"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Технологияларды коммерциализацияландыру жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 мамырдағы N 493 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Технологияларды коммерциализацияландыру жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру
және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді
(Технологияларды коммерциализацияландыру жобасы)
ратификациялау туралы

      2008 жылғы 2 ақпанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы (Технологияларды коммерциализацияландыру жобасы) келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

                                        ҚАРЫЗ НӨМІРІ 48840-КZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Технологияларды коммерциализацияландыру жобасы)

2008 жылғы 2 ақпан

                                        ҚАРЫЗ НӨМІРІ 48840-КZ

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 2008 жылғы 2 ақпандағы КЕЛІСІМ. Осымен Қарыз алушы мен Банк мынадай келісімдерге келеді:

I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімнің толықтыруында белгіленген) нағыз Келісімнің бөлінбейтін құрамы болып табылады.
      1.02. Егер мәтіннен өзге түсіну болмаса, осы Келісімде қолданылатын бас әріппен басылған терминдер осы Келісімнің Жалпы шарттарындағы немесе Толықтыруындағы бекітілген мағынада алынады.

II БАП - ҚАРЫЗ АЛУ

      2.01. Осы Келісімнің 1-қосымшасындағы баяндалған жобаның ("Жоба") қаржыландыруына көмек көрсету мақсатымен Банк Қарыз алушыға он үш миллион төрт жүз мың АҚШ долларларына (13 400 000 АҚШ долларларына) тең сомасын ("Қарыз") осы Келісімде айтылған немесе сілтемеде аталған мерзім мен шарттар бойынша пайдалануға беруге келіседі.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз тәсілдерін нағыз Келісімнің 2-қосымшасындағы ІV-тарауына сай алуға ерікті.
      2.03. Қарыз алуды ашу үшін Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасының бір пайызының төрттен біріне (0,25 %) тең комиссияны төлейді. Қарыз алушы ену мерзімінен 60 күннен кешіктірмей Қарыз ашу комиссиясын төлейді.
      2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасына арналған Базалық ЛИБОР ставкасы мен әрбір пайыз қосылу мерзімінің айнымалы спреді қосындыларына тең пайыздық ставка төлейді. Жоғарыда айтылғанға қарамай, егер алынған Қарыз қалдығының кез келген бөлігі уақытында төленбей қалған, және де отыз (30) күн ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін пайыз көлемі Жалпы шарттар 3.02 (d)-Тарауында келтірілгендей есептелінуі қажет.
      2.05. Төлем өтеу мерзімдері - әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі.
      2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімнің 3-қосымшасында келтірілген өтеу графигіне сәйкес өтелетін болады.

III БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына қатыстылығын мәлімдейді. Сол мақсатпен Қарыз алушы Жалпы шарттардағы V -тармақ ережелеріне сәйкес БҒМ арқылы Жобаны іске асырады.
      3.02. Егер осы Келісімнің 3.01-тарау ережелерімен өзгедей түсіну алдын ала қарастырылмаса, және де ол өзгелер Қарыз алушы мен Банк арасында келісілмесе, онда Қарыз алушы Жобаны осы Келісімнің 2-Қосымша ережелеріне сәйкес іске асырады.

IV БАП - КҮШ АЛУ; ҚОЛ ҮЗУ

      4.01. Осы Келісімнің ақырғы күш алу күні болып осы Келісім қабылданған күннен жүз сексен (180) күн өткеннен кейінгі басталатын мерзім келеді.

V БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ

      5.01. Қарыз алушының өкілі болып Қаржы министрі келеді.
      5.02. Қарыз алушының мекен жайы:

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
                  Телекс:              Факс:
                  265126 (FILIN)  (7) (3172) 717785

      5.03. Банктің мекен-жайы:

      International Bank for Reconstruction
      and Development
      1818 H Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America
      Телеграф:    Телекс:     Факс:
      INTBAFRAD    248423 (MCI) немесе 1-202-477-6391
      Washington, D.C. 64145 (МСІ)
      Жоғарыда көрсетілген күнде және жылда, КЕЛІСІЛГЕН Астанада, Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН               
Уәкілетті өкіл               
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл               

Қосымша 1

Жобаны бейнелеу

      Жобаның мақсаты мөлдір сайыстық сұрыптаудан өткен, әр түрлі пәндер мамандарының топтары жүргізетін ғылыми зерттеулердегі едәуір жақсартылған ғылыми әсерлігін және коммерциялық негіздемесін көрсетуде болады.

      Жоба мынадай бөлімдерден тұрады:

      1-бөлім: Ғылыми негізін күшейту

      Бастаушы ғалымдар мен жас талапты зерттеушілерді анықтау және өркендеулеріне көмек беру, себебі ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу қажет: (а) Халықаралық ғылым және коммерциализацияландыру кеңесін, және де халықаралық деңгейдегі пікір алатындай журналын ашу; (b) аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) үшін грант-бағдарламасын және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грант-бағдарламасын беру; (с) Халықаралық материалтану орталығын (ХМТО) құру арқылы.

      2-бөлім: Ғылымның нарықпен байланысын қамту.

      Ғылымды ішкі және әлемдік нарыққа тығыз байланыстыру үшін қажетті сараптаманы дамытуға техникалық көмек көрсету: (а) технологияларды коммерциализацияландыру бойынша қызмет көрсету үшін, соның қатарында технологиялық коммерциализацияландыру стратегиясын құру және шет тілдерінен, бизнес-жоспарлау мен қарым-қатынастан білім беру мақсатты бағдарламаларын жасау үшін технологияларды коммерциализацияландыру кеңсесін (ТКО) ашу; (b) инновациялық активтер туралы ғалымдарға және стратегия құрушыларына ақпарат беру мақсатымен, және де технологиялар маркетингісіне эксперттік мәліметтер қоймасын құрастыру үшін технологиялық аудит жүргізу; (с) технологияларды коммерциализацияландыруға, индустриалдық инновацияға, венчурлық капитал мен қаржыландыруға, интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтық және нормативтік ережелерді, құрылымдар мен ынтыландырулардарды талдау; сондай-ақ (d) Қарыз алушымен қаржыланатын бір қатар гранттар-бағдарламаларын жасау мен басқару үшін нарық бағалауын өткізу арқылы.

      3 бөлім: Бағдарламаны басқару

      Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқару мақсатымен Жобаны басқару тобын (ЖБТ) құруды қолдау.

Қосымша 2

Жобаны іске асыру

Тарау I. Іске асыру тетіктері

       А. Институционалдық механизмдер

      Қарыз алушы мынадай институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес Жобаны іске асыру қажет:
      1. Қарыз алушы БҒМ арқылы  Жобаны іске асыру нұсқауында  және  Қоршаған ортаны басқару жоспарында  (ҚОБЖ) көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастырушы тетіктерге және операциялық тәртіптерге сәйкес Жобаны іске асыру қажет және оған алдын ала Банк келісімін алмай, басқаларға беруіне, өзгерістер енгізуіне, тоқтатуына немесе  жобаны іске асыру нұсқауындағы  және  Қоршаған ортаны басқару жоспарындағы  (ҚОБЖ) қандай болмасын ережелерден бас тартуына болмайды.
      2. Жобаға қатысты бүкіл ғылыми мәселелер бойынша нұсқауларды ҒКХК пайдалануға, сонымен бірге АҒҚТ мен КҒҚТ сұрыптауды, ғылыми зерттеулер мен коммерциализацияландыру бағытында мониторинг етуді, халықаралық деңгейдегі пікір алатындай ғылыми журналды құру мен әрекеттендіруді, және де  Жобаны іске асыру нұсқауында  және  Қоршаған ортаны басқару жоспарында  көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастырушы тетіктерге және операциялық тәртіптерге сәйкес ХМТО жұмыстарын қадағалауды ұсынып беру қажет.
      3. Жобаның бүкіл іске асыру мерзімінде Қарыз алушы ҒКХК құрамының, ресурстарының және техникалық тапсырмаларының Банк талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
      4. Келісім күш алған күннен бастап бір (1) айдан артық кешікпей, Қарыз алушы ЖБТ құрамына Банк қабылдаған техникалық тапсырмаға сай, қаржыларды басқару бойынша маманды, сатып алулар бойынша маманды және төрайымды қабылдау қажет.
      5. Келісім күш алған күннен бастап алты (6) жетіден артық кешікпей, Қарыз алушы жобаны іске асыру Нұсқауын бекіту қажет.
      6. Қарыз алушы: (а) 2010 жылғы 15 маусымнан кешікпей зерттеулерді әзірлеу қажет, олардың барысында Қазақстан Республикасындағы интеллектуалдық меншік құқықтарының, зерттеу мен жобалау мекемелерін қайта құрудың, технологиялық коммерциализацияландырудың құқықтық, саяси және нормативтік негіздері талдауға салынады; және де (б) Қазақстан Республикасындағы ғылыми менеджментін, технологияларды коммерциализацияландыруды, интеллектуалдық меншік құқықтарын және зерттеу мен жобалау мекемелерін қайта құруды жақсартуға қажетті құқықтық, саяси және нормативтік шаралар туралы Банкпен пікір алысады.
      7. Қарыз алушының Жобаға қатысуын қамтитын тәсілдердің сәйкестік көлемін қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы лайықты бір жылдық бюджеттік БҒМ ассигнованияларын қарамағына береді.

      B. Жоба бөлшегі

      1. Жобаның 1(b)-Бөлімін орындау барысында Қарыз алушы  Жобаны іске асыру нұсқауында  көрсетілген мамандалған шарттар мен тәртіптерге сәйкес, АҒҚТ Гранттарын және КҒҚТ Гранттарын береді, мұнда мынадай талаптар қаралатын болады: гранттар туралы ұсыныстар (і) нарыққа бағытталуы және халықаралық деңгейде ғылыми сайысуға қабілетті болу қажет; (іі) қазіргі және болашақтағы Қазақстанның ғылыми, экономикалық және индустриалдық дамуына зерттемелік маңызы болуы қажет, сонымен қатар жергілікті және шетелдік компаниялармен зерттеулік сыбайластық құруға мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет; (ііі) өз жоспарларына магистранттар мен студенттерді менторлауды және мынадай ғалымдар ұрпағын дайындауға бағытталған білім беру топтарын құруды көздеу; (іу) көпәрекеттік зерттеуді жүргізуге көңіл аудару және жарамды потенциалға ие болу; (у) университеттер, орта мектептер және қоғамдық әрекеттерін қамту бойынша ұсыныстары болу қажет; және де (уі)  Жобаны іске асыру нұсқауында, сатып алулар нұсқауында  және  Қоршаған ортаны басқару жоспарында  көрсетілген нұсқаулар мен тәртіптерге сәйкес сұрыптануы, бағалануы және іске асырылуы қажет.
      2. Қарыз алушы әрбір АҒҚТ Грантын АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес және әрбір КҒҚТ Грантын КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес Банкпен бекітілген шарттар негізінде береді, олар мынадай болады:
      (а) АҒҚТ Гранттары және КҒҚТ Гранттары теңгеде көрсетілуі қажет;
      (b) Қарыз алушы өз мүддесін және Банк мүддесін қорғауға лайық құқықтар алады, сонымен қатар:
      (і) жағдайларға байланысты АҒҚТ Грантының немесе КҒҚТ Грантының тәсілдерін қолдануға, болмаса АҒҚТ немесе КҒҚТ әрқайсысы АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда, АҒҚТ Грантының немесе КҒҚТ Грантының бүкіл сомасын немесе соманың қандайда бөлігін қайтаруға АҒҚТ немесе КҒҚТ құқығын тоқтату немесе доғару;
      (іі) барлық АҒҚТ-нен және барлық КҒҚТ-нен: (А) АҒҚТ Гранты туралы Келісімге және КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес, жағдайларға байланысты, қажетті ынтамен және әсерлікпен, нақты техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушы, экологиялық және дүниежүзілік стандарттар мен тәжірибеге сай, Банкке жарамды, сонымен бірге ҚОБЖ ережелеріне сәйкес өз міндеттемелерін орындауды талап ету; (В) осы мақсатпен талап етілген тәсілдермен дереу, қажеттілік кезінде қамтуды талап ету; (С) АҒҚТ Гранты туралы Келісімге немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес қаржыланатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, жағдайларға байланысты, осы Келісімнің және  Сатып алулар нұсқауының  ережелеріне сәйкес сатып алуды талап ету; (D) Банкке қолайлы индикаторларға сай бағалау мен мониторинг жүргізу мүмкіндігін беретіндей, лайықты стратегиялар мен тәртіптерді қолдауды, жоба бөлігін жүргізу жұмыстарын және оның мақсатына жетуін қолдауды талап ету; (Е) (1) жоба бөлігіне жататын оперативтік қызметті, тәсілдер мен шығындарды көрсетуге лайықты түрде, Банкке қолайлы, келісіммен қолданылатын бухгалтерлік есепке алу стандарттарға сәйкес қаржылық есеп беру дайындалуын және қаржылық басқару жүйесін қолдануын талап ету; (2) Банктің өтінішімен немесе Қарыз алушының өтінішімен Банкке қолайлы, келісіммен қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес, Банк қабылдаған тәуелсіз аудиторларымен осы қаржылық есеп беруге аудит жүргізуді, және де дереу Қарыз алушы мен Банкке аудит жүргізілген есепті беруді талап ету; (F) Қарыз алушы мен Банкке жоба бөлігін, оның оперативтік жұмысын және кез келген лайықты мәліметтер мен құжаттарын тексеруге мүмкіндік беруге талап ету; (G) Қарыз алушы мен Банк заңды сұраған бүкіл ақпаратты Қарыз алушы мен Банкке дайындап, пайдалануға беруді, егер жоғарыда айтылғанға қатысы болса, талап ету.
      3. Қарыз алушы өз құқықтарын әрбір АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес және әрбір КҒҚТ Грантын КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес, Қарыз алушы мен Банк мүддесін қорғауға, сонымен қатар Қарыз мақсаттарын орындауға мүмкіндік беретіндей түрде қолдану қажет. Банк келісімін берген жағдайлардан тыс, Қарыз алушы қандай да болмасын АҒҚТ Гранты туралы Келісімін немесе КҒҚТ Гранты туралы Келісімін, немесе олардың кейбір ережелерін басқаға бермейді, өзгертулер енгізбейді, тоқтатпайды немесе олардан бас тартпайды.

       Тарау ІІ. Жобаның мониторингісі, есеп берілуі және бағалануы

       А. Жоба бойынша есеп беру

      1. Қарыз алушы Жоба мониторингісін жүргізеді және іске асырылу барысын бағалайды, сонымен қатар, Банкпен келісілген индикаторлар бойынша және Жалпы шарттардағы 5.08-тарауының ережелеріне сәйкес Жоба бойынша Есеп беруді дайындайды. Әрбір Жоба бойынша берілетін Есеп бір күнтізбелік календарлық тоқсан (квартал) мерзімін қамтуы қажет, және де Есепте қамтылған мерзім аяқталуынан қырық бес (45) күннен кешіктірмей Банкке тапсырылуы қажет.
      2. Жалпы шарттардағы 5.08-Тарауын орындау барысында Жобаны іске асыру туралы берілетін Есеп және осы Тарауда талап етілетін лайықты жоспар Жобаның жабылу күнінен алты (6) айдан кешіктірмей Банкке тапсырылуы қажет.
      3. 2010 жылдың 15 маусымында, немесе шамамен осы мерзімде, Қарыз алушы БҒМ арқылы Халықаралық банкпен бірігіп, Жобаны іске асырудағы алға басуының орта мерзімді барлауын (әрі қарай Орта мерзімді барлау) өткізеді. Орта мерзімді барлау, басқалармен қатар:
      (а) Жоба мақсатына жетудегі алға басуды; және де
      (b) Жобаны әрекеттік көрсеткіштерге сәйкес жалпы орындауды қамтиды.
      4. Кем дегенде Орта мерзімді барлауға төрт (4) жеті қалғанда Қарыз алушы Банкке БҒМ арқылы Жобаның әрбір компонентінің енгізу статусын бейнелеп жеке есеп береді және Жобаның жалпы іске асырылуы туралы қиюластырылған есебін береді.

      В. Қаржылық басқару, қаржылық есеп беру және аудит

      1. Қаржы алушы Жалпы шарттардағы 5.08-тарауының ережелеріне сәйкес қаржылық басқаруды жүргізу немесе жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
      2. Егер осы тараудағы А-бөлімінің ережелерінде өзгедей түсінік қаралмаса, Қарыз алушының Банкке әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталуынан қырық бес (45) күннен кешіктірмей Жоба бойынша аудитор тексермеген, Банкке түрі мен мазмұны бойынша жеткілікті, осы тоқсанның, аралық қаржылық есебін дайындауы және тапсыруы қажет.
      3. Қаржы алушы Жалпы шарттардағы 5.09(б)-тарауының ережелеріне сәйкес өзінің Қаржылық есебіне аудит жүргізу қажет. Әрбір Қаржылық есеп аудиты Қаржы алушының бір (1) қаржылық жыл   мерзімін қамту қажет. Аудитпен тексерілген әрбір осындай мерзім есептері әр бір осындай мерзім аяқталуынан алты (6) ай кешіктірмей Банкке тапсырылуы қажет.

Тарау III. Сатып алулар

      А. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар және қызметтер.  Жобаға қажетті бүкіл тауарлар және қызметтер  Сатып алулар нұсқауларының  І-тарауында берілген талаптар мен сілтемелерге сәйкес, ал сонымен қатар осы тарау ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Кеңесшілер қызметтері.  Жобаға қажетті бүкіл кеңесшілер қызметтері  Кеңесшілерге нұсқаулардың  I және ІУ-тарауындағы берілген талаптар мен сілтемелерге сәйкес, ал сонымен қатар осы тарау ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар.  Бас әріппен жазылатын, төменде осы Тарауда белгілі сатып алулар әдістерін немесе белгілі келісім-шарттарды Банкте қарастыру әдістерін бейнелеуде қолданылатын терминдер  Сатып алулар нұсқауларында  немесе  Кеңесшілерге нұсқауларда  көрсетілген лайықты әдіске, нақты жағдайға байланысты, сілтеме алады.

       В. Белгілі тауарлар мен қызметтерді сатып алулар әдістері

      1. Халықаралық жарыс саудаласулары.  Егер төмендегі 2-тармақта өзге түсінік қаралмаған болса, тауарлар мен қызметтерді сатып алулар Халықаралық жарыс саудаласуларының тәртіптеріне сәйкес бекітілген келісім-шарттарды бойынша,  Сатып алуларға нұсқауындағы  II-тарауда белгіленген талаптары мен соларға деген сілтемелерге сәйкес жүргізіледі.
       2.   Басқа да тауарлар мен қызметтерді сатып алулар әдістері.  Төмендегі кестеде, тауарлар мен қызметтерге қолдануға болатын Халықаралық жарыс саудаласулардан тыс, сатып алулар әдістері берілген. Сатып алулар жоспарында қандай да болмасын әдісті қолдану жағдайлары қарастырылуы қажет.

Сатып алулар әдістері

(а) Осы 2 қосымша толықтыруында белгіленген қосымша ережелерге
сай, ұлттық жарыс саудаласулар.

(b) Сауда желісіндегі сатып алулар

      С. Белгілі кеңесшілер қызметтерін сатып алулар әдістері.
      1. Сапа мен баға негізінде сұрыптау.  Егер төмендегі 2-тармақта өзге түсінік қаралмаған болса, кеңесшілер қызметтері сапа мен баға арқылы Сұрыптау негізінде тағайындалған келісім-шарттарды ішінде жүргізіледі.
      2. Басқа да кеңесшілер қызметтерін сатып алу әдістері. Төмендегі кестеде, кеңесшілер қызметтеріне қолдануға болатын сапа мен баға негізінде Сұрыптаудан тыс, сатып алулар әдістері берілген. Сатып алулар жоспарында осы әдістерді қолданатындай жағдайлар қарастырылуы қажет.

Сатып алулар әдістері

(а) Сапа негізінде сұрыптау

(b) Бекітілген бюджет негізінде сұрыптау

(с) Кеңесшілер мамандық негізінде сұрыптау

(d) Бір көзді таңдау

(е) Кеңесшілер нұсқауының 5.2 мен 5.3 тармақтарында жеке
кеңесшілерді сұрыптау үшін берілген тәртіптер.

(f) Кейбір кеңесшілерді сұрыптау үшін бір көзді таңдау
тәртіптері

      D. Банктің сатып алулар бойынша шешім қабылдауы

      Сатып алулар жоспары тек қана Банкпен алғашқы қаралған тақырыптағы келісім-шарттарды көрсету қажет. Бүкіл басқа келісім-шарттарды Банкпен Келесі қаралатын тақырыпта қаралатын болады.

Тарау IV. Есепшотынан Қарыз тәсілдерін алу

      А. Жалпы ережелер

      1. Төмендегі 2-тармақ кестесінде көрсетілгендей құқықты шығындарды қаржылау үшін Қарыз алушы Қарыз тәсілдерін Жалпы шарттардың II Тармағының, осы Тараудың және Қарыз алушыға Банк берген ескертуде көрсетілген қосымша нұсқаулардың (2006 жылғы мамыр мерзімінде шығып, мезгілімен Банкте қайта қаралып, осы Келісімге осындай нұсқауларға сәйкес қолданылып алынатын "Дүниежүзілік банктің жобалар тәсілдерін енгізу бойынша нұсқауы" қосылады) ережелеріне сәйкес алуға мүмкіндігі бар.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз тәсілдерінен қаржыланатын құқықты шығындар категориялары ("Категория"), әр Категория бойынша бөлінген сомалары және әр Категория бойынша құқықты шығындар болып қаржыланатын шығындардың пайыздық бөлігі анықталады.

Категория

Қарыздың бөлінген
сомасы (долларлық
баламасында)

Қаржылануға
жататын шығындар бөлігі

1. Жобаның 1 (b) бөліміне
сәйкес АҒҚТ гранттары
және КҒҚТ гранттары

10500000

50%

2. Жобаның 2 (а) бөліміне
сай кеңесшілер қызметтері

2400000

100%

3. Жобаның 2 (с) бөліміне
сай кеңесшілер қызметтері

500000

100%

БАРЛЫҒЫ

13400000

 

       В. Алу шарттары; алу мерзімі

      1. Осы тараудың А-бөліміндегі ережелерге тәуелсіз тәсілдер мынадай жағдайларда алынбайды:
      (а) осы Келісім мерзіміне дейінгі жасалған төлемдер бойынша;
      (b) Қарыз есебінен, Банк Қарыз ашқан үшін Комиссияны толығымен төлетпегенше;
      (с) егер Банкке қолайлы шарттармен ҒКХК құрылмаса, 1-категориясына сәйкес;
      (d) егер Банкке қолайлы шарттармен ТКО ашылмаса, осы Келісімдегі 2-қосымшаның ІУ-тараудағы А.2-бөліміндегі кестеде көрсетілген 3-категориясына сәйкес алынбайды.
      2. Жабылу мерзімі - 2012 жылғы 31 желтоқсан.

      2 Қосымшаға толықтыру

      Қарыз алушының Ұлттық жарыс саудаласулар тәртіптері осы Жобаның ішінде жүргізілетін қызметтерді сатып алулар үшін мынадай ережелерді орындау шарттарына қолданылуы мүмкін:

      А. Мемлекеттік мекемелердің қатысуы

      Мемлекеттік мекемелер Қарыз алушының аймағындағы саудаласуға тек қана мынадай жағдайда қатысуы мүмкін, егер де олар өз құқықтық және қаржылық тәуелділігін ресми дәлелдей алса, егер де олар коммерциялық құқық негізінде істейтін болып, тапсырыс беруші ретінде келісім-шарт бекітетін мекемеге тәуелді ұйым болмаса. Сонымен қатар, оларға да басқа ізденушілерге қойылған әрекеттер сенімділігі мен тапсырыс жағынан талаптар қолданылады.

      В. Жарыстық құжаттама

      Сатып алуларды жүргізетін мекемелер Банкке қолайлы, тауарларды сатып алу үшін арналған жарыстық құжаттамалардың стандарттық пакетін қолдану қажет.

      С. Тапсырысты ашу және бағалау

      (а) Тапсырысты ашу көпшілікте өтеді, дереу тапсырысты беру ақырғы мезгілі келгенде.
      (b) Тапсырысты бағалау жарыстық құжаттамаларда жарияланған, монетарлы есептелінетін шарттарға қатал сәйкестікте өткізілуі қажет.
      (с) Отандық берушілерді артық көру негізін қолдануға болмайды.
      (d) Барлық талаптарды артығымен қамтитын және де ең аз бағалау құнымен тапсырысты берген, мамандырылған ізденушіге келісім-шарттар тағайындалады, мұнда келіссөздер қарастырылмайды.

      D. Бағаларды өзгерту

      Ұзақ мерзімге (мысалы, он сегіз (18) айдан артық) оқталған құрылыс жұмыстарына жасалған келісім-шарттар бағаларды өзгерту туралы ережелерді қамтамасыз ету қажет.

      Е. Саудаласу процессін жою

      Тендер өткізілмегенін мойындау және жаңа тапсырыстарды қабылдау туралы жариялау тек қана Банктің алғашқы келісімі бойынша болуы мүмкін.

      F. Жеке тапсырыстарды қабылдамау

      Әр бір жеке тапсырыстың тек қана келесідей жағдайларда қабылданбауы мүмкін:
      (а) егер ізденуші мамандырылған талаптарға сәйкес келмесе;
      (b) сатып алушы мекеменің Тендерлік комиссиясы жарыстық тапсырыста байқаған арифметикалық қатені ізденуші мойындамаса;
      (с) ізденуші тендерлік құжаттамалар талаптарына сәйкес болмаса.

Қосымша 3

Өтеу графигі

      Негізгі қарыз бойынша         Қарыздың негізгі сомасын өтеу
         төлем мезгілі                      (АҚШ долларларында)
      Әр жылдың 15 қаңтары және15 шілдесі
      15 шілдеден 2013 ж. бастап
      15 қаңтарға 2023 ж. дейін                670 000

Толықтыру

       Тарау I. Анықтамалар

      1. "Категория" - нағыз Келісімдегі 2-Қосымшасының IV-Тарау кестесінде белгіленген категория.
      2. "Кеңесшілерге нұсқау" - "Нұсқау: Халықаралық банктің қарыз алушыларымен кеңесшілерді сұрыптау және жалдау", Банк 2004 ж. мамырында жариялады.
      3. "ҚОБЖ" - қоршаған ортаны басқару жоспары 5 қарашада 2007 ж. Қарыз алушымен қабылданған, Банкке қолайлы, мұнда ережелер, нұсқаулар және қоршаған ортаға әсерін бағалау тәртіптері жазылған; мұнда қоршаған ортаға қолайсыз әсерін азайтатын, жұмсартатын, немесе өтейтін шаралар анықталады, және де Жобада, сонымен бірге Жобадағы 1 (b)- Бөлімге сәйкес орындалатын инвестицияларда қолданылатын шарттардың жағымды әсерін ұлғайту; Банктің келісімі бойынша ҚОБЖ-ға уақыт өткен сайын өзгерулер енгізілетін болады.
      4. "Жалпы шарттар" - "Халықаралық қайта құру және даму банкіден қарыз алу үшін Жалпы шарттар" 1 шілдеден 2005 ж., осы Қосымшаның ІІ-Тарауында келтірілген өзгерістерді тіркеумен алынған.
      5. "ХМТО" - Халықаралық материал тану орталығы БҒМ арқылы, Жобаның 1(с)-Бөліміне сәйкес, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастыру механизмдеріне және операциондық тәртіптерге сай, дүниежүзілік деңгейдегі зертханалық комплекс ретінде, ашылған.
      6. "ҒКХК" - Ғылым мен коммерциализацияландырудан халықаралық кеңес, БҒМ жанында, Банкке лайықты, нағыз Келісімнің 1-Қосымшасындағы 1(а)-бөліміне сәйкес, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген талаптарға, шарттарға, ұйымдастыру механизмдеріне және операциондық тәртіптерге сай, құрылуы қажет, оның құрамына жеті (7) адам, соның ішінде бес (5) атақты ғалымдар және екі (2) коммерциализацияландыру мәселелерінен сарапшы кіреді.
      7. "Кіші ғылыми қызметкерлер тобы" немесе "КҒҚТ" - КҒҚТ Гранты туралы Келісімінің бенефициарлары болатын, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген шарттар мен тәртіптерге сәйкес сұраптанған, жас ғалым-зерттеушілердің бірлескен тобы, мұнда "КҒҚТ" бір КҒҚТ-ан артық санын белгілеуі мүмкін.
      8. "КҒҚТ Гранты" - Жобаның 1 (b)-Бөліміне сай, КҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес, КҒҚТ-на Қарыз алушының беретін гранты, ал "КҒҚТ Гранттары" деген бір гранттан артығын белгілейді.
      9. "КҒҚТ Гранты туралы Келісім" - Банк бекіткен шарттарға негізделген, Қарыз алушы мен КҒҚТ арасындағы Келісім. Оны нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы І-Тараудың В.2-Бөлімінде берілген сілтемесі көрсетеді.
      10. "БҒМ" - Білім және ғылым министрлігін, Қарыз алушыны, немесе оның кез келген хұқықтық ізбасары.
      11. "Іске асыру нұсқауы" - жобаны іске асыру бойынша жасалған нұсқау, Банк үшін қолайлы, және де нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы І-Тараудың А.5-Бөліміне сай Қарыз алушымен қолданылады. Мұнда Жобаны іске асыру тәртіптері баяндалған, олар нағыз Келісімнің ережелеріне, Қарыз алушының жергілікті заң шығаратын және нормативті-құқықтық актілеріне қарсыласпайтын болады.  Содан басқа:  (і) әкімшіліктіру, сатып алулар, бухгалтерлік есептеу, қаржылық басқару, мониторинг пен бағалау механизмдерімен басқару тәртіптері; (іі) жыл есебінің типтік форматы; және де (ііі) АҒҚТ Гранттарын және КҒҚТ Гранттарын сұрыптау, экспертизалау, бағалау және іске асыру шарттары беріледі. Банктің келісімімен Нұсқауға уақыт сайын өзгерулер енгізілуі мүмкін.
      12. "ЖБТ" - БҒМ жанындағы Жобаны басқару тобы Жобаның іске асырылуына жауапты болады. Оның құрамына Банк үшін мамандырылуы мен техникалық тапсырмалары қанағаттандырылған, келесі қызметкерлері кіреді: (і) қаржыларды басқару мәселелерінің маманы; (іі) сатып алулар бойынша маман; барлық мамандар (ііі) төрайымға бағынады.
      13. "Сатып алуларға нұсқау" - "МБРР қарыздарын алудағы сатып алулар және МАР несиелері" нұсқауы; Банкте 2004 жылдың мамырында басылған.
      14. "Сатып алулар жоспары" - 07 желтоқсан 2007 ж. Қарыз алушының Жобаға жасаған сатып алулар жоспары; осыған  Сатып алуларға нұсқаудың  1.16 пунктінде және  Кеңесшілерге нұсқауларының  1.24 пунктінде сілтеме жасалған, сонымен қатар көрсетілген пункттер ережелеріне сәйкес жаңартылуға тиісті.
      15. "Аға ғылыми қызметкерлер тобы" немесе "АҒҚТ" - АҒҚТ Гранты туралы Келісімінің бенефициарлары болатын, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген шарттар мен тәртіптерге сәйкес сұрыптанған, аға ғалым-зерттеушілердің бірлескен тобы, мұнда "АҒҚТ" бір АҒҚТ-ан артық санын белгілеуі мүмкін.
      16. "АҒҚТ Гранты" - Жобаның 1(b)-Бөліміне сай, АҒҚТ Гранты туралы Келісімге сәйкес, АҒҚТ-на Қарыз алушының беретін гранты, ал "АҒҚТ Гранттары" деген бір гранттан артығын белгілейді.
      17. "АҒҚТ Гранты туралы Келісім" - Банк бекіткен шарттарға негізделген, Қарыз алушы мен АҒҚТ арасындағы Келісім. Оны нағыз Келісімнің 2-Қосымшасындағы І-Тараудың В.2-Бөлімінде берілген сілтемесі көрсетеді.
      18. "Жоба бөлігі(-іктері)" - жоба бөлігі(-іктері), Жобаны іске асыру нұсқауында, Сатып алуларға нұсқауларында және ҚОБЖ-да көрсетілген негіздер мен тәртіптерге сай, сұрыпталған(-дар), бағаланған(-дар) және іске асырылған(-дар).
      19. "ТКО" - БҒМ жанындағы Технологияларды коммерциализацияландыру Офисы, басқалармен бірге, технологияларды коммерциализацияландыру стратегиясын жасауға, технологияларды бақылауға және Қарыз алушы қаржылайтын грант-бағдарламасын іске асыруға, Жобаны іске асыру нұсқауында көрсетілген шарттар мен тәртіптерге сай білім беруге жауапты.
      20. "Теңге" - Қарыз алушының заңды валютасы.

       Тарау II. Жалпы шарттарға енгізілген өзгерулер

      Жалпы шарттарға келесідей өзгерістер енгізілген:

      1. Тарау 3.01 келесідей болып келеді:
      "Тарау 3.01.  Қарыз тәсілдерін резервтеу үшін комиссия.  Қарыз алушы Банкке Қарыз сомасын резервтеген үшін комиссияны Қарыз туралы Келісімде көрсетілген ("Қарыз тәсілдерін резервтеу үшін комиссия") ставка бойынша төлеуге міндеттеме алады.
      2. Тарау 3.02 "Марапаттау" жаңа (й)   пунктіне ие болды, ол келесідей болып келеді:
      "(d) Осы Тарау (а) пунктінің ережелеріне тәуелсіз, егер Алынған қарыз қалдығының кез келген сомасы уақытында өтелмейтін болса және төлем отыз күннен мезгілін асырып алса, Қарыз туралы Келісімде көрсетілген проценттік ставканың орнына (немесе Конвертация нәтижесінде IV Тармаққа сай басқа пайыздық ставканы) Қарыз алушы пайыздық ставканы мезгілін асырып алған төлемге беруге мәжбүр болады, бүкіл мезгілін асырып алған сомасы толығымен төленгенше. Мезгілін асырып алған төлемге марапаттау сол төлемге пайыздар есептелініп қосылған әр мезгілдің бірінші күнінен есептелініп қосылады және әр бір Төлем Мезгіліндегі қарыздар бойынша жартыжылдық төленуін жасауға тиісті".
      3. "Анықтамалар" қосымшасы келесідей жөнделген:
      (а) Пункт 19 "Міндеттеме үшін комиссия" анықтамасы жойылған және де жалғастырушы параграфтар сәйкестеніп нөмірленетін болады.
      (b) Қосымшаға жаңа 27, 28, 29 және 30 тармақтары қосылған:
      27. "Мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі" алынған қарыз қалдығының әр бір мезгілін асырып алған сомасына, осы мезгілі асқан сома төленбеген уақыттағы, пайыздарды қосу мерзімінде есептелінеді; сондай-ақ, мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу бірінші мерзімі төлем мезгілі асқаннан кейінгі, 31 санынан басталады, ал соңғы мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі мезгілі асқан сома толығымен төленген күні бітеді".
      28. "Мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставка" мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу әр бір мерзіміне есептелінеді:
      (а) айнымалы спредпен Қарыз алу жағдайда: "ЛИБОР айыптық ставкасы" плюс "айнымалы спред" қосылған "бір пайыздың жартысы (0,5%)";
      (b) бекітілген спредпен Қарыз алу жағдайда Алынған қарыз қалдығының сомасына деген пайыз - оған мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі жатады - айнымалы пайыз ставкасы бойынша мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставка қолданбағанша дереу төленуі қажет: "айыптық айнымалы ставка" плюс "бір пайыздың жартысы (0,5%)";
      (с) бекітілген спредпен Қарыз алу жағдайда қарыз қалдығының сомасына - оған мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосу мерзімі жатады - бекітілген пайыз ставкасы бойынша мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставка қолданбағанша дереу төленуі қажет: "ЛИБОР айыптық ставкасы" плюс "бекітілген спред" плюс "бір пайыздың жартысы (0,5%)".
      29. "ЛИБОР айыптық ставкасы" деген пайыздарды қосудағы келісімді мерзім үшін ЛИБОР-ды белгілейді; мұнда мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосудағы бастапқы мерзім үшін ЛИБОР айыптық ставкасы, Тарау 3.02 пункт (d)-де көрсетілген сома алғашқы рет мезгілінен асқандағы пайыздарды қосудағы мерзімнің ЛИБОР ставкасына тең болады деп түсінеді."
      30. "Айыптық айнымалы ставка" пайыздар қосудағы келісімді мерзім үшін айнымалы пайыз ставкасын белгілейді; мұнда мезгілін асырып алған төлемге пайыздарды қосудағы бастапқы мерзім үшін пайыздың айыптық айнымалы ставкасы, Тарау 3.02 пункт (d)-де көрсетілген сома алғашқы рет мезгілінен асқандағы пайыздарды қосудағы мерзімнің пайыздың айнымалы ставкасына тең болады деп түсінеді".
      (с) Пункт 43 "Бекітілген спред"(өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) келесідей өзгертілген:
      "43. "Бекітілген спред" - Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір календарлық күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Қарыздың алғашқы валютасы үшін Банктің бекітілген спредін белгілейді; егер де алынбаған Қарыз қалдығының бүкіл немесе кез келген бөлігінің валютасын конвертациялағанда, мұндай спред орындау Мерзіміне қарай,   Конверациялауға нұсқаудағы  көрсетілген тәртіп бойынша өзгертіледі деген жағдайда; және де, жоғарыда айтылғанға қарамай, бекітілген ставка бойынша пайыздар қосылатындай, алынған Қарыз қалдығына қолданылған, мезгілін асырып алған төлемге пайыздық ставкасын анықтау мақсатымен, "Бекітілген спред" - осындай сома валютасын деноминациялау үшін, Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір календарлық күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Банктің бекітілген спредін белгілейді деген жағдайда".
      (d) Пункт 56 "ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі" (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) келесідей өзгертілген:
      "56. "ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі": (а) Евро-дан басқа кез келген Қарыз валютасы үшін, пайыздарды қосудағы келісімді мерзімінің бірінші күніне дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді (немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған ай алдындағы, айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді айтады; (іі) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзім алдындағы күн санына байланысты; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзім осы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса ЛИБОР ставкасын өзгерту мерзімі деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзімге дейінгі Лондондағы Банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығының көлеміндегі валютаны кез келген бекітілген, Евро-дан басқа валютаға конвертациялау Мерзімі төлемдер Мерзімі емес күнге келетін болса, бекітілген валюта үшін ЛИБОР бастапқы ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, конвертациялау Мерзімі келетін, бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы Банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді; егерде конвертациялау Мерзімі сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзіміне дейінгі Лондондағы Банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді); (b) Евро үшін пайыздарды қосудағы келісімді мерзімінің бірінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген (немесе: (і) бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін Қарыз алу туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленгін; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп осы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; (іі) Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, бекітілген спредпен Қарыз алу бойынша пайыздарды қосудың бастапқы мерзімі үшін Қарыз алу туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егерде Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзім алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығының көлеміндегі валютаны кез келген бекітілген, Евроға конвертациялау Мерзімі төлемдер Мерзімі емес күнге келетін болса, бекітілген валюта үшін ЛИБОР бастапқы ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімінің тап алдындағы күнге тәуелді, конвертациялау Мерзімі келетін, айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егерде конвертациялау Мерзімі сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі деп конвертациялау Мерзімі алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленеді); және де (с) осы пунктің (а) мен (b) мазмұндамаларына қарамай, бекітілген валютаға қажетті валютаны Конвертациялау мәселесінде, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімін анықтау бойынша нарық тәжірибесіне сәйкес, ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімдерге жатпайды. ЛИБОР ставкасын өзгерту Мерзімі басқа,  Конвертациялауға нұсқаудағы   нықталған мерзім болады деп Банк белгілейді".
      (е) Пункт 66 "Қарызды өтеу" (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) келесідей өзгертілген:
      "66. "Қарызды өтеу" Қарыз туралы Келісім Жақтары Банкке заңдық келісімдерге немесе осы Жалпы шарттарға сәйкес төлейтін кез келген сомасын белгілейді; сонымен бірге мұнда (кез келген алынған қарыз қалдығының сомасымен шектелмей) пайыздар, тәсілдерді резервтеуге комиссия, мезгілін асырып алған төлемге (бар болса) ставка бойынша марапат, мезгілі бітпей өтеу үшін кез келген марапаттар, валютаны конвертациялау үшін немесе конвертацияны аяқтау үшін кез келген транзакциялық төлемдер, бекітілген пайыздық ставка максимумын орнату немесе бекітілген пайыздық ставка минимумын орнату бойынша көзделетін кез келген марапаттар, ал тағы да Қарыз алушымен кез келген бөліп-бөліп төленетін сомалар".
      (f) Пункт 71 "Төлем мерзімі" (өзгерілген нөмірлеуге байланысты) келесідей өзгертілуі мүмкін:
      "71. "Төлем мерзімі" деген Қарыз туралы Келісімде көрсетілген кез келген мерзімді - сол күнді немесе ол Қарыз туралы Келісім мерзімінен кейінгі төлем өтелетін күнін белгілейді".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады