"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 335 Жарлығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 маусымдағы N 536 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 335 Жарлығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
29 мамырдағы N 335 Жарлығына толықтыру мен өзгеріс
енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 335  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 16, 176-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған қоса беріліп отырған Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттаманың жобасында:
      1-бап "Қорытынды Актіге және" деген сөздерден кейін "2006 жылғы 1 маусымда күшіне енген" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап
      1. Осы Хаттама соңғы мақұлдау құралы ұсынылған күннен кейінгі бірінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап өзі күшіне енетін күнге дейін уақытша қолданылатын болады.".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

      

Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші
тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше
мемлекеттер арасындағы
ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ
(ӘЫК) Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы
туралы
ХАТТАМА

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      бір тараптан,
      Еуропалық Одақ Кеңесі ұсынған, бұдан әрі - "мүше-мемлекеттер":
      БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ,
      БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ,
      ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ЭСТОН РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ГРЕК РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ИСПАНИЯ КОРОЛЬДІГІ,
      ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ИРЛАНДИЯ,
      ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      КИПР РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ЛАТЫШ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ЛЮКСЕМБУРГ ҰЛЫ ГЕРЦОГТІГІ,
      ВЕНГРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      МАЛЬТА РЕСПУБЛИКАСЫ,
      НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІ,
      АВСТРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ПОРТУГАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      РУМЫНИЯ,
      СЛОВЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      СЛОВАК РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ФИНЛЯНДИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ,
      ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ,
      ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ ҚҰРАМА КОРОЛЬДІГІ,
      және
      Еуропалық Одақ Кеңесі мен Еуропалық Комиссия ұсынған, бұдан әрі "Қоғамдастықтар":
      ЕУРОПАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖӘНЕ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ,
      екінші тараптан,
      бұдан әрі Хаттама мақсаттары үшін "Тараптар" деп аталады,
      2005 жылғы 25 сәуірде Люксембургте қол қойылған және 2007 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Бельгия Корольдігі, Чех Республикасы, Дания Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдігі, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдігі, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдігі, сондай-ақ Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі (Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер) және Болгария Республикасы мен Румыния арасындағы Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа кіруі туралы шарт талаптарын ескере отырып,
      Еуропалық Одаққа екі жаңа мүше мемлекеттің кіруі нәтижесінде туындайтын, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер мен міндеттерді көздейтін Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың жаңа сипатын назарға ала отырып,
      Тараптардың Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің міндеттері мен принциптеріне қол жеткізуді және орындауды қамтамасыз етуге ынтасы болуына байланысты,
      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

1-бап

      Болгария Республикасы мен Румыния 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енген, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық орнататын Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - "Келісім") қосылады және сол күні қол қойылған Қорытынды Актіге және 2006 жылы 1 маусымда күшіне енген 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге Хаттамаға қоса берілетін Келісімнің, Бірлескен Мәлімдемелердің, Хат алмасулардың және Қазақстан Республикасы Декларациясының мазмұнын басқа да мүше мемлекеттер сияқты дәл осындай жолмен тиісті түрде бекітеді және назарға алады.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

3-бап

      1. Осы Хаттаманы Қазақстан Республикасы және мүше мемлекеттердің атынан Қоғамдастықтар, Еуропалық Одақ Кеңесі өздерінің ішкі рәсімдеріне сәйкес бекітуі тиіс.
      2. Тараптар алдыңғы тармақта аталған тиісті рәсімдердің аяқталғаны туралы бір-бірін хабардар етуге міндеттенеді. Мақұлдаудың құралдары Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас Хатшылығының жанында сақталатын болады.

4-бап

      1. Осы Хаттама соңғы мақұлдау құралы өткізілген күннен бастап келесі бірінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне ену мерзіміне дейін уақытша қолданылады.

5-бап

      Келісімнің, Қорытынды Актінің және оларға қоса беріліп отырған барлық құжаттардың мәтіндері, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге Хаттамалар болгар және румын тілдерінде жасалады.
      Олар осы Хаттамаға қоса берілетін болады және басқа тілдерде жасалған Келісімнің, Қорытынды Актінің және оларға қоса беріліп отырған құжаттардың, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге Хаттамалардың мәтіндерімен бірдей күшке ие.

6-бап

      Осы Хаттама қазақ және болгар, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литван, мальта, поляк, португал, румын, словян, словак, испан, швед тілдерінде екі дана болып жасалды, құжаттардың әрқайсысы тең түпнұсқа мәтіндер болып табылады.
      .....қаласында 200_жылғы........жасалды.

       МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ҮШІН
      ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАР ҮШІН
      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады