"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1179 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің                                  К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 15-16, 62-құжат):
      1) 28-баптың 2-бөлігінде "немесе террористік ұйым деп тану" деген сөздерден кейін "сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар, Қазақстан. Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін заңсыз деп тану туралы істерді" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 289-баптың бірінші бөлігінде "тану туралы" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін тану туралы";
      3) мынадай мазмұндағы 36-3-тараумен толықтырылсын:
      "36-3-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне
                   қайшы келетін ақпараты бар, Қазақстан
                   Республикасының аумағында таратылатын шетелдік
                   бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін тану
                   туралы өтінімдер бойынша іс-жүргізу
      317-9-бап. Өтінімді беру
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тану туралы өтінімді прокурор немесе өз құзыретінің шегінде уәкілетті орган Астана қаласының сотына береді.
      317-10-бап. Өтінімнің мазмұны
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тану туралы өтінімде қандай ақпарат осындай тануға жататыны көрсетілуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ақпараттық өнімнің сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуі тиіс. Өтінімде мазмұндалған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер өтінімде мазмұндалуы тиіс.
      317-11-бап. Соттың өтінім бойынша шешімі.
      Сот Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі заңсыз деп танып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім шығарады.
      Заң күшіне енген соттың шешімі олардың құзыреті шегінде уәкілетті органдарға жіберіледі.".
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; 2008 жылғы 16 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 494-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "4. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзу, -
      орта немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекет, -
      байланыс қызметін көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.";
      2) 541-баптың бірінші бөлігінде "494-1 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер "494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 549-1-1-баптың бірінші бөлігінде "494-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "494-1 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 12, 86-құжат; N 13, 100-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 13-14, 55-құжат):
      14-1-баптың 7-тармағында "WEB-сайттарды" деген сөздер "интернет-ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 20, 153-құжат):
      22-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының аумағында мазмұны ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратуға;".
      5. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 77-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақшада:
      "WEB-сайттарды" деген сөздер "интернет-ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (Интернет және басқалары)" деген сөздер алып тасталсын;
      6) тармақшада:
      "WEB-сайтта" деген сөздер "интернет-ресурста" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі" деген сөздер алып тасталсын;
      8) тармақша "кинохроникалық бағдарламаларды көрсету" деген сөздерден кейін "және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақша алып тасталсын;
      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Бұқаралық ақпарат құралдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар не қылмыстық-жазаланатын әрекеттер жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді.";
      3) 5-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде "WЕВ-сайттарға" деген сөздер "интернет-ресурстарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 10-баптың 1-тармағындағы "WEB-сайттардан" деген сөздер "интернет-ресурстардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 13-бапта:
      тақырыбындағы "(эфирге шығаруды)" деген сөздер алып тасталсын;
      "бұқаралық ақпарат құралын шығаруды" деген сөздерден кейін "немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін. Егер, ақпаратты тарату кезінде Заңның бұзылуы және мәліметтерді жариялау айқын сипатта болса және егер ол тез арада жойылмаса, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне зиян келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тоқтата тұру туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш күн ішінде заңнамалық актілерге қайшы келетін осындай ақпараттың таратылғанын тану міндетті түрде сотқа жүгіне отырып, оны таратуды тоқтата тұруға құқылы.
      2. Басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, радио және теледидар бағдарламаларының эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін таратуды тоқтату, уақытша тоқтата тұру деп түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратуды тоқтата тұру үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.";
      3-тармақта:
      "(эфирге шығуын)" деген сөздер алып тасталсын;
      "бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын" деген сөздерден кейін "не бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің таратылуын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бейне өнімдерді көрсету" деген сөздерден кейін "бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың қызметтерінің кандидаттарды, саяси партияларды, ұсынылған партия тізімдерін ұсынуға және сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін және (немесе) ықпал ететін әрекетті жүзеге асыруы, тыйым салған кезінде үгіт-насихат жүргізуге, ереуілге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңдарды бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ";
      "3-2" деген сандар "6" деген санмен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және діни қақтығысты өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын тоқтатуға негіз болып табылады.";
      5-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "(эфирге шығуын)" деген сөздер алып тасталсын;
      "бұқаралық ақпарат құралының шығуын" деген сөздерден кейін "не бұқаралық ақпарат құралы өнімдерінің таратылуын деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацта:
      "(эфирге шығаруды)" деген сөздер алып тасталсын;
      "бұқаралық ақпарат құралын" деген сөздерден кейін "не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін таратуды" деген сөздермен толықтырылсын.
      6. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; 2007 ж., N 12, 86-құжат, N 19, 147-құжат):
      бүкіл мәтін бойынша "веб-сайттар", "веб-сайтта" деген сөздер "интернет-ресурстар", "интернет-ресурста" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж. N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 24,
148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат):
      1) 2-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық почтаның мекен-жайы, почталық мекен-жайы, жеке тұлғалардың паспортының деректері және заңды тұлғалар үшін реквизиті), деректерді беру желісінің хаттамасы, интернет-ресурсты сәйкестендіруі, деректерді беру желісінде интернет-ресурсқа өтінімнің мекен-жайы және деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекен-жайы, абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы биллингтік мәліметтер";
      3) мынадай мазмұндағы 38-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "38-1) сәйкестендіру коды - оны осы құрылғыға қосу кезінде байланыс операторының желісіне берілетін шығарушы зауыт тағайындаған абоненттік құрылғының (абоненттік станцияның) коды;";
      2) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты 2 жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға міндетті.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары байланыс желілерінде жедел іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізу мен беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің ашылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";
      40-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндетін бұзғаны үшін байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.".
      8. "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 9, 25-құжат):
      18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында WEB-сайттарды қоса алғанда, жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникация желілерінде" деген сөздер "интернет-ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20 құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57-құжат, 58; N 15-16, 60-құжат):
      1) 5-баптың 8-тармағында "WEB-сайттарды қоса алғанда, жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникация желілерінде" деген сөздер "интернет-ресурстарды қоса алғанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 23-бапта "қолжетімді телекоммуникациялық желілерде (Интернет және басқаларында) WEB-сайттар" деген сөздер "интернет-ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2007 ж., N 2, 13-құжат):
      1) 1-бапта:
      11) тармақшада:
      "мемлекет атынан меншік иесі" деген сөздер "мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген сөздер алып тасталсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) интернет-ресурс - ашық технологиялардың, сондай-ақ өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ұйымдастырушы құрылымның негізінде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және/немесе пайдалану технологиясы, ақпараттық-коммуникациялық желі;";
      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "30-1) интернет-ресурстың меншік иесі - интернет-ресурсты толық көлемде иелену, пайдалану және басқару құқығын іске асыратын субъект;";
      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "31-1) Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет-электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін, техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы заңды тұлға;";
      4) 5-бапта:
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу тәртібін бекіту;";
      15) тармақшада "веб-сайттарда" деген сөздер "интернет-ресурстарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызметті анықтау;";
      3) 6-бапта:
      15) тармақшада "құжаттаманы" деген сөзден кейін "сынау," деген сөзбен толықтырылсын;
      16) тармақшада:
      "ақпараттық жүйелерді," деген сөздерден кейін "сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде" деген сөздер "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақшада "веб-сайтын" деген сөздер "интернет-ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 9-бапта:
      6) 6 және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      7) тармақшада "веб-сайты", "веб-сайттарының" деген сөздер "интернет-ресурсы", "интернет-ресурстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      "9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық
                қызметтің өкілеттіктер
      Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет:
      1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді аттестаттауға қатысады;
      2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдеріне, бағдарламалық кодтарына және нормативтік-техникалық құжаттамасына сынақ жүргізеді;
      3) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруді жүзеге асырады;
      4) мемлекеттік органдардың интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай Шлюзін сүйемелдеуді және дамытуды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігін тексерулерге қатысады;
      6) өзінің құзыретінің шеңберінде мемлекеттік органдарға консультациялық және тәжірибелік көмек береді;
      7) "электрондық үкімет" ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      8) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды құруға және техникалық сүйемелдеуге қатысады.";
      6) 17-баптың 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануға енгізу ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына оның сәйкестігіне аттестаттаудың нәтижелері бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтары мен нормативтік-техникалық құжаттамасын сынаудың оң қорытындысы жағдайында жүзеге асырылады.";
      7) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер оның ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауға жатады.";
      8) 21-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша таратылатын ақпаратты сот осы Заңының және басқа да заңнамалық актілердің талаптарына қайшы келетін деп таныған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар, байланыс операторлары, интернет-ресурстың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралының Қазақстан Республикасының аумағында таратылуын не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын тоқтата тұруы не тоқтатуы тиіс.
      4. Егер Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылса, бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы сот шешімі домендік атауды немесе 3 айдан аса мерзімде қосарланған атауды пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.";
      Егер Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылса, бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы сот шешімі домендік атаудың тіркелуін алып тастауды және 1 жыл бойы бұрын сот шешімімен тіркеуден алып тасталған сол домендік атауды немесе қосарланған атауды пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.";
      9) 23-баптың 10 және 11-тармақтарында "ұлттық операторға", "Ұлттық оператор" деген сөздер "ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызметке", "ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 24-баптың 1 және 6-тармақтарында "ұлттық оператор" деген сөздер "Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 25-баптың 5 және 6-тармақтарда "ұлттық оператор", "Ұлттық оператор" деген сөздер "Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет", деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):
      бүкіл мәтін бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайтта", "веб-сайттың", "веб-сайты", "Веб-сайтында", "веб-сайтқа", "веб-сайтының", "веб-сайтына", "веб-сайтынан" деген сөздер "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурста", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "Интернет-ресурсында", "интернет-ресурсының", "интернет-ресурсына", "интернет-ресурсынан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (2008 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
      7-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацында "веб-сайт" деген сөздер "интернет-ресурс" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады