Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 наурыздағы N 292 Қаулысы

      Ауғанстан Ислам Республикасында қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтік ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне азық-түліктік бидайдың құнын және ізгілік жүгін сақтау, тасымалдау және Хайратон станциясына (Ауғанстан Ислам Республикасы) дейін жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берілетін күнге белгілеген бағам бойынша 500000 (бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан 1913 (бір мың тоғыз жүз он үш) тонна азық-түліктік бидайды тиеп жөнелтуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ауғанстан Ислам Республикасына ізгілік жүгін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны белгілесін және көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді жүзеге асырсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады