Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1065 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 14 қарашадағы
N 1065 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
      Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау жөніндегі күш-жігерді біріктіру қажеттігіне сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      "радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объекті" - авария кезінде немесе қираған кезде адамдардың қаза табуы немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның жойылуы немесе радиоактивті немесе химиялық немесе биологиялық зақымдануы мүмкін жағдайда радиоактивті заттарды, уытты химикаттарды немесе биологиялық құралдарды сақтайтын, қайта өңдейтін, қолданатын немесе тасымалдайтын объект;
      "Тарап мемлекеті қорғаныс министрлігінің объектісі" - бір Тараптың қарулы күштерінің әскери бөлімі немесе ұйымы.

2-бап

      Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы радиоактивті заттарды, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың өзгеруі және таралу қатері туралы ақпарат беру жолымен Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласында Тараптар өзара іс-қимыл жасайды.
      Осы мақсатта Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылаудың және бағалаудың бірлескен жүйесін (бұдан әрі - Бірлескен жүйе) құрады.
      Бірлескен жүйені құру және оның міндеттерді орындау қағидаттары осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша ретінде көзделген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылаудың және бағалаудың бірлескен жүйесі туралы ережемен (бұдан әрі - Бірлескен жүйе туралы ереже) айқындалады.
      Осы Келісімді іс жүзінде іске асыруды Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрліктері жүзеге асырады.

3-бап

      Бірлескен жүйе мынадай міндеттерді шешу үшін құрылады:
      Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың жай-күйін ұдайы бірлесіп бақылауды қамтамасыз ету;
      әрбір Тарап мемлекетінің аумақтарындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және басқа да Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қатері туралы ақпарат беру және алу;
      әрбір Тарап мемлекетінің аумақтарындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және басқа да Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қаупі туралы әскерлерді (халықты) хабардар ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіру.

4-бап

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесі жанында Бірлескен жүйені құру және жетілдіру жөніндегі күш-жігерді келісу мақсатында Тараптар мемлекеттерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Үйлестіру комитеті) құрылады.
      Үйлестіру комитетінің құрамына оның мүшелері ретінде Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарынан басқа, Тараптардың келісімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің басқа да лауазымды адамдары кіруі мүмкін.
      Үйлестіру комитеті Бірлескен жүйе туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.

5-бап

      Осы Келісім шеңберінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру, оның ішінде Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қатері туралы ақпаратты Тараптардың беру тәртібі Үйлестіру комитеті әзірлейтін және Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрлері бекітетін Өзара іс-қимыл жоспарымен айқындалады.
      Бір Тарап мемлекеті қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау күштері мен құралдарын тікелей басқаруды Өзара іс-қимыл жоспарын ескере отырып, осы Тарап мемлекетінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлерінің бастығы жүзеге асырады.
      Қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіруді Үйлестіру комитеті жүзеге асырады.

6-бап

      Осы Келісім шеңберінде берілетін әрбір Тарап мемлекетінің аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруі және Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық құралдардың таралу қатері туралы ақпарат тек осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылады. Осы Келісімді іске асыру барысында бір Тарап алған ақпарат, ол басқа Тараптарға зиян ретінде пайдаланылмайды.
      Мемлекетаралық құпиялармен жұмыс істеу тәртібі және оларды қорғау 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге немесе құпия ақпаратты (мемлекеттік құпияларды) өзара қорғау (күзету) туралы екі жақты келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Жасырын ақпаратты беру және оны қорғау Тараптардың заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тараптардың ақпаратты қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға құқығы бар.

7-бап

      Радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау саласындағы әскери мамандарды оқыту Тараптар арасындағы екі   жақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

8-бап

      Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

9-бап

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оны күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап күшіне енеді.

10-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.

11-бап

      Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады.
      Әрбір Тарап депозитарийге шығу күніне дейін алты айдан кешіктірмей, бұл туралы жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Келісімнен шыға алады.

12-бап

      Осы Келісім оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін және осы Келісімнен туындайтын міндеттерді өзіне қабылдауға әзір Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына басқа да қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық және олар үшін депозитарий қосылу туралы хабарлама алған күнінен бастап күшіне енді деп саналады.
      2008 жылғы "__" қарашада __________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасының      Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін                Үкіметі үшін

Әзірбайжан Республикасының   Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының      Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін                Үкіметі үшін

Грузия Үкіметі үшін          Тәжікстан Республикасының
                                  Үкіметі үшін
 
 
Қазақстан Республикасының    Түрікменстан Үкіметі үшін
     Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының         Украина Үкіметі үшін
      Үкіметі үшін

      Жоба 

2008 жылғы "__" қарашадағы       
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттер қорғаныс    
министрліктерінің радиациялық,   
химиялық және биологиялық жағдайды
бақылау саласындағы өзара іс-    
қимылы туралы келісімге қосымша  

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылаудың және бағалаудың бірлескен жүйесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың бірлескен жүйесі (бұдан әрі тиісінше - Бірлескен жүйе, Келісім) Келісімге қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жай-күйді тұрақты бақылауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ әрбір Тарап мемлекетінің аумағындағы көрсетілген жағдайдың өзгеруі және басқа да Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы радиоактивті заттардың, уытты химикаттар мен биологиялық заттардың таралу қатері туралы ақпаратты Келісімге қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрі - Тараптар) үкіметтеріне және олардың әскери басқару органдарына жедел ұсыну үшін құрылады.
      2. Бірлескен жүйе Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің міндеттерді олардың мүдделерінде бірлесіп шешу үшін (бұдан әрі - Тараптар) радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалау күштері мен құралдарын (бұдан әрі - Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдары) қамтиды.
      Бірлескен жүйенің күштері мен құралдары ұлттық қағидат бойынша әрекет етеді және әрбір Тарап мемлекетінің қорғаныс министрліктерінің объектілеріндегі радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалау жөніндегі міндеттерді дербес шешеді.
      Бірлескен жүйе Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жаппай қырып-жою қаруын қолдану, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілердегі авариялардың (қиратулардың) ауқымы мен салдарын анықтау мен бағалаудың бірыңғай жүйесінің жедел үйлестіру орталығына ақпаратты түрде шоғырландырылатын Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың ұлттық жүйелерінен тұрады. Көрсетілген ұлттық жүйелер өз кезегінде, әскер түрлері мен тектері бірлестіктерінің, құрамаларының шағын жүйесін (буындарын), сондай-ақ Тараптар мемлекеттері қарулы күштерінің тиісті әскери бөлімдерін қамтиды. Шағын жүйелердің өз құрамында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың жедел, жедел-тактикалық және тактикалық буындары болады. Буындар басқару пункттерінен, ядролық жарылысты анықтау күштері мен құралдарынан, радиациялық, химиялық барлаудан және радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау бекеттерінен тұрады.
      Әрбір Тарап өзінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуін дербес қамтамасыз етеді.
      Бірлескен жүйенің күнделікті жұмыс істеу режимінде радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау жөніндегі міндеттерді тәулік бойы орындау радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау шағын жүйелерінің (буындарының) кезекші ауысымына жүктеледі.
      Бірлескен жүйенің кезекші күштері мен құралдарын басқару Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының басқару пункттерінен жүзеге асырылады.
      Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіпті объектілерде Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайдың өзгеруіне ықпал етуі мүмкін төтенше жағдайлар туындаған жағдайда радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау және бағалау жөніндегі міндеттерді шешу бекітілген Өзара іс-қимыл жоспары негізінде осы Тарап мемлекеті қорғаныс министрлігінің күштерімен және құралдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
      Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдарының бірлескен іс-қимылын басқару аумағында көрсетілген іс-шаралар орындалып жатқан Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының басқару пункттерінен жүзеге асырылады.
      3. Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдарының бірлескен іс-қимылын үйлестіруді Тараптар мемлекеттерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлері бастықтарының үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Үйлестіру комитеті) жүзеге асырады. Үйлестіру комитеті туралы ережені Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі бекітеді.
      Үйлестіру комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай, әдетте, жылына бір рет олардың арасындағы алдын ала келісу бойынша айқындалатын Тараптардың бір мемлекетінің аумағында кезекпен өткізіледі.
      Үйлестіру комитетінің отырыстарын өткізу жөніндегі шығыстарды аумағында отырыс өткізілетін Тараптың мемлекеті көтереді. Үйлестіру комитетінің мүшелерін іссапарға жіберу жөніндегі шығыстарды жіберуші мемлекет көтереді.
      4. Үйлестіру комитетінде төрағалық ету Үйлестіру комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Үйлестіру комитетінің төрағасы өз қызметінде Келісімді, Үйлестіру комитеті туралы ережені және бекітілген Өзара іс-қимыл жоспарын басшылыққа алады.
      5. Үйлестіру комитетінің төрағасы:
      Келісім шеңберіндегі бірлескен міндеттерді орындау кезінде Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдарының іс-қимылын үйлестіреді;
      Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлерінің бастығымен бірлесіп, Өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және дайындауды ұйымдастырады және оны Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрлеріне бекітуге ұсынады;
      Тараптар мемлекеттері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) әскерлерінің бастықтарымен бірлесіп, Тараптар мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалау күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін одан әрі дамыту және анықтау жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуді ұйымдастырады.
      6. Келісім шеңберінде өзара іс-қимыл кезінде Бірлескен жүйенің күштері мен құралдарына басшылық жасау орыс тілінде жүзеге асырылады.
      7. Тараптар мемлекеттерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (химиялық қорғау) қызметінің өкілдеріне радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті объектілерге және Тараптар мемлекеттерінің қорғаныс министрліктері күштері мен құралдарының объектілеріне кіруге рұқсат ету әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады