Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1148 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекше кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1148 қаулысымен    
мақұлданған       

жоба

Айрықша жағдайларда бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 4-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында,
      халықаралық сауданың жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен ережелерін басшылыққа ала отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттамадағы "Бірыңғай кедендік тариф", "кедендік әкелу бажының ставкасы" және "Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасы" түсініктері 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 2-бабында айқындалған мәндерде пайдаланылады.

2-бап

      Бірыңғай кедендік тарифті қолданысқа енгізген және оны жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді Кеден одағының комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) берген күнінен бастап Бірыңғай кедендік тарифтің ставкасымен (бұдан әрі - неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставка) салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкасын Тараптардың біреуі осы Хаттамаға сәйкес қабылданатын Комиссияның шешімі негізінде ерекше жағдайларда үшінші елдерден шығарылатын тауарға қатысты қолданылуы мүмкін.
      Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары ставканы қолдануын, егер, мұндай шара осы Тарап мемлекеті экономикасының тиісті саласын дамыту үшін қажетті жағдай болып табылатын жағдайда осы Тарап ұсынуы мүмкін.
      Тараптардың біреуінің неғұрлым төмен ставканы қолдануын, егер, мұндай шара халықтың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін немесе үшінші елдерден дәстүрлі импорттан елеулі деңгейдегі тәуелді өндірістің даму қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет аса тапшылығы жағдайында осы Тарап ұсынуы мүмкін және кеден одағындағы осы немесе ұқсас тауарды шығару есебінен жүзеге асырылуы мүмкін емес.

3-бап

      1. Комиссияның Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым темен ставканы қолдануы туралы мәселені қарауы үшін бұл Тарап Комиссияға оны қолдану қажеттігінің негіздемесін қоса бере отырып, неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану туралы ұсынысты береді.
      2. Неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану туралы ұсыныс мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      а) тауарға арналған Бірыңғай кедендік тариф ставкасының мөлшері;
      б) ұсынысты енгізетін Тарап мемлекетінде және тұтастай алғанда кеден одағында (заттай және құндық мәнде) да өндіріс көлемі және тауардағы қажеттілік туралы мәліметтер;
      в) ұсынысты енгізетін Тарап мемлекетінің және тұтастай алғанда кеден одағының тауар импортының көлемі туралы мәліметтер;
      г) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолданудың
болжамды мерзімі;
      д) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану
мақсатына жету үшін басқа Тараптар қабылдауы тиіс шаралар.
      3. Неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану қажеттігінің негіздемесі статистикалық деректерден, қаржы-экономикалық есептерден және неғұрлым жоғары немесе неғұрлым темен ставканы қолданудың орындылығын және оның өзге құралдарды қолдану мақсатына жетуіне мүмкін еместігін растайтын басқа ақпараттан, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің нарықтары үшін оны қолданудың салдарын бағалаудан және үшінші елдердің ықтимал іс-әрекетін бағалаудан тұруы тиіс.
      4. Комиссия басқа Тараптарға Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдануы туралы ұсынысты жібереді.
      5. Комиссия Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым темен ставканы қолдануы мәселесін Комиссияның неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану туралы ұсынысын алған күнінен бастап 30 күн ішінде қарайды.

4-бап

      1. Комиссия Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкаларды қолдануы туралы шешімді мынадай шарттар болған кезде қабылдайды:
      а) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолданудың
негізділігі;
      б) басқа Тараптардың Бірыңғай кедендік тариф ставкасының тиісті өзгеруіне келіспеушілігі.
      2. Комиссия Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкаларды қолдануы туралы шешімді консенсус негізінде қабылдайды.
      3. Комиссияның Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкаларды қолдануы туралы шешімі мынадай ақпараттан тұруы тиіс:
      а) тауардың атауы;
      б) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша коды;
      в) Тараптың неғұрлым жоғары немесе неғұрлым темен ставканы қолдану мерзімі;
      г) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканың мөлшері;
      д) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мақсатына қол жеткізу үшін басқа Тараптар қабылдауы тиіс шаралар.
      4. Комиссия шешімімен белгіленген Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімі алты айдан асуы мүмкін емес.
      5. Неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімін келесі алты айға ұзарту туралы мәселені мүдделі Тарап осы мерзім аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей енгізуі мүмкін.

5-бап

      1. Комиссия Тараптар оларды әкелу кезінде неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставкаларды қолданатын тауарлардың тізбесін жүргізеді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген Тізбеге мынадай ақпарат енгізіледі:
      а) тауардың атауы;
      б) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша коды;
      в) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолданатын Тарап;
      г) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканың мөлшері;
      д) неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімі;
      е) Бірыңғай кедендік тариф ставкасының мөлшері.

6-бап

      Осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады және ұзартуға жатпайды.

7-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың консультациялар мен келіссөздер жүргізуі жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау кез келген мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

8-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

9-бап

      Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне енуі, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы Хаттамамен айқындалады.
      2008 жылғы "__"_________ __________ қаласында орыс тіліндегі жалғыз түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Комиссия депозитарийінің функцияларын бергенге дейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті болып табылатын депозитарийде сақталады.
      Депозитарий әрбір Тарапқа осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін жібереді.

       Беларусь               Қазақстан             Ресей
      Республикасының        Республикасының       Федерациясының
      Үкіметі                Үкіметі               Үкіметі
      үшін                   үшін                  үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады