Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 597 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы N 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 115-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесінде 1-тармақтың 6) тармақшасындағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 152-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде 15-тармақтың 1) тармақшасындағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2017 № 512 қаулысымен;

      4) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы N 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 61-құжат):

      кіріспедегі және 1, 2-тармақтардағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:

      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      3) тармақшада:

      "гендерлік жағдайды" деген сөздер "әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "гендерлік" деген сөзден кейін "және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақшада:

      үшінші абзацтағы "гендерлік теңдік", төртінші және бесінші абзацтардағы "гендерлік теңдікке" деген сөздер "әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің", "әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "жүргізуге" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "демографиялық жағдайды жақсартуға;";

      6) тармақшада:

      "ерлердің, әйелдер мен балалардың" деген сөздер "халықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақшада "отбасы және гендерлік теңдік" деген сөздер "жыныстар теңдігінің, отбасы және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшада "гендерлік теңдіктің" деген сөздер "жыныстар теңдігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      3) тармақшада "отбасы және гендерлік теңдік" деген сөздер "жыныстар теңдігі, отбасы және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшада "отбасы және гендерлік теңдік мүдделерін" деген сөздер "жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін";

      6) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 261 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 1, 6 және 16-жолдардағы "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертудегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) "Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы N 600 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 241-құжат):

      2-тармақтағы "Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 20, 21, 35, 37, 38, 40, 41 және 43-жолдардағы "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертудегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      9) "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 953 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірлері 1, 8, 12, 17, 25, 29, 34, 36, 45, 46-жолдардың 4-бағанда "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертудегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы мәселелері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):

      Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірлері 3, 145, 146, 147-жолдардың 3-бағанында "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпедегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамындағы:

      "Моисеева Нелли Яковлевна - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас сарапшысы" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Моисеева Нелля Яковлевна - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының сарапшысы";

      12) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

      4-бөлімдегі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.08.2017 № 512 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады