"Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 қыркүйектегі N 830 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Ташкентте 2003 жылғы 5 қыркүйекте жасалған, Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Ташкентте 2003 жылғы 5 қыркүйекте жасалған, Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының  хартиясына  өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

Ресми куәландырылған мәтін

Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрі - ШЫҰ немесе Ұйым) төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:

1-бап

      ШЫҰ Хартиясының  11-бабының  бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Хатшылық ШЫҰ-ның негізгі тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы болып табылады және Ұйымның қызметін үйлестіруді, ақпараттық-талдауды, құқықтық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты және Ұйымның халықаралық байланыстарын дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді, ШЫҰ органдары шешімдерінің орындалуын бақылайды".

2-бап

      ШЫҰ Хартиясының 11-бабының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарындағы "Атқарушы хатшы" деген сөздер "Бас хатшы" деген сөздермен тиісті септікте ауыстырылсын.

3-бап

      Осы Хаттама ШЫҰ Хартиясының  21-бабында  көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      Ташкентте 2003 жылғы 5 қыркүйекте орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН

      ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады