналар көзделеді:
      халыққа аурудың алдын алу қызметтерін көрсетуді ұлғайту және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
      әлеуметтік жағдайы нашар адамдарды тегін медициналық препараттармен қамтамасыз ету;
      ақылы медицинаны дамыту;
      медициналық көмектің көлемі мен түрлерін оңтайландыру;
      амбулаторлық-емханалық медициналық көмекті дамыту;
      медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
      стационарлық емдеуді қарқынды ету мақсатында денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
      Таяу кезеңде "Көгілдір тоғандар", "Гүлдер" шағын аудандарында 2 емхана құрылысын аяқтау, 2 облыстық аурухана (балалар және ересектерге арналған), облыстық қан құю орталығын және Қарағанды медициналық академиясының оқу-әдістемелік орталығын салу көзделген. Сонымен бірге, 2004 жылы қабылданған "Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді басым дамыту көзделген. Стационарларда емдеу төсектер санын көбейтусіз, палаталардағы науқастардың санын азайту, медициналық қызмет сапасын жақсарту арқылы жүргізіледі.
      Білім беру
      Қазіргі уақытта (2007 жылдың 1 қаңтарына) қалада 43 балабақшадан (оның ішінде 10 жеке меншік нысанында) және 2 кешеннен тұратын мектепке дейінгі ұйымдар желісі бар. Оларда 9310 бала тәрбиеленеді. 
      Жалпы білім беретін 80 мектеп жұмыс істеуде, оларда 57853 оқушы оқуда. Қазақ тілінде оқытатын 9 мектеп, екі тілде оқытатын 29 мектеп, 10 гимназия, 4 лицей, 6 кешкі мектеп, 4 шағын жабдықталған мектеп, 8 қосымша білім беру мекемелері, бір мектеп-интернат жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Қарағанды қаласында 250 орындық зағип балаларға арналған мектеп-интернат құрылысы" республикалық жобасы іске асырылуда.
      Қала мектептерінде 4788 мұғалім жұмыс істейді, олардың 4298-інде жоғары білім бар.
      Білім беру мекемелерінде балаларды оқумен қамту нормасы: 6 жасқа дейінгі балалар - 75%, 7-15 жас аралығындағы балалар - 100%, 16-17 жастағы балалар - 40%.

2010 жылға дейінгі балалардың болжамды саны кестеде келтірілген:

Көрсеткіштер

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

6 жасқа дейінгі балалар

41 678

42 770

44 044

7-15 жас аралығындағы балалар

61 830

63 450

65 340

16-17 жастағы балалар

18 320

18 800

19 360

      9 жоғары оқу орны жұмыс істейді, олардың 6-ы жеке меншік нысанында. Студенттер саны 51,0 мың адам құрайды, оның ішінде мемлекеттік жоғары оқу орындарында 31,7 мың адам оқиды.
      12 жылдық білім беру жүйесіне көшу ескеріле отырып, қаладағы мектепке дейінгі, жалпы орта, бастауыш және орта кәсіби білім беретін мекемелердегі орын қажеттілігінің есебі осы бас жоспарға қоса берілген қосымшада көрсетілген.
      Мыналар көзделеді:
      барлық оқу бағдарламаларын еңбек ресурстары және білім беру қызметі нарығының маркетингі мен мониторингі нәтижелері негізінде құру;
      оқыту барысында бәсекеге қабілетті біліктер, машықтар және қабілеттер қалыптастыруға баса назар аудару;
      эксперименттік-технологиялық зерттеулердің бүкіл кешенін орындау үшін ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдермен, жаңа буындағы жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;
      білім беру мазмұны мен әдістерінің, оқу-педагогикалық, ұйымдастырушылық-басқару және инженерлік технологиялық инновациялардың (биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, көмірсутегі және тау-кен өнеркәсібіне арналған технологиялар және т.б.) озыңқы жаңартылуының басымдығын айқындау;
      гуманитарлық пәндер саласы да ғылыми зерттеулердің басым бағытына айналуы тиіс;
      әлемдегі жетекші университеттер және ғылыми орталықтармен халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды кеңейтуді, оқытушылар мен оқушылардың академиялық және кәсіби ұтқырлығын арттыруды көтермелеу.
      Халықтың әл-ауқатын арттыру
      Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында экономиканың тұрақты дамуы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды жалғастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.
      2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап баланың туылуына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері екі есе өсіп, 34740 теңгені құрайды. Баланы бір жасқа дейін күтуге арналған ай сайынғы жәрдемақының мөлшері арттырылады. 2010 жылы балалар жәрдемақысы 2800 теңге құрайтын болады.
      Орташа айлық жалақы 2010 жылы 48586 теңгеге дейін артады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңын, Мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламаларын орындау шеңберінде және мүгедектерді әлеуметтік оңалтуда көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтудің нәтижесінде 2010 жылы республикалық бюджет қаражатынан - 101,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттер қаражатынан - 293,7 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.
      Қала дамуының экономикалық алғы шарттары
      Қаланың дамуының ұйымдастырушылық-экономикалық пәрменді алғышарттарының бірі - Қарағанды және Қарағанды облысы маманданған қызметтер салаларында өңірлік кластерлерді құру болып табылады. Олар тек қана қала, облыс шекараларын ғана емес, көрші облыстарды да қамтиды. Мынадай: "Металлургия және металл өңдеу", "Фармацевтика", "Құрылыс материалдары", "Ғылым және білім" кластерлерінің келешегі бар деп есептеледі.
      Бизнестің инновациялық-экономикалық белсенділігі бизнес орталықтары, технопарктер, ғылыми институттар, ЖОО-лардың жаңа технологияларды игеруі мен сапаның халықаралық стандарттарына көшуі, жаңа өткізу нарығына шығулары арқылы күшейтілетін болады.
      Өңдеуші сала кәсіпорындарын қайта жаңарту, оларды кеңейту мен жеделдете жаңғырту, экспортқа бағдарланған түпкілікті тұтынушылық тауарлар өндіруге бағдарланған жаңа өндірістер (Силициум Қазақстан компаниясы және басқалары) құру қаланың индустриялық-инновациялық саясатының басты нысанасы болып табылады.
      Ғылыми-зерттеу және жобалау институттары ("Черметавтоматика", Фитохимия институты, Химия-металлургия институты және т.б.) қаланың жетекші ЖОО-лары (ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚЭУ, Медициналық академия және басқалары) "М.Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты", "N№1 машина жасау зауыты", "Қарағанды қаласы машина жасау зауыты", "Қарағандынеруд", Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты, Қарағанды металл бұйымдары зауыты, "Имсталькон" және т.б. құрылыс, машина жасау, металлургиялық кәсіпорындар экономикалық өсудің негізгі орталықтары мен "түпқазығы" болып табылады деп көзделуде. Сонымен бірге, өңірлік инновациялық қор, көліктік-логистикалық орталықтар, өңіраралық тұтыну нарықтарын құру көзделуде.
      2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мыналар көзделеді:
      өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі - 129766,4 млн. теңге, бұл 148,9 % құрайды;
      өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің өндірісін - 165,3%;
      электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу көлемін - 124,3 %;
      шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың санын - 49948 адамға дейін, 115,8 %;
      шағын кәсіпкерлік субъектілері өндіретін өнім көлемін - 126%;
      Қарағанды қаласы ауылшаруашылық жалпы өнімінің көлемін - 6,4% (негізінен өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдері есебінен) 1435,5 млн. теңгені құрайды;
      өсімдік өсіру жалпы өнімінің көлемін - 6,9%; бұл 1174,7 млн. теңгені құрайды;
      мал шаруашылығы өнімдері - 4,0%, бұл 260,8 млн. теңге.
      Қала бюджетінің кірістері (трансферттерсіз) 2010 жылы 15 676 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр. Коммуналдық меншікке алынған және қала тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қаржыландыру қажеттілігі 2010 жылы толық көлемде 26 648 млн. теңге көлемін құрайды.
      Қарағанды қаласы бюджетінің жоспарланған көлемі мен болжамды шығыстары арасындағы айырманы жабуға 2010 жылы көлеміндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға 10 003 млн. теңге, көлеміндегі бюджеттік субвенцияларға 491 млн. теңге, кредиттерге 478 млн. теңге сомаларында нысаналы трансферттер алу қажет.
      Барлық деңгейдегі бюджеттер, халықаралық гранттар қаражаттары, банктер берген несиелер, гранттар жаңа құрылыс салуды және қала тіршілігін қамтамасыз етуді қаржыландырудың негізгі көздері болып табылады. Екіншіден, өңірлік маңызы бар жобаларға конкурс негізінде жеке капиталдық салымдар мен демеушілер қаржылары белсенді түрде тартылады. Үшіншіден, белгіленген салықтық төлемдерге қосымша бюджетті толықтырудың тұрақты көзін құруға мүмкіндік беретін ренталық төлемдер тетігін енгізу көзделеді.
      Қазіргі кездегі қала аумағының нақты құны кейбір есептеулер бойынша ықтимал құнының 3-20% құрайды. Егер қаланың өсу стратегиясын, азаматтар әл-ауқатының артуын, халық санының, тұтыну сұранысының артуын негізге алсақ, аумақ ұдайы өсіп отырады. Жер рентасы енгізілген кезде қала бірнеше жылдан кейін біржолғы жер сатудан түскен сомадан асып түсетін кіріс алады, ал ол бұл бюджетті толықтырудың тұрақты көзіне айналады. Есептеулерге сәйкес, ренталық төлемдер тетігін енгізудің ақталу мерзімі 4 жыл құрайды. Одан әрі қала бюджеті жыл сайын 378 млн. теңге құрайтын ренталық төлем алып отырады. Аумақтың әлде бір учаскелерінің салыстырмалы құны тұтынушылық нарықтың конъюнктурасына сәйкес өзгеріп отырады. Ал, мұның өзі қалаға ренталық кірісті барынша ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Халық және еңбек нарығы
      Қаланың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты оның халқының санына тікелей тәуелді болып келеді. Сондықтан жергілікті билік органдары демографиялық жағдайды жақсартудың кешенді бағдарламасын әзірлейді, оған сәйкес бала туу санын көбейту, аурулар мен өлімді азайту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған саясат жүргізіледі.
      2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1394 аз қамтамасыз етілген отбасы немесе 4961 адам есепте тұрған, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,3 есе аз. 2015 жылға қарай аз қамтамасыз етілгендердің саны 3 мың адамнан аспайтын болады.
      2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша экономикалық белсенді халық саны 225,6 мың адам құрады (2005 жыл - 222,5 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны 201,8 мың адам құрады (2005 жыл - 197,7 мың адам).
      2007 жылғы 1 қаңтардағы жылғы жағдай бойынша 790 жұмыссыз адам тіркелсе, оның 430-ы әйел (54,4 %), 209 адам - 29 жасқа дейінгі жастар (26,5 %). Жұмыссыздықтың ресми деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,3 % (2005жыл - 0,7 %) құрады.
      Таяу жылдары коммерция саласында жұмыспен қамтылған халықтың құрылыс, өндіріс, шағын және орташа бизнес саласына ауысуы жалғасады. Еңбектің ішкі нарығын қорғау жөніндегі жұмысы өз жалғасын табады.
      Тұрғын үй кластері мен мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін дамыту
      Қалада 2484 көп қабатты үй бар, олардың 1458-і - Қазыбек би ауданында, 1025-і - Октябрь ауданында орналасқан.
      Қала аумағының 550 га алып отырған тұрғын үй қорының едәуір бөлігі түгесілген аумақтарда орналасқан. Үйлердің 70%-тен астамы 40 жылдан астам пайдаланылған. Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Қарағанды қаласы бойынша бірінші кезекте 949,5 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделеді, атап айтқанда:
      жалпы сомасы 956,0 млн. теңге құрайтын ипотекалық несиеге берілетін екі үй, жалға берілетін жалпы сомасы 913,80 млн. теңге құрайтын үш тұрғын үй салу;
      азаматтарды авариялық жағдайдағы үйлерден көшіру үшін жалпы сомасы 2156,0 млн. теңге құрайтын үш коммуналдық үй салу;
      жалпы сомасы 848,2 млн. теңге құрайтын денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған екі үй салу.
      көп қабатты және жеке үй салудың жеке тұрғын үй құрылысының басқа түрлері.
      Қалада қайта құру кезінен жөнделмеген 724 аула бар, олардың сыртқы әлпеті қазіргі заманғы талаптар мен санитарлық нормаларға жауап бере алмайды. Осы секторға инвестициялар тарту мақсатында "Менің аулам" бағдарламасы әзірленген.
      Тұрғын үй қорының ауданын едәуір арттыру көзделген - есепті жылда ол 2282,3 мың м арттырылып, 11206,4 мың м жетеді. Қала тұрғындарының үй типін таңдау мүмкіндігі едәуір кеңейеді. Жеке тұрғын үй салу көтермеленеді, жалға берілетін үй құрылыстары ұлғайтылады. 2010 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үй өсімі 2007 жылмен салыстырғанда 642,5 мың шаршы м., 2015 жылы - 1700 мың шаршы м. құрайды.
      Ішкі инфрақұрылымы дамытылған, жер асты гараждары, автосервисі, клубтық араласуға арналған резервациялары және тағы басқалары бар қазіргі заманғы үйлер салынатын болады.
      Аумақты жобалық сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру
      Перспективалық жоспарлау құрылымы қолданыстағы бас жоспардың негізгі ұсыныстарын сақтайды.
      Қаланың орналастырудың аумақтық ерекшеліктеріне (көмір кен орындарына жақындығы) және оның жекелеген тұрғын үй аудандарының алшақтығына орай (Жаңа қала, Оңтүстік Шығыс, Михайловка, Пришахтинск, Майқұдық және Сортировка) қаланың тұжырымдамасы тұрғын үй аудандары өзін өзі ұйымдастыратын және өзін өзі басқаратын жүйелер ретінде қарастырылатын көп орталықты ұйымдар ретінде көзделеді. Аудандар бір-бірімен жасыл желек, мәдени-бос уақыт өткізу және спорттық-сауықтыру аймақтары арқылы ажыратылады, бір-бірімен жылдам көлік магистральдары арқылы байланыстырылады.
      Қаланы басқарудың әкімшілік орталықтары және іскерлік белсендіктің негізгі орталықтары Оңтүстік-Шығыс ауданына көшіріледі.
      Жоспарлауға қатысты қала аумағын ұйымдастырудың тікелей бұрышты-диагональді құрылымы қабылданған. Негізгі көлік магистральдарын басымдықпен мамандандыру көзделген: Бұқар жырау даңғылы - сауда, Гоголь көшесі - іскери, 7-ші магистраль - облыстық маңызы бар объектілер.
      Азаматтық бастама мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту және әртүрлі қызмет салалары субъектілері арасында әріптестік қатынастардан келісу әрі орнату сияқты тұжырымдамалық идеяларды іске асыру мақсатында қаланың әртүрлі аудандарында Диалог және қоғамдық келісім орталықтарын ашу көзделуде. Бұл орталықтарда ғалымдардың, талдаушылардың және консультанттардың тиісті көмегімен субъектілердің белгілі бір өңірлік маңызы бар жобалар шеңберінде өзара іс-қимыл жасауының келісушілік, талдамалық процестері жүреді, қабылданатын шешімдердің салдарларының модельдері жасалатын болады. Осы бір қала салу және функционалдық-технологиялық идеясымен Қарағанды басқа қалалардан ерекшеленетін болады.
      Қаланы аумақтық дамыту шығыс бағытында дамымақ. Тұрғын үй құрылысының басым бөлігін Оңтүстік-Шығыс, Майқұдықтың оңтүстік бөлігінде, Қарағандының Оңтүстік-батыс бөлігіндегі (Федоровка және перспективті Оңтүстік ауданы) алаңдарда салу көзделеді. Сонымен қатар, Пришахтинск мен оның шығыс бөлігінен тұрғын үйлер салу көзделген. Жалпы алғанда қала бойынша аралас қабатты үйлер салынады. Жаңа қаладағы халықтың тығыздығын азайту көзделуде.
      Құрылыстың бірінші кезегі Пришахтинскінің шығыс бөлігін, Майқұдықтың оңтүстік бөлігін, ескі әуежайдың ауданын, Федоровка су қоймасының солтүстік бөлігін қамтиды.
      Қаланың индустриалды аймақтарын солтүстік-шығыс бағытта дамыту жоспарлануда. Майқұдықтың шығыс бөлігі, Майқұдық пен Пришахтинск арасы (Ескі Майқұдық), Пришахтинскінің оңтүстік бөлігінде өнеркәсіптік құрылыс салуға алаңдар бөлінген. Қаланың шегінен тыс және оған іргелес жерлерде орналасқан өнеркәсіптік аумақтар қала шегіне қосылған (103 га), Үштөбе, Трудовое кенттері келешекте Оңтүстік-Шығыс жоспарлы ауданына қосылады, өйткені олар жобаланған тұрғын үй массивтеріне кірігеді. Қолайсыз экологиялық жағдайларға байланысты Майқұдықтағы тас карьері ауданы тұрғын үй құрылысынан өнеркәсіптік-коммуналдық нысанаға ауыстырылмақ. Бұл өнеркәсіптік аймақ аумағын қосымша 550 га ұлғайтады. Тұрғын үй құрылыстары "Шахтерский" шағын ауданынан оңтүстіктікке қарай   неғұрлым экологиялық қолайлы ортаға көшірілген.
      Қала шегінен тыс ұжымдық бақшалар мен инженерлік құрылыстар есебінен қала пайдаланатын жер көлемі ұлғайтылады, бұл сан - 8702 гектарға жетеді.
      Қала аумағын ландшафтық қайта құрудың негізгі үрдісі Шахтерский шағын ауданы мен Күнгей арасындағы жасыл желегі аз және жайластырылмаған аумақтарды қайта жаңарту әрі кешенді жайластыру және айналма магистральдар бойында көгалдандыру есебінен қаланың жасыл белдеуін қалыптастыру арқылы аумақтардың табиғи және көгалдандырылған бөліктерін теңдестіре ұлғайту болып табылады. Майқұдық - Оңтүстік-Шығыс - Федоровка-Михайловка жылдам магистралі Көгілдір тоғандар және Федоровка су қоймасын негізге алу арқылы жасалады.
      Көгалдандыру
      Қалада 7 бақ, 28 саябақ пен Бульварлар бар.
      Қазіргі жағдайда 453 мың адамға 5805 га, оның ішінде 450 га жалпы қалалық көгалдандыру үлесі келеді. Әр тұрғынға ортақ пайдаланылатын 6,4 м жасыл желектен келеді, бұл нормативті ұсынымдардың 40% құрайды.
      Шахта атжалдарында жүргізілген зерттеулерге сәйкес микробиологиялық рекультивация әдісін қолдану жерлерді қалпына келтіру мерзімін қысқартуға, сондай-ақ тау-кен жұмыстарының қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті.
      Жобамен болашақта шахталардың топтық жазық жыныстық атжалдарын көгалдандыруды осы тәсілмен жүргізу көзделіп отыр: Майқұдық - 56,1 га, Костенко атындағы - 9,5 га, Кировская - 14,3 га, Горбачев атындағы - 89,4 га, Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы - 38,6 га; барлығы жалпы ауданы - 207,9 га.
      Бүлінген жерлерді түгендеу деректері бойынша Қарағанды қаласында опырылған жерлердің ауданы - 247,5 га құрайды. Опырылған жерлер аумақтарын жасыл желектермен көмкеру шамамен 74 га құрайды (опырылған жерлердің жалпы ауданының 30 % есебінен).
      Осы түгесілген аумақтарды ішінара қайта өңдеу осы аумақтарды орман бағына пайдалануға қалаға мүмкіндік береді. Аумақтың 2580 га қайта өңдеу жоспарлануда.
      Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, қала халқының жасыл желектерге мұқтаждарын қамтамасыз ету әрі экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2010 жылы 484 мың адам халық санымен 1132 га алаңды қалада көгалдандыру және әртүрлі мақсаттағы 11300 га орман екпелерін отырғызу, 2015 жылға қарай 544 мың адам халық санымен 1360 га қалада және 13750 га орман екпелерін отырғызу көзделген.
      Орман егу материалдарын өсіру кезінде жабық түбірлі жүйенің және топырақты микоризациялаудың прогрессивті технологияларын қолдану, сондай-ақ контейнерлік көгалдандыру ұсынылады.
      Көгалдандыру жүйесінде басты орынды Федоровка су қоймасының (оңтүстік шығыс жоспарлы ауданы) ауданында, Көгілдір тоғандар (шығыс жоспарлы ауданы) ауданында, Бақ көлі (БЖЖО ОК 30 жылдығы атындағы парк - Жаңа қала жоспарлы ауданы) ауданындағы бақ аймақтары алатындықтан, қазіргі және болашақта аталған аудандарда құрылатын рекреациялық-бақ аймақтарының жобаларын егжей-тегжейлі пысықтау қажет. Рекреациялық-бақ аймақтарын дамыту жоспарларын егжей-тегжейлі әзірлеу барысында бірінші кезеңде жобаланатын аумақтардағы орман егу жағдайларымен анықтау қажет, тек содан кейін ғана ландшафтық дизайн мен декорға сәйкес келетін биологиялық орнықты типтік құрамды таңдау қажет.
       Көлік инфрақұрылымын дамыту
      2015 жылға қарай қоғамдық жолаушы көлігін ұзақтығы 4190,4 км-ге жетеді, бұл бастапқы жылдағыдан 1594 км-ге артық. Жаңа магистралды көшелер мен жолдардың ұзақтығы 260 км құрайды. Көше-жол торабының орташа тығыздығы - 0,08 км/км 2 , халық қозғалысы 1,03 құрайды.
      Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту үшін көше-жол торабы желісінің тығыздығы мен қалалық магистральдардың ұзақтығын ұлғайту көзделген. Жол айырықтарын, эстакадалар, көшеден тыс жүргіншілер өткелдерін салу көзделуде. Қазіргі заманғы қозғалысты реттеу мен бақылаудың ақпараттық жүйелері, қозғалыс режимі шектелген аймақтар, машиналарды сақтаумен қою және автосервис аймақтары құрылады. Көлік ағындарынан оқшауландырылған жүргіншілер аймақтарының, көшелердің, алаңдардың тарамдалған желілері жоспарланады.
      Көшелер мен жолдардың бір деңгейдегі қиылыс геометриясы жетілдіріледі, жергілікті жол жүру бөліктері жасалады, қиылыстар мен өткінші жол аумақтары кеңейтіледі. Бұл салыстырмалы түрде аздаған шығындармен көше-жол торабының желісіндегі жекелеген учаскелердің өткізу қабілетін 10-15 % арттыруға мүмкіндік береді.
      Бас жоспар бойынша қаланың болашақ шекарасы шегінде сыртқы жылдам айналмалы жол салу да жоспарланған. Қаланың қоныстандырылатын құрылыстарынан тыс сыртқы бөлігінен өтетін үлкен сыртқы айналма жолы транзиттік жүк көліктері жүруге арналған.
      Қарағанды темір жол торабын түбегейлі жаңғырту, оны халықаралық темір жол байланысы жүйесіне кіріктіру көзделген.
      2015 жылға қарай электрлендірілген темір жол ұзақтығы 422,4 км құрайды. Сыртқы темір жол торабының өткізу және тасымалдау қабілеттігін арттыру үшін Восток шағын ауданында жаңа вокзал кешенін (темір жол вокзалы мен автостанциясын) салу, темір жолдар мен станцияларды қайта жаңарту көзделген. Қарағанды-Жолаушы станциясындағы вокзал ғимараты 500 жолаушыға арналған, болашақта - 1300-1500 жолаушылық орын қажет болады.
      Қарағанды қаласы мен облысының әуе тасымалына "Сары-Арқа" Қарағанды әуежайы қызмет көрсетуде, ол қаладан 18 км қашықтықта орналасқан. Әуежай - 2Б сыныбында, әуеайлақ - 2 сыныпты асфальты-бетонды ұшу-қону алаңы бар. Жолаушыларға қызмет көрсететін аэровокзал 1300 адамға есептелген. Инвестор ұшу-қону алаңын, әуежайды қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді, бұл "Боингтерді" қоса алғанда барлық типті ұшақтар мен тікұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
      "Сары-Арқа" әуежайы үшін Еуропа, Жапония, Қытай, Оңтүстік-шығыс Азия және Таяу Шығыс шетелдік әуе компанияларының ірі тоннажды әуе жүктерінің транзиттеріне қызмет көрсету перспективалы болып отыр.
      Инженерлік инфрақұрылымның дамуы
      Сумен қамтамасыз ету
      Сумен қамтамасыз ету жүйесі (СҚЖ) жобалық өнімділігі тәулігіне 650 мың м су тазарту құрылыстары мен 1032 км-ге созылған 94 сорғы станциясы бар су құбыры желісінен құралған. Сумен қамтамасыз ету іс жүзінде тәулігіне 237,5 мың м 3 -нен аспайды, оны нақты қуаты бойынша пайдалану деңгейі 36,5 % - құрайды. Негізгі құрылыстары күрделі жөндеуді талап етсе, сорғы паркін ауыстыру қажет.
      Сәтпаев атындағы канал сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады. Оның жылдық су жинау көлемі 30,0 млн. м құрайды. Сонымен қатар, 7,8 млн. м 3 жер асты су көздері бар. Орталық суық сумен қамтамасыз етумен Қарағанды қаласы 84 %-ға қамтылса, тұтынушылардың 16 %-ы жерасты су көздерінен қамтамасыз етіледі.
      Қарағанды қаласының сумен қамту жүйесі қанағаттанғысыз күйде. Су тораптарының авариялығы орташа алғанда, республикалық орташа көрсеткіштен 2,5-3 есе артық. Су тораптарының тозуы 78 % құрайды.
      Сумен қамтудың айналымдық сұлбасы бұзылған. Бес магистральдік су құбырының үшеуі ғана жұмыс істейді.
      2005 жылы сумен қамтамасыз ету жүйесінде 10,9 млн. м су ысырап болған. Алайда, соңғы бес жыл ішінде суды тұтынудың азаю үрдісі ұдайы байқалуда. Есептеудің жеке құралдары белсенді орнатылуда. Қаланы үздіксіз түрде сумен қамтамасыз ету үшін жаңа құрылыс тораптарын есепке ала отырып, техника-экономикалық дәйектеме және сумен қамту сұлбасы әзірленген.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы "Түрлі санаттағы оқиғалар жөніндегі ақпаратты бір байланыс арнасы бойынша қабылдаудың біріктірілген қызметін құру туралы" N 3358 Жарлығын орындау үшін Қарағанды қаласының әкімшілігі жанында "Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет-110" құрылады. Ол қаланың бүкіл кезекшілік-диспетчерлік авариялық қызметтерін біріктіріп, мұқтаждардың барлығына білікті жәрдем жасауға қабілетті болады.
      Сумен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту мақсатында мыналар көзделеді:
      СҚЖ мен N 1, N 2 және N 3 сорғы станцияларын қайта құру әрі ішінара жаңғырту;
      жаңа су ағызғыларын құрып, қазіргілерін, резервтік магистральдік су ағызғыларын жөндеу (N 3, N 4 су ағызғылары үшін);
      тәулігіне 50,0 мың м өндіретін шлам жинақтаушылардан құрылған сорғы станциясы мен биік құрылыстардың жобаланған аудандарында "жоғарылатушы" сорғы станцияларын құру;
      неғұрлым тозған магистральді және ішкі кварталдық тораптарды жөндеу, N 5 су ағызғысының екінші желісін құру;
      электр тарту желілерін күрделі жөндеу, жаңа электр таратушы құрылғылар құру;
      ЖЭО-4-ті сумен қамтамасыз ететін әрқайсысы шамамен 18,5 км-ге созылған екі желілі магистральді су ағызғысын құру.
      Биік ғимараттар үшін жеке тұрған ғимараттарда, сондай-ақ жинақы орналасқан биік ғимараттар немесе тұтас шағын аудандарға арналған сорғы станцияларына қысымды арттыратын қондырғылар орнату көзделеді.
      Кәріз жүйесін жақсарту мақсатында мыналар көзделеді:
      Барлық магистральді қысым коллекторларын қайта жаңартуды жүргізу, тозған ішкі кварталдық желілерді ауыстыру;
      кәріз тазалау құрылыстарын күрделі жөндеу және USBF биологиялық тазалаушы технологияларын қолданып жаңа түрлерін құру, бұл судың тазалануының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, (90-98%-ке дейін), тазалау құрылыстарының өнімділігін 40%-ға дейін арттырады және суды қайтадан пайдалану мүмкіндігін арттырады;
      электр сорғылық агрегаттар мен тежеуіш-реттеуші арматураны ауыстыру;
      электр тарту желілерін күрделі жөндеуді жүргізу, электр таратушы құрылғылардың қазіргілерін жөндеу және жаңаларын құру;
      құрылыстың жаңа аудандарында кәріз және қысым коллекторларын, сорғы станцияларын, магистралдық және ішкі кварталдық желілерді құру;
      Қашыртқы және нөсерлік кәріз жүйесін жақсарту мақсатында мыналар көзделеді:
      жергілікті қашыртқы және нөсерлік жүйе құру;
      тазартылған суды қайтадан пайдаланумен қоса USBF биологиялық тазалаушы технологияларын қолданып модульдық тазалау құрылыстарын;
      қашыртқы және нөсерлік сорғы станцияларын;
      тиісті кіші станциялар мен таратқыш құрылғыларды құру ұсынылады.
      Жылумен қамтамасыз ету
      Қарағанды қаласын жылумен қамтамасыз ету:
      жалпы белгіленген қуаты сағатына 1505 Гкал ЖЭО-1 және ЖЭО-3 екі жылу электростанцияларымен қамтамасыз етіледі, олардың нақты өндіретіні 977 Гкал/сағ;
      орташа және шағын бу қазандықтары (176 дана), қуаты - 400 Гкал/сағ;
      420 Гкал/сағ. өндіретін 264 жеке жылу жүйелері арқылы жүзеге асады.
      Жылу жүйелерінің жалпы қуаты сағатына 1397 Гкал. Жылу тораптарының ұзақтығы - 869 км., оның ішінде магистралдық - 218,3 км, ішкі кварталдық - 650,7 км.
      Барлық жылу электр станциялары жеке меншікте.
      ЖЭО-1 және ЖЭО-3 2300 көпқабатты тұрғын үйді, әлеуметтік-мәдени тұрмыстық 125 объектісін жылумен қамтамасыз етіп отыр, қалғандары АЖЖ және пештік жылумен қамтамасыз етілген.
      2012 жылы ЖЭО-4-тің бірінші кезегі іске қосылады, ол 350 қазандықты жабуға мүмкіндік береді. Ал 2020 жылы ол толық қуатпен жұмыс істей алады. Жылумен қамтамасыз етудің екі аймағы құрылады, ЖЭО-3 жылуымен Майқұдық, Пришахтинск және Сортировочная, ЖЭО-4 Оңтүстік-Шығыс, Жаңа қала және Федоровканы жылумен қамтамасыз етеді.
      Қала маңында жылу магистральдарын тұйықтау жоспарлануда, бұл қаланың жылумен қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.
      Үй-жайлардың жеке жылытылуын, баламалы энергия көздерін, атап айтқанда шахта метанын пайдалануды қамтамасыз ететін жылу сорғыларын қолдану көзделуде. ЖЭО-ғы Қарағанды көмірі неғұрлым үнемді пайдаланылады, кен байыту фабрикаларының шламдары үнемді түрде пайдаланады.
      Электрмен қамтамасыз ету
      Жеке меншік нысанындағы бір ғана ірі электр кәсіпорны жұмыс істейді. Электр тарту желілерінің жалпы ұзақтығы 2569,19 км құрайды. 936 шағын станция жұмыс істеуде. Электр желілері жұмыстарын жақсарту электр қуатын қадағалау, электр қуатының жоғалуын төмендетуге бағытталған шаралар қарастырылған.
      Электр желілері жұмысын оңтайландыру, кернеуді реттеу, электр энергиясы ысырабын азайту жөнінде іс-шаралар көзделген.
      Жарықты қажет ететін орындар (11000-нан артық) мен сыртқы жарық беру желілері санының өсуіне байланысты (300 км-дан артық) көшедегі жарықты белгіленген кесте бойынша автоматты түрде басқаратын "Қалажарығы" ЖАБ-ы құрылады.
      Қала маңында электр тарту желілерін тұйықтау жоспарлануда, бұл қаланың электр қуатымен қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.
      Телефонмен қамтамасыз ету
      Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында моральдік және физикалық ескірген ұқсас автоматты телефон станциялары (АТС), декадтық-қадамдық жүйелер (КСРО 50 - жылдары шығарылған), координаттық жүйелер (70 - жылдары шығарылған) және 90-жылдары орнатылған 812 типті цифрлы электронды станциялар Alkatel SEL AG (Германия) жұмыс істеуде.
      Қарағанды қаласының АТС желісінің жалпы орнатылған сыйымдылығы 125,0 мың номер, бұл ретте:
      8000 - декадтық-қадамдық АТС абоненттері;
      44000 - кординаттық АТС абоненттері;
      73000 - цифрлы АТС абоненттері.
      Мекемелер мен ведомстволарды телефонмен қамтамасыз ету үшін мекемелік-өндірістік станциялардың (МӨАТС) түрлі типтері орнатылған, олардың жалпы сыйымдылығы 16000 номер.
      Қазіргі заманғы деңгейдегі телекоммуникациялық қызметтер ұсыну үшін Қарағанды қаласының тұрғындарына мыналар ұсынылады:
      жаңа буындағы NGN деп аталатын телекоммуникациялық желі құрылады. Осы желі бірегей сервистік-желілік инфрақұрылым негізінде қызмет оны көлеміне қарамастан барлық қажетті қызметтер ұсынуға қабілетті:
      дыбыстық ақпарат (ІР-телефония, цифрлы және аналогтық абоненттер);
      бейнеақпарат;
      деректерді беру;
      Интернет;
      ASDL қызметтері және т.б.
      Газбен қамтамасыз ету
      Қарағанды қаласында газбен қамтамасыз етуді "Әлемгаз" ЖШС жүзеге асырады. Бұл компанияның меншігінде орталықтандырылған қалалық газ тарату желісі, сондай-ақ баллондағы газды таратуды іске асыратын газ станциялары бар.
      Қарағандыдағы "KAZAKHSTAN OIL SHELF CORPORATION" ЖШС балансында тек қана 598 ҚАБ қызмет етеді, олардың техникалық жағынан оңдысы 315, 68-і жұмыс істемейді. Басқа ведомстволар балансында 108, техникалық жағынан жарамдысы - 65,43-і жұмыс істемейді.
      2015 жылы сұйылтылған газды тұтыну 31,8 мың т/жыл құрайды, бұл бастапқы жылғы тұтынудан 19,3 мың т/жыл артық.
      Санитарлық тазалау
      Қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюдың жобалық схемасын іске асыру:
      жергілікті басқару органдарына ҚТҚ басқару проблемасын талдаудың негізінде ҚТҚ басқару деңгейін көтеруге бағытталған қажетті нормативтік және құқықтық актілерді қабылдауға;
      шашылып жатқан үйінділерді жоспарлы түрде жоюға әрі қалдықтардан тазартылған учаскелерді қайтадан өңдеуге;
      қалдықтарды шаруашылық айналымына барынша тарту арқылы табиғи ресурстарды үнемдеуге;
      Қарағанды қаласында қалдықтардың жинақталуының негізделген нормаларын белгілеуге;
      ҚТҚ-ны қайта өңдеу және сұрыптау жөніндегі зауыт салудың ТЭН және ЖСҚ-сын әзірлеуге;
      шағын және орта бизнес субъектілерін қалдықтарды қайта өңдеу әрі кәдеге жарату инфрақұрылымының объектілерінің құрылысына тартуға;
      ҚТҚ-мен жұмыс істеудің экономикалық тетігін жетілдіру, оның ішінде ҚТҚ үшін ақы төлеудің шамасын реттеуге (қалдықтарды жинау, шығару, көму үшін) мүмкіндік береді.

Қарағанды қаласының бас жоспары жобасы бойынша негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер

N Көрсеткіштер Өлшем
бірлігі
Бастапқы
жыл
(2005
жыл)
Бірінші
кезек
(2006-
2010
жылдар)
Есепті
кезең
(2006-
2015
жылдар)
1 2 3 4 5 6

1.

Аумақ





1.1.

Қала шегіндегі
жерлердің ауданы,
барлығы

га

54 328,0

49 324,0

49 324,0

1.1.1.

Тұрғын үй және
қоғамдық құрылыс-
тың ауданы,
олардың ішінде:

га

15 686,0

16 186,3

18 075,7


үй-жайлық құрылыс
(коттедж үлгісін-
дегі)

га

2 283,0

2 550,0

3 023,0


2-3 қабатты көп
пәтерлі үйлер салу

га

210,0

230,0

520,0


4-5 қабатты көп
пәтерлі үйлер салу

га

315,0

360,5

909,5


6 қабат одан жоға-
ры көп қабатты
көп пәтерлі үйлер
салу

га

712,3

720,1

861,9


қоғамдық құрылыс

га

12 165,7

12 325,7

12 761,3

1.1.2.

Өнеркәсіптік және
коммуналдық-қойма
құрылысы объекті-
лерінің ауданы

га

18 932,7

17 088,5

17 109,0


олардың ішінде:

га





өнеркәсіптік
құрылыс

га

9 316,7

8 251,5

8 272,0


коммуналдық және
қойма құрылысы

га

9 616,0

8 837,0

8 837,0

1.1.3.

Көлік, байланыс,
инженерлік комму-
никациялар объек-
тілерінің ауданы

га

2 224,0

2 387,7

2 430,0

1.1.4.

Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар
ауданы

га

3 692,5

3 692,5

3 692,5

1.1
.5.

Су айдындары мен
акваториялар
ауданы

га

1 400,0

1 400,0

1 400,0

1.1.6.

Орман қорының
ауданы

га

4 371,0

4 371,0

4 371,0

1.1.7

Ауыл шаруашылығын-
да пайдаланылатын
жерлер ауданы

га

3 325,0

2 000,0

1 000,0

1.1.8

Ортақ пайдаланыла-
тын аумақ алаңы

га

273,8

290,0

290,0

1.1.9

Резервтік аумақтар
алаңы

га

4 423,0

2 008,0

1 055,8

1.2

Қала маңы ауданы
(тұжырымдама
үшін), барлығы

га

5 817,0

5 817,0

5 817,0

2.

Халқы





2.1.

Халық саны,
барлығы

мың адам

446,0

484,0

544,0

2.2.

Халықтың
тығыздығы






қоныстану аумақ-
тары шектерінде

адам/га

76,9

67,4

59,7


қала аумағы
шегінде

адам/га

8,2

9,8

11,7

2.3.

Халықтың жас
мөлшерінің
құрылымы

мың
адам/%




2.3.1.

15 жасқа дейінгі
балалар

мың
адам/%

92,8/27,8

102/21,0

122/22,4

2.3.2.

еңбекке қабілетті
жастағы халық (16-
64 жастағы ерлер,
16-52 жастағы
әйелдер)

мың
адам/%

302,1/
67,7

327/67,5

353/54,9

2.3.3.

еңбекке қабілетті
жастан егде халық

мың
адам/%

51,4/11,5

55/11,3

69/12,7

2.4.

Жұмыспен қамтыл-
ған халық

мың адам

197,8

226,4

243,8

3.

Тұрғын үй
құрылысы





3.1.

Тұрғын үй қоры

мың м 2

8 924,1

9 873,6

11 206,4

3.2.

Жалпы қордан





3.2.1.

көп пәтерлі үйлер

мың м 2

7 293,4

8 003,8

9 047,1

3.2.2.

үй-жай үлгісін-
дегі үйлер

мың м 2

1 630,7

1 869,8

2 159,3

3.3.

70%-тен астамы
тозған тұрғын үй
қоры

мың м 2

63,7

72,4

109,0

3.4.

Сақталатын тұрғын
үй қоры

мың м 2

8 860,4

9 801,2

11 097,4

3.5.

Тұрғын үй қорын
қабаттылығына
қарай бөлу:





3.5.1

үй-жайлық құрылыс
(коттедж үлгісін-
дегі)

мың м 2

1 630,7

1 821,4

2 159,3

3.5.2

2-3 қабатты көп
пәтерлі үйлер

мың м 2

2 323,0

2 499,5

2 752,8

3.5.3

4-5 қабатты көп
пәтерлі үйлер

мың м 2

2 368,5

2 624,1

2 846,7

3.5.4

6 қабат және одан
да жоғары қабатты
көп пәтерлі үйлер

мың м 2

2 601,9

2 880,2

3 447,6

3.6.

Халықтың тұрғын
үй қорынан қамта-
масыз етілуінің
жалпы ауданы

м 2 /адам

20,0

20,4

20,6

3.7.

Жаңа тұрғын үй
құрылысы

мың м 2

-

1 085,6

2 527,4

3.8.

Жаңа тұрғын үй
құрылысының қаба-
ттылық бойынша
арақатынасы

мың м 2

-

1 085,6

2 527,4

%

-

100,0

100,0


олардың ішінде:






үй-жайлық
(коттедж
үлгісіндегі)

мың м 2

-

234,8

658,5

%

-

21,6

26,1


2-3 қабатты көп
пәтерлі

мың м 2

-

255,8

492,3

%

-

23,6

19,5


4-5 қабатты көп
пәтерлі

мың м 2

-

290,5

487,2

%

-

26,8

19,3


6 қабатты және
одан да жоғары
қабатты көп
пәтерлі

мың м 2

-

304,5

889,4

%

-

28,0

35,2

4.

Мәдени-ойын-сауық
-тық және мәдени-
тұрмыстық мақсат-
тағы мекемелер





4.1.

Мектепке дейінгі
жастағы балалар
мекемелері

орын

7 214,0

24 200,0

34 272,0


жаңа құрылыс

орын

-

16 986,0

10 072,0

4.2.

Жалпы білім беру
мекемелері

орын

65 667,0

69 212,0

77 792,0


жаңа құрылыс

орын

464,0

3 545,0

8 580,0

4.3.

Емханалар

бір
ауысым-
дағы ке-
лушілер

9 828,0

11 132,0

12 512,0


жаңа құрылыс

бір
ауысым-
дағы ке-
лушілер

-

1 304,0

1 380,0

4.4.

Ауруханалар,
барлық үлгідегі
стационарлар

төсектер

7 944

7 944

7 944

4.5.

Сауда кәсіпорын-
дары

шаршы
метр
сауда
алаңы

91,9

135,5

163,2


жаңа құрылыс

шаршы
метр
сауда
алаңы

-

43,6

27,7

4.6.

Тұрмыстық қызмет
көрсету
кәсіпорындары

жұмыс
орны

609,0

2 420,0

4 896,0


жаңа құрылыс

жұмыс
орны

-

1 811,0

2 476,0

4.7.

Қоғамдық
тамақтандыру
кәсіпорындары

орын

13 049,0

14 520,0

21 760,0


жаңа құрылыс

орын

-

5 020,0

7 240,0

4.8.

Клубтар, театр-
лар, мұражайлар,
кино және көрме
залдары

орын

8 685,0

53 500,0

56 710,0


жаңа құрылыс

орын

-

44 815,0

11 895,0

4.9.

Демалыс үйлері,
пансионаттар,
профилакторийлер
және т.с.с

орын

2 280,0

1 650,6

1 855,2

4.10.

Өрт деполары
ғимараттары

автомо-
бильдер
саны

65,0

96,8

108,8


жаңа құрылыс

орын

10,0

16,0

27,0

5.

Көліктік қамтама-
сыз ету





5.1.

Қоғамдық жолаушы
көлігі желілері-
нің ұзақтығы,
барлығы

км

2 596,4

3 176,4

4 142,4


оның ішінде:





5.1.1.

электрлендірілген
теміржол

км

316,4

316,4

422,4

5.1.2.

автобус,
троллейбус

км

2 280,0

2 860,0

3 720,0

5.2.

Жаңамагистральдық
көшелермен
жолдардың
ұзақтығы, барлығы

км

-

12,1

34,9

5.3.

Қазіргі көшелер
мен жолдарды
қайта жаңарту

км

-

12,3

74,9

5.4.

Көше жолдары
желісінің орташа
тығыздығы

км/км

0,10

0,06

0,08

6.

Инженерлік
жабдықтар





6.1.

Сумен қамтамасыз
ету





6.1.1.

Жиынтық тұтыну,
барлығы

тәул.
/мың
текше м.

328,61

352,80

444,91


олардың ішінде:






шаруашылық-ауыз
су мұқтаждарына

тәул.
/мың
текше м.

105,11

126,00

159,11


өндірістік
мұқтаждарға

тәул.
/мың
текше м.

223,5

226,8

285,8

6.1.2.

Су құбырының бас-
ты құрылыстарының
қуаты

мың
текше
м./тәул.

650,0

650,0

650,0

6.1.3.

Пайдаланылатын
сумен қамтамасыз
ету көздері






жер беті көздері-
нен су жинағыштар

мың
текше
м./тәул.

82,6

91,6

104,6


жер асты көздері-
нен су жинағыштар

мың
текше
м./тәул.

21,4

36,4

53,4

6.1.4.

Тәулігіне орта
есеппен 1 адамға
су тұтыну,
барлығы

л/тәул.

736,73

728,84

817,78


олардың ішінде:






шаруашылық-ауыз
су мұқтаждарына

л/тәул.

235,68

260,33

292,48

6.2.

Су бөлу





6.2.1.

Ағын сулардың
жалпы түсімі,
барлығы

тәулігі-
не /мың
текше м

202,36

222,95

259,65


олардың ішінде:






тұрмыстық кәріз

тәулігі-
не/мың
текше м

103,56

122,55

152,55


өндірістік кәріз

тәулігі-
не/мың
текше м

98,8

100,4

107,1

6.2.2.

Кәріздік тазарту
құрылыстарының
өнімділігі

тәулігі-
не/мың
текше м

232,0

232,0

232,0

6.3.

Электрмен
қамтамасыз ету





6.3.1.

Коммуналдық-тұр-
мыстық мұқтаждар-
ға электр энер-
гиясын жиынтық
тұтыну

МВт

146,6

250,0

390,0

6.3.2.

Коммуналдық-
тұрмыстық
мұқтаждарға
жылына 1 адамға
шаққанда орташа
есеппен электр
тұтыну

кВт.сағ.

1 634,0

2 461,0

2 720,0

6.4.

Жылумен қамтамасыз ету





6.4.1.

Жылудың жиынтық
жүктемесі,
барлығы

Гкал/сағ.

1 885,0

2 089,0

2 495,0


олардың ішінде:






тұрғын үй-қоғам-
дық сектор

Гкал/сағ.

1 205,0

1 339,0

1 655,0


өнеркәсіп

Гкал/сағ.

680,0

750,0

840,0

6.4.2.

Мыналардан:

Гкал/сағ.





ЖЭО-1

Гкал/сағ.

243,0

460,0

460,0


ЖЭО-3

Гкал/сағ.

734,0

1 000,0

1 500,0


Қазандықтар және ДЖЖ

Гкал/сағ.

584,0

585,0

585,0


Жылыту пештері

Гкал/сағ.

389,0

150,0



ЖЭО-4

Гкал/сағ.

-

-

1 180,0


Орталықсызданды-
рылған жылумен
қамтамасыз ету
жүйелері

Гкал/сағ.

973,0

735,0

585,0

6.5.

Газбен қамтамасыз
ету





6.5.1.

Сұйытылған газ
тұтыну, барлығы

жылына/
мың
тонна

12,5

30,0

31,8


олардың ішінде:






коммуналдық-
тұрмыстық
мұқтаждарға

жылына/
мың
тонна

7,0

16,0

21,2


өнеркәсіптік
мұқтаждарға

жылына/
мың
тонна

5,5

14,0

10,6

7.

Аумақты инженер-
лік дайындау





7.1.

Нөсерлік кәріздің
ұзақтығы

км

21,3

61,6

242,3

7.2.

Қорғаныш
құрылыстарының
ұзақтығы

км

7,8

41,5

213,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады