"2091 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 тамыздағы N 734 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер  кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпы алаңы 7 гектар жер учаскесі Алматы облысы Панфилов ауданы Пиджим ауылдық округінің босалқы жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2091 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қорғас" жеке бақылау-өткізу пунктінің әскери қалашығын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады