"Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамының тантал қалдықтарын және сынығын әкелу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы N 1022 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 288-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамына 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін (8103 30 000 0 ТН ВЭД ЕурАзЭҚ коды) тантал құрамы бойынша 653 400 кг мөлшерінде тантал қалдықтарын және сынығын оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында өңдеу үшін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады