"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы N 412 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1.  "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
      көрсетілген комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары
      Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі
      Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;
      "Келімбетов Қайрат Нематұлы - "Қазына" орнықты даму қоры" басқармасының төрағасы" деген жол алынып тасталсын;
      көрсетілген Комиссияның құрамынан Ә.Р. Жақсыбеков және Ғ.И. Оразбақов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады