Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы N 624 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 318 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы - астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы N 624 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 27, 260-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 4 сәуірдегі
N 318 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 33, 458-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

      "2006 - 2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2006 - 2008 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

      "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 23-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "ҚазАгроКепіл" АҚ".

      2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.13. N 1060 Қаулысымен.

      3. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:

      1-тармақтың 7) тармақшасындағы, 8-тараудың атауындағы "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры" деген сөздер "ҚазАгроКепіл" деген сөзбен ауыстырылсын;

      52-тармақта:
      "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры" деген сөздер "ҚазАгроКепіл" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "(бұдан әрі - Кепілдік беру қоры)" деген сөздер "(бұдан әрі - "ҚазАгроКепіл" АҚ)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53, 54-тармақтардағы "Кепілдік беру қорының", "Кепілдік беру қоры" деген сөздер "ҚазАгроКепіл" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары" деген 1-бөлімде:
      "Қазақстанның 2007 - 2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін экономика салаларындағы серпілісті бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету" деген 4-тарауда:
      "2007 - 2009 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" деген 3-параграфта:
      "Қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту" деген кіші бөлімде:
      оныншы абзацтағы "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры" деген сөздер "ҚазАгроКепіл" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген бөлімде:
      дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
      "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кіші бөлімде:
      "Бағдарламадан тыс" кіші бөлімінде:

      реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанындағы "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры" деген сөздер "ҚазАгроКепіл" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады