"Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану жөніндегі концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 910 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысының әкіміне және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне 2008 жылғы 31 қазанға дейінгі мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өкілдік ететін Қазақстан Республикасы мен "ENRC Logistics (И-Эн-Ар-Си Логистикс)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - концессионер) арасында жасалған концессия шартының қолданылу мерзіміне "Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану үшін жер учаскелеріне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі:
      1) магистральдық темір жол желісі операторы мен концессионер арасындағы "Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісін пайдалануға байланысты өзара қарым-қатынастарды реттеу туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етсін;
      2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2009 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен "Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісінің жанасу, оны салу және пайдалану мәселелерін Қытай Халық Республикасының уәкілетті органдарымен келіссін.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) концессионерге "Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану жөніндегі концессиялық жобаны іске асыру жөнінде инвестициялық преференциялар беру мүмкіндігін қарастырсын;
      2) концессионерге сараптамалық сүйемелдеу режимінде (тиісті жобалау кезеңдері бойынша тиісті жергілікті оң қорытындылар ресімдей отырып) "Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісінің құрылысын кезең-кезеңімен жүргізуге рұқсат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады