"Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1278 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу  және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж, N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат):
      1) 11-бапта:
      екінші бөлігі алып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.";
      2) 58-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:
      "Егер де қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.";
      3) 59-баптың үшінші бөлігіндегі "Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында (бабының бөлігінде) айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ осы" деген сөздер "Осы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 63-баптың үшінші бөлігінде:
      "дейінгі" деген сөзден кейін ", ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау кезінде сынақ мерзімі кезеңінде кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты қайталап жасаған кезде де шартты түрде соттауды қолдануға болады.";
      5) 64-бапта:
      төртінші бөліктегі "ауырлықты қасақана қылмыс" деген сөздер "ауырлықтағы қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адам кішігірім, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөліктегі "аса ауыр қылмыс" деген сөздерден кейін ", ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 72-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сотталған жүкті әйелдерге жазаны өтеуді сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдерге жазаның орындалуын сот бала он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдерге жазаны өтеу кейінге қалдырылмайды.";
      7) 77-бапта:
      бірінші бөліктегі "қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде" деген сөздер "қылмыстың қайталануын анықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
      "4-1. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықтың жойылу мерзімі негізгі және қосымша жаза өтелген кезден бастап есептеледі.
      4-2. Адам әртүрлі ауырлықтағы санатқа жататын қылмыстар үшін қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталған кезде соттылық әр қылмыс үшін жеке жойылады, бұл ретте жойылу мерзімі қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны өтеген кезден бастап есептеледі.";
      8) 96-бабы екінші бөлігінің тармағындағы "осы Кодекстің 97-100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру" деген сөздер "бірнеше рет жасалса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 103-бабы екінші бөлігінің к) тармағындағы "немесе оны бұрын осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтіруді жасаса" деген сөздер алып тасталсын;
      10) 104-бабы екінші бөлігінің ж) тармағындағы "немесе бұрын осы Кодекстің 96-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген немесе кісі өлтірген адам жасаса" деген сөздер алып тасталсын;
      11) 117-баптың үшінші бөлігіндегі "Заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекет" деген сөздер "Нақ сол әрекет бірнеше рет жасалса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 120-бабы екінші бөлігінің г) тармағындағы "немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам" деген сөздер алып тасталсын;
      13) 121-бабы екінші бөлігінің г) тармағындағы "жасалған немесе бұрын зорлау жасаған адам" деген сөздер алып тасталсын;
      14) 170-баптың екінші бөлігіндегі "топпен жасалған, сол сияқты бұрын осы бап бойынша сотталған адам" деген сөздер "топ жасаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 175-бапта:
      үшінші бөліктің в) тармағы алып тасталсын;
      Ескертулердегі:
      үшінші және төртінші бөліктер алып тасталсын;
      бесінші бөліктегі "Меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен" деген сөздер "Бөтен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16) 176 және 177-баптарда:
      үшінші бөліктерінің в) тармақтары алып тасталсын;
      17) 178-бапта:
      үшінші бөліктің в) тармағы алып тасталсын;
      18) 179-бапта:
      үшінші бөліктің г) тармағы алып тасталсын;
      19) 181-бапта:
      үшінші бөліктің г) тармағы алып тасталсын;
      20) 183-бабы екінші бөлігінің в) тармағындағы "ұрлық, қорқытып алу, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адам" деген сөздер "бірнеше рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 190-баптың екінші бөлігінің в) тармағындағы "заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам" деген сөздер "бірнеше рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 191-баптың екінші бөлігінің в) тармағындағы "заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған адам" деген сөздер "бірнеше рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 221-баптың екінші бөлігіндегі "Бұрын салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталған адам жасаған" деген сөздер "Бірнеше рет жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 223-баптың екінші бөлігінің а) тармағындағы "тұтынушыларды алдағаны үшін бұрын сотталған адам" деген сөздер "бірнеше рет жасаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 227-1-бабы үшінші бөлігінің в) тармағы алып тасталсын;
      26) 248-баптағы ескерту алып тасталсын;
      27) 257-бабы екінші бөлігінің в) тармағындағы "бұзақылық үшін бұрын сотталған адам" деген сөздер "бірнеше рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 270-баптың екінші бөлігіндегі ", сол сияқты жезөкшелікпен айналысуға тартқаны, не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны, не жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған" деген сөздер "жасаған не бірнеше рет жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 271-баптың екінші бөлігіндегі ", сол сияқты притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны, не жеңгетайлық жасағаны, не жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін бұрын сотталған адам жасаған" деген сөздер "жасаған не бірнеше рет жасалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):
      1) 7-баптың 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "39) "өтініш жасау" - тараптың немесе мәлімдеушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға арналған өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы арыз;";
      2) 24-бапта:
      үшінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы Кодекстің 361-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істегі бар және сот отырысында тараптар табыс еткен дәлелдемелерді зерттеу қажеттілігі мен жеткіліктілігі мәселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес";
      төртінші бөліктің екінші сөйлеміндегі "мәлімдемелерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ дәлелдемелер ретінде іс материалдарын жинақтау және бекіту кезінде тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолданылғаны туралы мәлімдемелерді" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 42-баптағы "күннен" деген сөз "тәуліктен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 57-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген сөздер "Жоғарғы Сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары жүзеге асырады.";
      5) 58 және 59-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "58-бап. Соттың құрамы
      1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара, ал аса ауыр қылмыстар жөніндегі істерді айыпталушының өтініші бойынша бір судья және он алқабилер құрамында жүзеге асырады.
      2. Апелляциялық тәртіппен қылмыстық істі қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.
      3. Кассациялық сатыда кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
      4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қараған кезде тиісті соттың құрамы осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалады.
      5. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі кіресілі-шығасылы адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.";
      59-бап. Соттың өкілеттігі
      1. Сот билігінің иесі ретіндегі соттың өкілеттігі заңмен айқындалады.
      2. Тек соттың ғана:
      1) адамды қылмыстың жасалуына айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға;
      2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;
      3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;
      4) тергеушінің, анықтау органының, прокурордың күдіктіге, айыпталушыға қатысты таңдаған үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын немесе олардың мерзімін ұзартуды санкциялауға;
      5) жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарауға құқығы бар.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртіпте сот:
      қылмыстық қудалау органдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдарды қарайды;
      әкімшілік жазаға тартады;
      жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы прокурордың қаулысына шағымдарды қарайды;
      үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарайды.
      4. Егер сотта істің қаралуы кезінде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында немесе істі төменгі тұрған соттың қарауы кезінде жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын қажетті шаралар қабылдауды талап ететін заңды бұзудың аталған мән-жайлары мен фактілеріне аударатын жеке қаулы шығарады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа да жағдайларда жеке қаулы шығаруға құқылы.
      5. Қылмыстар құрамын құрайтын әрекеттердің жасалу фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті прокурордың атына жеке қаулы шығарады.";
      6) 69-баптың бірінші бөлігінде:
      бірінші сөйлемдегі "не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам," деген сөздер алып тасталсын;
      бірінші бөлігіндегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша оған қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы - сотталушы, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы - сотталған адам, өзіне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы - ақталған адам деп аталады.";
      7) 90-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағындағы "прокурордың" деген сөзден кейін ", тергеу мен анықтау органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "109-бап. Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды сотта қарау тәртібі
      1. Егер көрсетілген әрекеттердің (шешімдердің) заңдылығын тексеруді сотта талқылау сатысына дейін кейінге қалдыру адам мен азаматтың қысым жасалған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе қиындатса, прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеттерімен және шешімдерімен жеке құқықтары мен бостандықтары қозғалған тұлға сотқа қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тарту жөніндегі шағыммен, сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан, тоқтата тұрудан және қысқартудан бас тартқан, тінту жүргізілген және/немесе мүлікті алған, оған тыйым салған кезде заңның бұзылғанына жүгінуге құқылы. Шағым тиісті шешіммен нақты танысқаннан кейін не уәкілетті прокурор осыған ұқсас шағымды қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда ғана сотқа беріледі.
      2. Қылмыстық қудалау органдарының қаулыларына шағымды тексерген кезде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау нысанасы болып табылатын мәселелерді шешпеуге тиіс.
      Сотта тексеру шектері осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаған және шешімдерді қабылдаған кезде заң нормаларының сақталғанын анықтаумен шектеледі.
      4. Шағым келтіру шағымдалып отырған әрекетті жүргізуді және
шағымдалып отырған шешімнің орындалуын тоқтатпайды.
      5. Шағымды қылмыстық процесті жүргізетін органның орналасқан жері бойынша тұлға келіспеген шешіммен танысқан күннен бастап он бес тәуліктің ішінде не сол мерзімде прокурордың атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы прокурордың хабарламасын алғаннан кейін немесе егер жауап алынбаса прокурорға шағым берілгеннен кейін он бес күн өткен күннен бастап сотқа берілуі мүмкін.
      6. Шағымды судья жеке-дара прокурордың, егер олар қылмыстық іске қатысса, арыз берушінің және оның қорғаушысының, заңды өкілінің немесе өкілінің, мүдделері шағымдалатын әрекетпен (әрекетсіздікпен) және шешіммен тікелей қозғалатын өзге де тұлғалардың қатысуымен, ол келіп түскен кезден бастап он тәуліктің ішінде жабық отырыста қарайды. Егер судья аталған адамдардың келуін міндетті деп танымаса, олардың сот отырысына келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтірілген лауазымды тұлғалар мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау үшін негіз болған материалдарды сотқа үш тәулік ішінде табыс етуге міндетті.
      7. Сот отырысы басталғанда судья қандай шағымның қаралатынын хабарлайды, келген тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін, егер сот отырысына арыз беруші қатысса, шағымды негіздейді, содан кейін келген басқа да тұлғалар тыңдалады.
      8. Шағымды қарау нәтижелері бойынша судья мынадай:
      1) заңсыз деп танылған іс жүргізу шешімін бұзу туралы;
      2) тиісті лауазымды тұлғаның әрекеттің (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп тану туралы және оның жіберген бұзушылықты жоюға міндеттілігі туралы;
      3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;
      4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады.
      9. Судьяның осы баптың ережелеріне сәйкес шығарған қаулысына судья қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар ол жарияланған сәттен бастап үш тәуліктің ішінде шағым келтіруі, сондай-ақ прокурордың наразылығы берілуі мүмкін. Шағымдану мерзімі өткеннен кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар мен прокурор хабардар етіле отырып, іс шағыммен, наразылықпен облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген ережелер мен мерзімдерді сақтай отырып, шағымды, наразылықты қарайды және мынадай: шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру және аудандық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы; шағымды, наразылықты қанағаттандыру және аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысын бұзу туралы шешімдердің бірін шығарады.";
      9) 121-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Соттың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
      10) 125-баптың үшінші бөлігіндегі "күн" деген сөз "тәулік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "290-бап. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер
      1. Аудандық және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде іс-қимыл жасайды.
      2. Мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады.
      3. Аудандық соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, алып-ала тергеу және анықтау іс жүргізуі кезінде заңдардың орындалуын қадағалайтын прокурордың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдарды қарайды, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты таңдаған үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын, олардың мерзімдерін ұзартуды санкциялайды.
      4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар осы Кодекстің 452-453-баптарында көрсетілген мәселелерді олардың соттылығына жататын істер бойынша қарайды.
      5. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттылығына жататын істер бойынша прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына келтірілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";
      12) 290-1-баптың бірінші бөлігінде:
      1) тармақтағы "облыстық және оған теңестірілген соттың" деген сөздер "қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизондардың әскери сотының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақтағы:
      "және үшінші бөлігінің в) тармағында" деген сөздер алып тасталсын;
      "133" деген цифрдан кейін "(бірінші-үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) мынадай мазмұндағы 290-2, 290-3-баптармен толықтырылсын:
      "290-2-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына жатқызылған қылмыстық істер
      1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде іс-қимыл жасайды.
      2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
      3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында олардың соттауына жатқызылған істер бойынша осы кодекстің 452-453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
      4. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына келтірілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
      290-3-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттарының және гарнизондардың әскери соттарының соттауына жатқызылған қылмыстық істер
      1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттары және гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде іс-қимыл жасайды.
      2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттауына:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында
көзделген аса ауыр әскери қылмыстар туралы;
      2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құрылымдарда шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметтегі адамдары жасаған басқа да аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарайды.
      3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, гарнизондардың әскери соттарының соттауына:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы;
      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерінде және әскери құрылымдарында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметтегі адамдары жасаған басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарайды.
      4. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары үкімдерді орындау сатысында олардың соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452-453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
      5. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша, прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";
      14) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "291-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған қылмыстық істер
      1. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық және
кассациялық сот ретінде іс-қимыл жасайды.
      2. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық тәртіппен аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьясы істі жеке-дара қараған кезде шығарған заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарайды.
      3. Облыстық және оған теңестірілген сот кассациялық тәртіппен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың істі алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына, сондай-ақ осы Кодекстің 423-бабының үшінші белігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, облыстық және оған теңестірілген соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына келтірілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарайды.
      4. Облыстық және оған теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында апелляциялық тәртіппен қылмыстық қудалау органының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қараған кезде, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты таңдаған үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын, олардың мерзімін ұзартуды санкциялау туралы мәселелерді қараған кезде шығарған аудандық және оған теңестірілген соттардың қаулыларына жеке шағымдарды, наразылықтарды қарайды.
      5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оған теңестірілген соттар апелляциялық тәртіппен бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 452-453-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына жеке шағымдарды, наразылықтарды қарайды.
      6. Осы Кодексте көзделген жағдайларда облыстық және оған
теңестірілген соттар прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына келтірілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";
      15) мынадай мазмұндағы 291-1-баппен толықтырылсын:
      "291-1-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау
      1. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйінде жасаған не оны жасағаннан кейін жүйке ауруына ұшыраған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді осы Кодекстің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарына белгіленген соттылықтарға сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды.";
      16) 292 және 293-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "292-бап. Жоғарғы Соттан соттауына жатқызылған қылмыстық істер
      1. Жоғарғы Сот қадағалау сатысындағы сот ретінде іс-қимыл жасап:
      1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
      2) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
      3) облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді кассациялық тәртіппен қараған кезде шығарған заңды күшіне енген қаулыларына келтірген тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді қарайды.
      2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Жоғарғы Сот алқасының қаулысына Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы немесе Бас прокурордың наразылығы бойынша істерді қарайды.
      3. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда, Жоғарғы Сот прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына шағымды қарайды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
      293-бап. Әскери соттың соттауына жататын істер
      1. Әскери сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде іс-қимыл жасайды.
      2. Әскери сот апелляциялық тәртіппен гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарайды.
      3. Әскери сот кассациялық тәртіппен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың істерді алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына, сондай-ақ осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, Әскери соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына келтірілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша қарайды.
      4. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда, Әскери сот олардың соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына келтірілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";
      17) 295-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "295-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты белгілеу
      Бір адамды немесе адамдар тобын бірнеше қылмыстар жасағаны үшін айыптау кезінде олардың кемінде біреуі аса ауыр қылмыс санатына жатқызылса, істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал осы Кодекстің 290-3-бабында көрсетілген істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.
      Аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылмайтын қылмыс бірігіп жасалған жағдайда және істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаған кезде істерді:
      егер қатысушылар арасында әскери қызметкер болмаса, қатысушылардың кемінде біреуі кәмелетке толмаған болып табылатын істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот;
      қатысушылардың кемінде біреуі әскери қызметкер немесе осы Кодекстің 290-3-бабында көрсетілген басқа тұлға болып табылатын істерді мамандандырылған әскери сот қарайды.";
      18) 296-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың немесе гарнизондардың әскери сотының соттылығына жататындығы анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге тиіс";
      19) 301-бапта:
      301-баптың бірінші бөлігіндегі "тараптардың қатысуымен" деген сөздерден кейін "аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ басқа да істер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "3-1. Алдын ала тыңдау барысында судья аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішінің бар-жоғын анықтайды.";
      20) 312-бапта:
      бірінші бөліктегі "немесе судьялардың сол бір құрамы" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "Судьялардың бірінің" деген сөздер "Судьяның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      21) 313-бапта:
      бірінші бөліктегі "алқалы" деген сөз алып тасталсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші сөйлемдегі "судьялардың бірі" деген сөздер "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші сөйлемдегі "судьялардың бірі шығып қалған жағдайда соттың құрамына кірген" деген сөздер "алдыңғы судья шығып қалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 314-бапта:
      бірінші бөліктегі "осы соттың төрағасы немесе оны сот төрағасы тапсырған" деген сөздер "істі қарау тапсырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      23) 328-бапта:
      екінші бөлікте:
      "стенография" деген сөзден кейін "және (немесе) аудио, бейне жазба" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы бөліктегі "дыбыс жазбасы" деген сөздер "аудио жазбасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші бөліктегі "хабарлауға" деген сөзден кейін ", онымен және аудио, бейне жазбалардың материалдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші бөліктегі "өз айғақтарының жазылуымен" деген сөздер "өз жауаптарымен және аудио, бейнежазба материалдарындағы жазулармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 331-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сот отырысында аудио, бейнежазбаларды, кино суреттерді пайдаланған кезде төрағалық етуші ол жөнінде хабарлайды.";
      25) 338-баптың бірінші бөлігіндегі "немесе судьялардың бірінен" деген сөздер алып тасталсын;
      26) 351-баптың үшінші бөлігіндегі "Судьялар", "сұрақ" деген сөздер тиісінше "Төрағалық етуші", "сұрақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 370-бапта:
      тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "370-бап. Үкім шығару құпиясы
      1. Істі қараған судья үкімді оған қандай болмасын ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге адамдардың, соның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.";
      екінші бөліктегі "сот (судья)" деген сөздер "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқығы жоқ.";
      28) 372-бапта:
      екінші бөліктегі "және іс құрамында үш судья бар сотта қаралса," деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, қорғаушы айға тағылған сәттен бастап іске қатыспаса, сот осы кодекстің 515-бабында белгіленген тәртіпте қылмыстық істі қарау үшін беру туралы қаулы шығарады.";
      29) 373-бап алып тасталсын;
      30) 377-бапта:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Үкімді судья қолдан жазуы, машинаға басуы не компьютерлік тәсілмен дайындауы мүмкін және оған қол қоюға тиіс";
      екінші сөйлем алып тасталсын;
      бесінші бөліктегі "үкім шығарылғанға дейін кеңесу бөлмесінде барлық судьялардың қол қоюымен" деген сөздер "ол жарияланғанға дейін үкімнің тиісті бетінде судьяның қол қоюымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 378-баптың 2) тармағындағы "күн" деген сөз "тәулік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      32) 384-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төрағалық етуші үкімге қол қойғаннан кейін сот отырыс залына оралып, үкімді жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі, судьяның өзін қоса алғанда, үкімді тұрып тыңдайды.";
      33) 396-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "396-бап. Үкімге (қаулыға) апелляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы
      1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым беру құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, өкілдеріне және заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жеке айыптаушыға), олардың өкілдері мен заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері мен заңды өкілдері үкімнің азаматтық талап-арызға қатысты бөлігіне шағымдануға құқылы.
      2. Сот актісін апелляциялық тәртіпте қайта қарау туралы наразылықты мемлекеттік айыптаушы ретінде істі қарауға қатысқан прокурор бере алады. Бас прокурор және оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы наразылық бере алады.
      3. Егер қаулы олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалар да сот қаулысына шағым беруге құқылы.";
      34) мынадай мазмұндағы 396-1-баппен толықтырылсын:
      "396-1-бап. Апелляциялық тәртіпте қаралуға жататын сот актілері
      1. Апелляциялық тәртіппен аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың судьясы істі жеке-дара қараған кезде шығарған, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері қаралуға жатады.
      2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіпте жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
      3. Әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулыдан басқа, осы Кодекстің 46-тарауының ережелері бойынша осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтініштерін зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар қайта қаралуға жатпайды. Жоғарыдағы көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге берілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда баяндалуы мүмкін.";
      35) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "397-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
      1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
      2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттарының судьясы істерді жеке-дара қараған кезде шығарған заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.
      3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, наразылықтар және қаулыға жеке шағымдар, наразылықтар облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.";
      36) 398-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "398-бап. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар беру тәртібі";
      бірінші бөліктегі "Шағымдар", "шағымдар" деген сөздер тиісінше "Апелляциялық (жеке) шағымдар", "апелляциялық (жеке) шағымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "жалпы" деген сөз "осындай" деген сөзбен ауыстырылсын;
      37) 399-бапта:
      тақырыбындағы "Үкімге" деген сөзден кейін "(қаулыларға) апелляциялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөлікте:
      "Бірінші сатыдағы соттың үкіміне" деген сөздер "Апелляциялық (жеке)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "апелляциялық тәртіпте" деген сөздер алып тасталсын;
      "үкім жарияланған" деген сөздер "үкім (қаулы) жарияланған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өзіне үкім" деген сөздер "үкімнің (қаулының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "Үкімге" деген сөз "Сот актісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "соттан" деген сөздің алдынан "бірінші сатыдағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі "шағым, қарсылық" деген сөздер "апелляциялық (жеке) шағым, наразылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      38) 400-бапта:
      тақырыбындағы "Шағым" деген сөз "Апелляциялық (жеке) шағым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктегі "Шағым" деген сөз "Апелляциялық (жеке) шағым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үкімді" деген сөзден кейін "(қаулыны)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "істі" деген сөзден кейін "басты" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі "жоғары тұрған" деген сөздер "тиісті облыстық және оған теңестірілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39) 401-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "401-бап. Апелляциялық (жеке) шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар ету";
      бірінші бөлікте:
      "шағым" деген сөздің алдынан "апелляциялық (жеке)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "білдіру" деген сөз және екінші сөйлем алып тасталсын;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шағымның, наразылықтың көшірмесі осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға беру мерзімі көрсетіле отырып оларға жазбаша түрде қарсылық беру құқығы түсіндіріліп жіберіледі. Шағымға, наразылыққа келіп түскен қарсылық іске тігіледі.
      3. Тараптар апелляциялық (жеке) шағымға, наразылыққа қарсылықпен бірге немесе жеке-дара апелляциялық сатыға жаңа материалдар табыс етуге немесе оларды алдырту және зерттеу туралы, сондай-ақ өздері атаған жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтініштер жасауға құқылы.";
      40) 402-бапта:
      тақырыбындағы "Шағым берудің және" деген сөздер "Апелляциялық (жеке) шағым берудің," деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Апелляциялық (жеке) шағым беру және наразылық білдіру үкімнің (қаулының) заңды күшіне енуін және олардың орындалуын тоқтата тұрады.";
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Үкім қабылдаумен аяқталған сот талқылауы барысында шығарылған қаулыға шағым, наразылық берілген жағдайда іс үкімге шағым беру үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.";
      үшінші бөліктегі "Үкімге" деген сөзден кейін "(қаулыға)" деген сөзбен толықтырылсын;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      41) 403-баптың бірінші және екінші бөліктері алып тасталсын;
      42) 404-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "үкімнің" деген сөзден кейін "(қаулының)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген" деген сөздер "тек шағым немесе наразылық білдірілген бөлігінде және сол" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "сотталушылардың" деген сөздің алдынан "басқа" деген сөзбен толықтырылсын;
      "үкімнің" деген сөзден кейін "(қаулының)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "үкімді" деген сөз "оларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша істі қарай отырып, жеке шағымдар, наразылықтар болмаған кезде іс бойынша шығарылған жеке және өзге де сот қаулыларының заңдылығын тексеруге құқылы.";
      43) 405-бапта:
      "наразылықтар бойынша" деген сөздерден кейін "істе бар және апелляциялық сатының отырысында зерттелген қосымша табыс етілген материалдар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      44) 406-бапта:
      "қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен" деген сөздер "тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, істі қарау мерзімін ұзарту әрдайым бір айдан аспауға тиіс";
      45) 407-бапта:
      тақырыбындағы "Апелляциялық" деген сөзден кейін "(жеке)" деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші бөлікте:
      3) тармақтағы "шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған" деген сөздер "шағым, наразылық берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) үкімнің, қаулының қай бөлігіне немесе толық көлемде шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын көрсету;";
      6) тармақтағы "арыз беруші" деген сөздер "шағымның, наразылықтың авторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақтағы "шағым, наразылық келтірген адамның" деген сөздер "шағым, наразылық авторының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "апелляциялық" деген сөзден кейін "(жеке)" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "3. Тараптар апелляциялық (жеке) шағымның, наразылықтың негіздерін растау үшін шағыммен, наразылықпен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдар немесе оларды алдыру және зерттеу туралы, сондай-ақ өздері көрсеткен куәгерлерді, жәбірленушілерді, сарапшыларды, мамандарды сот отырысына шақырту және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуінің олқылықтарын толықтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтініштер жасауға құқылы.
      4. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық берген тұлға сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәйектермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте, прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы өтінішінде, сондай-ақ жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге шағымдану мерзімі аяқталғаннан кейін берген қосымша шағымында, егер бастапқы наразылықта немесе шағымда осындай талап болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылуы мүмкін емес";
      46) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгілеу
      1. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық (жеке) шағымдар жасау мен наразылық білдіруге арналған мерзім біткен соң және осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындағаннан кейін істі қараудың облыстық немесе оған теңестірілген соттың келісімімен белгіленетін уақыты мен орнын көрсете отырып, істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.
      2. Бірінші сатыдағы сот істің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатының сот отырысына қатысу туралы өтініш түскен кезде, бірінші сатыдағы сот істі сотталғанның тікелей қатысуымен не ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
      3. Қамауда отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені өзге жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот шешеді. Бірінші сатыдағы сотта қаралмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде сотталған (ақталған) адамның апелляциялық сатының отырысына қатысуы міндетті болып табылады. Мұндай жағдайларда осы Кодекстің 315-бабында көрсетілген мән-жайлар бар болған кезде сотталған адамның қатысуынсыз істі қарауға жол беріледі.
      4. Қорғаушының апелляциялық сатыға қатысуы осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
      5. Апелляциялық сатының сот отырысында жаңа дәлелдемелер зерттелетін жағдайларды қоспағанда, апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген процестің басқа қатысушыларының келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
      6. Осы Кодекстің 396-бабына сәйкес үкімге шағымдану құқығы берілген адамдар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша берілген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.";
      47) мынадай мазмұндағы 408-1-баппен толықтырылсын:
      "408-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысын әзірлеу
      1. Егер шағымдардағы, наразылықтағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті іс жүргізу әрекеттерін орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәуліктің ішінде іс жүргізуді тағайындау және сараптама жүргізу, сотталғанды (ақталғанды), жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақырту және олардан жауап алу, материалдарды талап етіп алдыру және істі дұрыс шешу үшін өзге де қажетті әрекеттер жасау туралы шешім қабылдайды. Көрсетілген әрекеттерді орындау қажеттілігіне байланысты судья осы Кодекстің 406-бабына сәйкес істің апелляциялық сатыда қаралу күнін басқа мерзімге қалдыруы мүмкін, ол жөнінде тараптар хабардар етіледі.
      2. Судья сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, оның күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді, ол туралы қаулыда көрсетеді.
      3. Судья істі апелляциялық сатыда қарауға әзірлеу туралы қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша қабылданған шешім көрсетіледі. Қаулының көшірмесі шығарылған күннен бастап үш тәуліктің ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.";
      48) 409, 410 және 411-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "409-бап. Апелляциялық сатыда істі қарау тәртібі
      1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апелляциялық (жеке) шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқаны хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың, сондай-ақ аудармашылардың тектерін хабарлайды.
      2. Төрағалық етуші отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіреді және тараптардан олардың бас тартуы мен өтініштерінің бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 325-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.
      3. Сотқа қосымша материалдарды табыс еткен тұлға олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толықтыру қажеттілігін негіздеуге міндетті. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.
      4. Тараптар іске жаңа материалдарды тіркеу немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініштер, сондай-ақ олар көрсеткен куәларды, жәбірленушілерді, сарапшыларды, мамандарды сот отырысына шақыру және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуінің олқылықтарын толықтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтініштер берген жағдайда сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамай тастау туралы қаулы шығарады. Өтініштер осы Кодекстің 102-бабы бесінші бөлігінің талаптары сақтала отырып шешіледі. Тараптардың бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтініштері қанағаттандырылуға жатады. Егер өтініштерді қағаттандыруға байланысты тағайындалған сараптамаларды жүргізу үшін немесе басқа да әрекеттер жасау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болған жағдайда апелляциялық сатыда істі қарау мерзімін ұзартады.
      5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген ережелер бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша сұратылып алынған қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттейді, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алады.
      6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот жарыссөзін жүргізу ережелері бойынша сот процеске қатысушылардың сөздерін тыңдайды, олар өздерінің шағымдарындағы, наразылықтарындағы дәлелдері мен себептерін не қарсылықтарын келтіреді. Тараптар өздерінің сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға, сонымен қатар апелляциялық саты зерттеген қосымша материалдарға сілтеме жасауға құқылы. Шағым, наразылық берген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнеше болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.
      7. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді зерттеген, сотталғаннан (ақталғаннан), куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да тұлғалардан жауап алған кезде осы Кодекстің 328-бабының талаптарына сәйкес ресімделетін сот отырысының хаттамасы жүргізіледі. Апелляциялық сатының отырысында жауап алынған тараптар мен тұлғалар сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған осы Кодекстің 329-бабында көзделген тәртіппен өздерінің ескертпелерін беруге құқылы. Хаттамаға берілген ескертпелер осы Кодекстің 330-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
      8. Сот отырысының тәртібі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстің 326, 327-баптарының ережелерімен белгіленеді. Судьялардың кеңесу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 370-бабының ережелерімен белгіленеді.
      410-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері
      1. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен түскен істі қарау кезінде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтініштері бойынша немесе өз бастамасы бойынша:
      1) сотталғанның, жәбірленушінің және іске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға, тараптардың өтініштері бойынша басқа да құжаттарды талап етіп алуға;
      2) сот-психиатриялық және өзге де сараптама тағайындауға;
      3) сот отырысына қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақырып, олардан жауап алуға, тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіп алынған жазбаша, айғақ заттарды немесе өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;
      4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол берілмейді деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;
      5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол беріледі деп тануға және оларды зерттеуге;
      6) азаматтық талапқа қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық талап бойынша шешім қабылдауға;
      7) істің барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз ету және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті басқа да әрекеттерді орындауға құқылы.
      2. Сот отырысының хаттамасында мазмұндалған әртүрлі түсінуге мүмкіндік беретін бірінші сатыдағы сот жауап алған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да адамдардың жауаптарында түсініксіз жайлар болған кезде сот өз бастамасы бойынша немесе тараптардың өтініштері бойынша осы мән-жайлар бойынша жауап алу арқылы олардың жауаптарын нақтылауға құқылы.
      411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер
      1. Істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот мынадай:
      1) бірінші сатыдағы соттың үкімін (қаулысын) өзгеріссіз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
      2) үкімді өзгерту туралы;
      3) үкімді бұзу және істі қысқарту туралы;
      4) айыптау үкімін бұзу және ақтау үкімін шығару туралы;
      5) айыптау үкімін бұзу және жаңа айыптау үкімін шығару туралы;
      6) ақтау үкімін бұзу және айыптау үкімін шығару туралы;
      7) үкімді бұзу және істі соттың жаңадан қарауына жіберу туралы;
      8) үкімді бұзу және істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша қосымша тергеуге жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдарда, айыптау тарапының наразылығында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.
      3. Осы Кодекстің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде апелляциялық сатыдағы сот жеке қаулы шығарады.";
      49) мынадай мазмұндағы 411-1-баппен толықтырылсын:
      "411-1-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процестегі азаматтық талап арызды қарауы
      1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде үкімнің азаматтық талап арыз жөніндегі бөлігінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді және осы Кодекстің 169-бабының талаптарын сақтай отырып шешім қабылдайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот:
      1) үкімнің азаматтық талап арыз жөніндегі бөлігін бұзуға және осы бөлікте жаңа үкім шығаруға;
      2) үкімнің азаматтық талап арыз жөніндегі бөлігін бұзуға және істің осы бөлігін жаңадан қарауға жіберуге;
      3) үкімнің азаматтық талап арыз жөніндегі бөлігін өзгертуге құқылы.
      3. Азаматтық талап арыз бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптау тараптарының шағымында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәлелдемелер болған кезде ғана жол беріледі.
      4. Осы баптың екінші бөлігінің 1-тармағы негізінде шығарылған апелляциялық саты үкімінің азаматтық талап арыз жөніндегі бөлігіне прокурордың кассациялық наразылығы немесе осы Кодекстің 396-бабында көрсетілген тұлғалардың кассациялық шағымдары берілуі мүмкін.
      5. Апелляциялық сатының осы баптың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтары негізінде азаматтық талап арызы бойынша шығарған шешімі үкімнің өзгертілуі деп танылады және кассациялық тәртіпте шағым берілмейді.";
      50) 413-бапта:
      екінші бөліктің 3) тармағындағы "апелляциялық саты анықтай алмайтын" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "3. Сот тергеуінің олқылықтары толықтырылғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.
      4. Осы Кодекстің талаптары сақтала отырып қысқартылған тәртіппен жүргізілген сот тергеуі толық емес немесе біржақты деп қаралмайды және осы негіздер бойынша сот үкімін (қаулысын) бұзуға әкеп соқпайды.";
      51) 414-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Іс материалдарын, тараптар табыс еткен және іс апелляциялық қаралу барысында алынған дәлелдемелерді қарап, сот істі жаңадан сот қарауына жібермей-ақ, оларды қайтадан бағалауға және осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешім қабылдауға құқылы.";
      52) 415-бапта:
      бірінші бөліктегі "Істі сот қарауы кезінде" деген сөздер "Алдын ала тергеу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бұзылып" деген сөз "бұзылуын, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шешіміне ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, бұл" деген сөздер "шешіміне ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін болатын заңның өзге де бұзушылықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бірінші сатыдағы сот жіберген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелердің зерттелмеуінің, жол берілетін дәлелдемелердің талқылаудан қателесіп алынып тасталуының немесе іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден тарапқа негізсіз бас тартылуының не жол берілмейтін дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесінде болған кезде үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.";
      үшінші бөлікте:
      4) тармақта:
      "іс" деген сөзден кейін "сотта" деген сөзбен толықтырылсын;
      "сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы" деген сөздер "сотталушының қорғалу құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақтағы "судьялар кеңесінің" деген сөздер "кеңесу бөлмесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақтағы "судьялардың бірі" деген сөздер "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) тармақтағы "үкімнің" деген сөзден кейін "(қаулының)" деген сөзбен толықтырылсын;
      53) 417-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен
толықтырылсын:
      "2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға байланысты, сондай-ақ сотталған адамның әрекетін қайта сараламастан неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптау тарапының шағымдарындағы немесе прокурордың наразылығындағы тиісті дәлелдер бар болған кезде және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану сотталушыға тағылған және айыптау тарапы бірінші сатыдағы сотта қолдаған айыптың шегінен шықпауға тиіс.
      3. Мемлекеттік және жеке айыптаушы айыпты неғұрлым жеңілірек айыпқа өзгертулеріне байланысты бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 317-бабы жетінші бөлігінің негізінде қылмысты саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ, алайда шағымдардағы, наразылықтағы дәлелдер шегінде жазаның мерзімін немесе мөлшерін арттыруға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен басқа неғұрлым қатаң жаза тағайындауға құқылы.";
      54) 418-бапта
      "1)-12)" деген цифрлар "3)-10)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Іс осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 516-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 517-бабына сәйкес қаулы шығарады.";
      55) 419-бапта:
      екінші бөліктегі "дау айтылмаса," деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 415-бабында көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптан бас тартуына байланысты істі қысқарту туралы сот қаулысы істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде бұзылуға жатпайды.";
      56) 420-бапта:
      1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 415-бабының үшінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 10) тармақтарында көзделген қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуына жол бергенін;
      2) тармақ алып тасталсын;
      3) тармақтағы "қою шешілмегенін немесе дұрыс" деген сөздер
"арыздың" деген сөзбен ауыстырылсын;";
      57) мынадай мазмұндағы 420-1 және 420-2-баптармен толықтырылсын:
      "420-1-бап. Үкімнің күшін жойып, жаңа үкім шығару
      1. Апелляциялық сатыдағы сот істі жаңа сот қарауына жіберместен және осы Кодекстің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып:
      1) айыптау үкімін бұзуға және осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде ақтау үкімін шығаруға;
      2) айыптау тарабының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімін болуға және айыптау үкімін шығаруға;
      3) неғұрлым ауыр қылмыс немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы заңды қолдану, қосымша жаза қолдану қажеттігі жөніндегі айыптау тараптарының шағымдарын, наразылықтарын қанағаттандыруға негіздер болған кезде үкімді бұзуға және жаңа айыптау үкімін шығаруға құқылы.
      2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы соттың тағылған айыптың шегінен және басты сот талқылауында мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегінен шығуға құқығы жоқ.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері бойынша шығарылған апелляциялық сатының үкімдеріне ол жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде прокурор кассациялық наразылық немесе осы Кодекстің 396-бабында көрсетілген адамдар кассациялық шағым беруі мүмкін, ал қамауда отырған сотталған адамдар оған үкімнің көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады.
      4. Апелляциялық сатының үкімі оған кассациялық шағым беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін заңды күшіне енеді, ал кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы берілген жағдайда, егер ол бұзылмаса, кассациялық қаулы шығарылған күннен бастап заңды күшіне  енеді.
      420-2-бап. Үкімді бұзып, істі қосымша тергеуге жіберу
      Апелляциялық сатыдағы сот негіздер бар болған кезде тараптардың өтініштері бойынша үкімді бұзуға және осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істі қосымша тергеуге жіберуге құқылы.";
      58) 421-бапта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгертуге:";
      3) және 5) тармақтар алып тасталсын;
      7) тармақтағы "тануға" деген сөзден кейін "және түзеу колониясы режимінің неғұрлым қатаң түрін тағайындауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 70-бабы жетінші бөлігінің б) және в) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды бұзуға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының ережелері бойынша жаза тағайындауға;";
      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақтармен толықтырылсын:
      "10) үкімнің азаматтық талап арыз бөлігіне, іс жүргізу шығындарын өндіру, айғақ заттар жөніндегі мәселелерді шешу бойынша оған өзгерістер енгізуге;
      11) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 95-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.";
      екінші бөліктегі "осы баптың бірінші бөлігінің 3) - 9) тармақтарында көрсетілген шешімді" деген сөздер "сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімді, егер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      59) 422-бапта:
      екінші бөліктің 2) тармағындағы "апелляциялық алқаның" деген сөздер "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      "бөлігінде" деген сөзден кейін "сот актісінің мәні," деген сөздермен толықтырылсын;
      "апелляциялық" деген сөз алып тасталсын;
      төртінші бөлікте:
      "шағымдардың, наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме" деген сөздер "оларда көрсетілген дәлелдердің негізсіз деп танылған негіздемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "7-1. Жаңа үкім шығару қажеттілігіне байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі бұзылған кезде апелляциялық қаулыда бірінші сатыдағы соттың үкімін заңсыз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс. Мұндай жағдайларда үкімді бұзу туралы қаулымен қатар жаңа үкім шығарылады.";
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз жағдайларды түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.";
      60) 423-бапта:
      тақырыбындағы "шығару" деген сөзден кейін "және оның заңды күшіне енуі" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктегі "судьялардың бүкіл құрамы" деген сөздер "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "судьялар" деген сөз "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "Сот" деген сөз "Судья" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жағдайда" деген сөзден кейін "ол" деген сөзбен толықтырылсын;
      "жасалып" деген сөз "жасап" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "барлық судьялар" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1), 3), 7) және 8) тармақтарында көрсетілген (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру, үкімді өзгерту, үкімнің күшін жойып, істі қысқарту, істі қосымша тергеуге немесе соттың жаңадан қарауына жіберу) негіздер бойынша шығарылған апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.";
      61) 423-1-бапта:
      тақырыбындағы "соттың" деген сөзден кейін "үкімін," деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші бөліктегі "үкім шығарған" деген сөздер "бірінші сатыдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "4. Егер апелляциялық сатыдағы соттың шығарған жаңа үкіміне шағым немесе наразылық келтірілмесе, кассациялық шағым келтіру мерзімі өткеннен кейін үкімді орындауға кірісу үшін іс бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.
      5. Үкімге кассациялық шағым немесе кассациялық наразылық келтірілген жағдайда апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 401-бабында, 402-бабының екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды және істі қарау үшін сол облыстық немесе оған теңестірілген соттың кассациялық сатысына жібереді.";
      62) 423-2-бапта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақта:
      "наразылық" деген сөзден кейін ", үкімге (қаулыға) апелляциялық шағым келтіру құқығы берілген процестің басқа қатысушыларының шағымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "басқа сотталған адамдарға қатысты" деген сөздер "процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақтағы "басқа сотталған адамдарға қатысты іс" деген сөздер "сот апелляциялық сатыда іс процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "келтірсе," деген сөзден кейін "осы үкімнің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі "тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық сот пен соған теңестірілген" деген сөздер "тиісті облыстық соттың немесе оған теңестірілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бірінің күшін жою туралы ұсыным жасайды" деген сөздер "Жоғарғы Сотқа туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыныс енгізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      63) 423-3-бапта:
      төртінші бөлікте:
      бірінші сөйлем алып тасталсын;
      "Бұл ретте, егер" деген сөздер "Егер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "5. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың шығарған үкіміне жалпы тәртіппен шағым берілуі мүмкін.";
      64) мынадай мазмұндағы 48-1-тараумен толықтырылсын:
      "48-1-тарау. Кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
      446-1-бап. Кассациялық тәртіппен соттың үкімдеріне (қаулыларына) шағым келтірудің жалпы шарттары
      1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың істерді алқабилердің қатысуымен қараған кезде қылмыстық істер бойынша шығарған заңды күшіне енбеген үкімдері (қаулылары), сондай-ақ осы Кодекстің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қаулыларды қоспағанда, облыстық және оған теңестірілген соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулылары осы тараудың ережелері бойынша қайта қаралуға жатады.
      2. Кассациялық шағымдар, наразылықтар келтіру құқығына ие тұлғалар шеңбері, шағымдар, наразылықтар келтіру тәртібі және оған байланысты салдарлар осы Кодекстің 396-400, 401-402, 518-баптарында көрсетілген ережелер бойынша айқындалады.
      446-2-бап. Кассациялық қараудың мәні
      Кассациялық сатыдағы сот үкім (қаулы) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары нормаларының сақталғанын тексереді және соның негізінде үкімнің (қаулының) заңдылығын, негіздігін және әділдігін тексереді.
      446-3-бап. Кассациялық шағымдар немесе наразылықтар
      1. Кассациялық шағым немесе наразылықта:
      1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауы;
      2) іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер;
      3) шағым келтіріліп отырған үкім немесе өзге де шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;
      4) қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңын дұрыс қолданбаудың неге байланысты екені және ол сот шешімінің мәніне қалай әсер еткені, өтініштің неден тұратыны көрсетіліп, шағым немесе наразылық келтірген адамның дәлелдері;
      5) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі;
      6) шағым немесе наразылық авторының қолы болуға тиіс.
      2. Егер жасалған шағым, келтірілген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп кері қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе, олар берілмеген болып есептеледі.
      3. Соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкімі шағымдалған жағдайда, кассациялық шағымда (наразылықта) апелляциялық сатының бірінші сатыдағы соттың үкімін бұзған қаулысымен келісетіні немесе келіспейтіні туралы негіздері көрсетілуге тиіс.
      446-4-бап. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері
      Іс кассациялық сатыға түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Бұл мерзім істің қиындығына немесе үлкен көлеміне байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелді себептер болған кезде істі қарайтын соттың қаулысымен, бірақ әр кез бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      446-5-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын белгілеу
      1. Іс кассациялық шағыммен немесе наразылықпен түскен кезде сот төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша алқа төрағасы істерді бөлу тәртібіне сәйкес істің қаралатын күнін белгілеп, оны судьяға зерделеу үшін береді.
      2. Істің кассациялық сатыда қаралатын уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі. Қамауда отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені сот шешеді. Сотталған адамның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қараған кезде қамауда отырған сотталған адамнан кассациялық сатының сот отырысына қатысу туралы өтініш түскен кезде кассациялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен қарау туралы не ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып істі қарау туралы қаулы шығарып, оны тиісті органдарға орындау үшін жібереді.
      3. Кассациялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына прокурордың қатысуы міндетті.
      4. Осы Кодекстің 396-бабына сәйкес үкімге кассациялық шағым келтіру құқығы берілген адамдар, сондай-ақ үкім (қаулы) шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі кассациялық сатыдағы соттың отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша келтірілген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
      446-6-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері
      1. Судья істі тыңдауға әзірлеу кезінде немесе сот кассациялық шағыммен немесе наразылықпен түскен істі қарау кезінде өз бастамасы немесе тараптардың өтініші бойынша:
      1) сотталған адамның денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға;
      2) заңның кеңістіктегі қолданылатын уақытын айқындау үшін және бірінші сатыдағы сот істі шешкен кезде қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын дұрыс қолданғанын айқындау үшін қажетті мәліметтерді талап етуге құқылы.
      446-7-бап. Кассациялық сатының істерді қарау тәртібі
       1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кассациялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды.
      2. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің кассациялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын адамдардың және сот отырысына қатысып отырған адамдардың, сондай-ақ аудармашылардың тектерін хабарлайды және отырысқа қатысып отырған адамдарға істі кассациялық сатыда қарау кезіндегі олардың құқықтарын түсіндіреді.
      3. Төрағалық етуші іс бойынша процеске қатысушылардан олардың бас тартуы мен өтініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды және оларды қарау нәтижелері бойынша сот осы Кодекстің 325-бабында көзделген тәртіппен қаулы шығарады.
      4. Істі қарау кассациялық шағым келтірген немесе наразылық берген процеске қатысушысының сөйлеген сөзінен басталады. Егер мұндай қатысушылар бірнеше болса, төрағалық етуші тараптардың пікірін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Процеске қатысушылар сөйлеген сөздерінде бірінші сатыдағы немесе апелляциялық сатыдағы сот заңды қолданудағы бұзушылықтарға байланысты кассациялық қарау нысанасына жататын қандай мән-жайларға жол бергенін, ол неден көрінгенін және іс бойынша қабылданған шешімнің мәніне қалай әсер еткенін көрсетеді.
      5. Кассациялық шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер кассациялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы, бұл ретте олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын хабарлайды. Қосымша материалдарды тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сот тараптардың пікірін тыңдап, қосымша материалдарды қабылдау немесе қабылдамай тастау туралы қаулы шығарады. Істің шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдар, егер мұндай материалдардағы деректер немесе мәліметтер қосымша тексеруді талап етпесе, үкімді бұзуға немесе өзгертуге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкімін (қаулысын) бұзып, істі бірінші саты бойынша жаңадан соттың қарауына жіберуге негіз бола алады.
      6. Сот отырысының тәртібі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстің 326 және 327-баптарының ережелерімен белгіленеді. Судьялардың кеңесу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 370-бабының ережелерімен белгіленеді. Қаулыны қабылдаудан бұрын судьялардың кеңесуі болады.
      446-8-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешімдер
      Істі кассациялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) үкімді (қаулыны) өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты
қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) үкімнің күшін жойып, істі қысқартады;
      3) үкімді өзгертеді;
      4) үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі алдын ала тыңдау немесе басты сот отырысы сатысынан бірінші сатыдағы сотқа не апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарау бойынша талқылау сатысынан апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан соттың қарауына жібереді;
      5) үкімнің күшін жойып, істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жібереді;
      6) осы Кодекстің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.
      446-9-бап. Кассациялық сатының үкімді (қаулыны) өзгертуіне немесе оның күшін жоюына негіздер
      Мыналар:
      1) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
      2) қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы;
      3) үкімнің әділетсіздігі кассациялық тәртіппен үкімді (қаулыны) өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер болып табылады.
      446-10-бап. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы
      Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің талаптарын бұзу;
      2) қолданылуға жататын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің басқа бабын немесе бабының басқа бөлігін (тармағын) қолдану;
      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы бабының санкциясында көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы болып табылады.
      446-11-бап. Қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы
      1. Істі соттың қарауы кезінде осы Кодекстің принциптері мен өзге де жалпы ережелері бұзылып, олар іске қатысушы тұлғалардың заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, сот ісін жүргізу рәсімдерін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге кедергі жасаса, әділ сот үкімінің шығарылуына ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, бұл қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзылуы деп танылады.
      2. Егер сот осы Кодекстің 415-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берсе, онда үкім барлық жағдайда бұзылуға жатады.
      446-12-бап. Үкімнің әділетсіздігі
      1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 52-бабының талаптарына сәйкес келмейтін жаза тағайындаған үкім әділетсіз деп танылады.
      2. Кассациялық сатыдағы сот неғұрлым жеңілірек қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдана отырып немесе қылмыстың саралануын өзгертпей-ақ жазаны жеңілдету жағына қарай үкімді өзгерте алады.
      3. Егер үкім негізсіз ақтауға, неғұрлым жеңілірек қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе жазаның шамадан тыс жеңілдігіне байланысты әділетсіз деп танылса, онда кассациялық сатыдағы сот осы негіздер бойынша келтірілген прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің, оның өкілінің шағымы болған кезде үкімнің күшін жоюға және істі бірінші немесе тиісті апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жолдауға құқылы.
      446-13-бап. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою
      Кассациялық тәртіпте істі қарай отырып, сот осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігінде және 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жояды және істі қысқартады.
      446-14-бап. Ақтау үкімінің күшін жою
      1. Кассациялық сатыда тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің шағымы бойынша, сондай-ақ сот арқылы ақталған адамның ақталу негіздемелерімен келіспеген шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің күшін жоя алады.
      2. Егер ақталған адамның кінәсіздігіне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәні күмән тудырмаса, қылмыстық іс жүргізу заңы елеулі бұзылды деген себеппен ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюға болмайды.
      446-15-бап. Істі жаңадан соттың талқылауына жібере отырып үкімнің күшін жою
      1. Кассациялық саты үкімнің заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылғанын анықтаған жағдайда, үкімнің күші жойылып, іс үкім шығарған соттың жаңадан талқылауына, бірақ судьялардың өзге құрамының қарауына жіберілуге жатады.
      2. Осы Кодекстің 446-12-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша үкімнің күші жойылып, іс жаңадан сот қарауына жіберілуі мүмкін.
      446-16-бап. Істі қосымша тергеу үшін жібере отырып үкімнің күшін жою
      Негіздер болған кезде кассациялық сатыдағы сот тараптардың өтініші бойынша үкімнің күшін жоюға және осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істі қосымша тергеуге жіберуге құқылы.
      446-17-бап. Үкімді өзгерту
      1. Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған жағдайда кассациялық сатыдағы сот сотталған адамға неғұрлым жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдануға және әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны жеңілдетуге құқылы, бірақ неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдана алмайды және тағайындалған жазаны күшейте алмайды.
      2. Кассациялық сатыдағы сот, егер шамадан тыс қатаңдығы салдарынан жазаны әділетсіз деп таныса, саралауды өзгертпей-ақ сотталған адамға тағайындалған жазаны төмендетуге құқылы.
      3. Кассациялық сатыдағы сот, егер жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала қамауда ұстау мерзімін есептеу кезіндегі қателерді жоюға байланысты болса, қылмыстар мен үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауды реттейтін қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерін ұлғайтуға құқылы. Кассациялық сатыдағы сот, сотталған адамға түзеу мекемесінің заңда көзделгеннен неғұрлым жұмсақ түрін тағайындаған уәжделмеген үкімнің күшін жоюға және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес түзеу мекемесінің түрін тағайындауға құқылы.
      4. Кассациялық сатыдағы сот осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, егер осы негіздер бойынша прокурордың наразылығы енгізілсе немесе жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің шағымдары берілген жағдайда өзгерістер енгізуге құқылы.
      446-18-бап. Кассациялық қаулының мазмұны
      1. Кассациялық қаулы кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөліктерінен тұрады.
      2. Қаулының кіріспе бөлігінде:
      1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
      2) қаулыны шығарған соттың атауы және кассациялық алқаның
құрамы;
      3) кассациялық шағым немесе кассациялық наразылық берген адамдар;
      4) істі кассациялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетілуге тиіс.
      3. Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде шағым берген немесе наразылық келтірген адамдардың дәлелдері, кассациялық сатыдағы сотқа қатысқан басқа адамдардың қарсылықтары, сондай-ақ қабылданған шешімнің себептері қысқаша баяндалуға тиіс. Егер шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, шағымдардың немесе наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздері көрсетіледі. Үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны және бұл бұзушылық неден көрінетіні; бірінші және апелляциялық сатыдағы сот тағайындаған жаза әділетсіз деп танылған негіздер көрсетілуге тиіс. Іс соттың жаңадан талқылауына жіберілген жағдайда заңның қандай бұзушылықтары жойылуы керек екені көрсетілуге тиіс. Бұл ретте, кассациялық саты айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, белгілі бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы және бір дәлелдеменің басқаларынан басымдығы туралы, бірінші, апелляциялық сатыдағы соттардың белгілі бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешіп қоюға құқығы жоқ.
      4. Қаулының қарар бөлігінде кассациялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.
      446-19-бап. Кассациялық қаулы шығару
      Кассациялық қаулы осы Кодекстің 423-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, кеңесу бөлмесінде шығарылады.
      446-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысын орындауға кірісу
      1. Кассациялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей, іспен бірге үкім шығарған сотқа орындау үшін жіберіледі. Іс қосымша тергеуге жіберілген жағдайда кассациялық сатының қаулысы бірге тиісті прокурорға жіберіледі. Бұл жағдайда үкім шығарған сотқа кассациялық саты қаулысының көшірмесі жіберіледі.
      2. Сотталған адамның қамаудан босатылуы туралы қаулыға сәйкес, егер сотталған адам кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, қаулының бұл бөлігі дереу орындалады. Өзге жағдайларда кассациялық қаулының көшірмесі немесе оның қарар бөлігінен үзінді сотталған адамды қамаудан босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.
      446-21-бап. Істі кассациялық сатыда қайта қарау
      1. Егер қандай да бір себептер бойынша кейбір сотталғандарға қатысты белгіленген мерзімде берілген кассациялық шағымдар немесе наразылықтар немесе шағымданудың өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіргеннен кейін кассациялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралып кеткеннен кейін келіп түссе, сондай-ақ егер сотталғанның, оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің кассациялық шағымы, осы сотталғанға қатысты іс процеске қатысушы басқа адамның кассациялық шағымы немесе прокурордың наразылығы бойынша қаралып кеткеннен кейін түскен болса, онда кассациялық сатыдағы сот мұндай шағымды немесе наразылықты қарауға және олар бойынша қаулы шығаруға міндетті.
      2. Егер қайтадан шығарылған қаулы бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, кассациялық сатыдағы сот істі Жоғарғы Сотқа қадағалау тәртібімен тексеру үшін жолдайды.
      446-22-бап. Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бірінші саты бойынша қарау
      1. Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен
қаралады.
      2. Егер айыптаушы тараптың кассациялық шағымында, наразылығында осындай өтініш жасалса және оны кассациялық сатыдағы сот бастапқы үкімнің күшін жою негіздерінің бірі ретінде көрсетсе, бірінші сатыдағы соттың істі жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануына жол беріледі.
      3. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың:
      1) егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы бөлігінің күші жойылмаса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкімде алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;
      2) егер бастапқы үкімнің күші осы негіздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылса жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеуді немесе неғұрлым қатаң режимдегі колонияларда жазаны өтеуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
      446-23-бап. Істі жаңадан қарау кезінде шығарылған үкімге (қаулыға) шағымдану
      Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға болады. Бұл ретте, егер бірінші үкімнің күші сотталғанды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші үкімнің күші айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты жойылса, істі үшінші рет қарап жатқан сот екінші үкімге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ оның бірінші үкіммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
      65) 447-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда
жазылсын:
      447-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға кірісу
      1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары, облыстық соттың апелляциялық сатысы шығарған бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер олар шағымданбаса немесе наразылық келтірілмесе тиісінше апелляциялық немесе кассациялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға тиіс.
      2. Егер іс апелляциялық, кассациялық сатыда қайта қаралған жағдайда үкім бұзылмаса, ол апелляциялық немесе тиісінше кассациялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық, кассациялық шағымдар, наразылық апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін қайтарып алынса, үкім шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы аталған сатылардың қаулылары шығарылған күні заңды күшіне енеді.";
      66) 448-бапта:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1)-3), 7) және 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шығарған қаулысы, сондай-ақ кассациялық сатының қаулысы ол жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді.";
      бесінші бөліктегі "Апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Соттың жеке қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап кемінде үш тәулік өткеннен кейін басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды тұлғаға жіберіледі.";
      67) 449-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.";
      68) 454-баптың үшінші бөліктегі "жазаны өтеу орны бойынша" деген сөздерден кейін "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөліктегі "тұрғылықты жері бойынша" деген сөздерден кейін "аудандық және оған теңестірілген" деген сөздермен толықтырылсын;
      69) 50-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "50-тарау. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау";
      70) 458-бапта:
      атауындағы "Сот қадағалауы тәртібімен" деген сөздер "Заңды күшіне енгеннен кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
      1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен
қаулылары;
      2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары сот қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
      2. Мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын және оның мерзімін ұзартуды санкциялау мәселелері бойынша, анықтау немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын тұлғалардың әрекеттері мен шешімдеріне немесе прокурордың істі алдын ала тергеу сатысындағы әрекеттері мен шешімдеріне келтірілген шағымдарды шешу жөніндегі шығарылған, заңды күшіне енген сот қаулылары қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.";
      үшінші бөліктегі:
      "қадағалау" деген сөз алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулы" деген сөздер "Жоғарғы Сот алқаларының қаулылары түпкілікті болып табылады. "Олар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      71) 459-бапта:
      бірінші бөлікте:
      2) тармақта "орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты" деген сөздер алып тасталсын;
      5) тармақтағы "шығаруға әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қарауға негіз болып табылады." деген сөздер "шығаруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақтармен толықтырылсын:
      "6) қылмыстың қайталану түрі мен түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс анықтамауға;
      7) азаматтық талапты дұрыс шешпеуге;
      8) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде негізсіз немесе заңсыз қаулыларды шығаруға әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қарауға негіз болып табылады.";
      екінші бөлікте:
      2) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) адамды өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға соттау жөніндегі үкім апелляциялық қарау нысанасы болмаса;";
      мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:
      "3) осы Кодекстің 423-2-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыныстар болса.";
      72) 460-бапта:
      баптың тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "460-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау туралы өтініш беруге, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық білдіруге құқығы бар адамдар
      1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау туралы жүгіну өтініштер деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағымдар беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.
      2. Бас прокурор заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.";
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      төртінші бөліктегі ", наразылықты сондай-ақ жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы" деген сөздер алып тасталсын;
      73) 461-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "негіздер бойынша" деген сөздерден кейін "заңды күшіне енген" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қадағалау тәртібімен қайта қарау" деген сөздер "қайта қарау туралы өтініш, наразылық беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "істі қысқарту туралы соттың қаулысына, айыптау үкіміне, сондай-ақ ақтау үкіміне не істі қысқарту туралы соттың қаулысына қадағалау тәртібінде шағым жасауға, наразылық білдіруге" деген сөздер "заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін не істі қысқарту туралы соттың қаулысын қайта қарау туралы өтініш, наразылық беруге," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Істі қосымша тергеуге немесе соттың жаңадан қарауына жіберу туралы соттың заңды күшіне енген қаулысына өтініш, наразылық олар заңды күшіне енген күннен бастап он бес тәуліктің ішінде берілуі мүмкін.";
      74) 462-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "462-бап. Заңды күшіне енген соттың үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты беру тәртібі
      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық Жоғарғы Сотқа жазбаша түрде беріледі. Өтініште, наразылықта осы Кодекстің 407-бабында көрсетілген мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде заңның қандай бұзушылықтарына жол берілгені және ол бұзушылықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай әсер еткені және шағымдалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 459-бабында көрсетілген қандай негіздердің бар екені көрсетілуге тиіс.
      2. Өтінішке, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және оның дәлелдерінің негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса берілуі тиіс.
      3. Өзге де мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған соттардың, заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына берілген өтініштер Жоғарғы Соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.
      4. Осы Кодекстің 466-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтатпайды.";
      75) 462-1-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "462-1-бап. Өтініштерді, наразылықты қараусыз қайтару";
      бірінші абзацтағы "Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы" деген сөздер "1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш, наразылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1)-4) тармақтардағы "қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы", "қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын" деген сөздер тиісінше "өтініш, наразылық", "өтінішті, наразылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақ алып тасталсын.
      6) тармақтағы "қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 458-бабына" деген сөздер "өтініш, наразылық осы Кодекстің 458-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзац алып тасталсын.
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Өтінішті, наразылықты қайтару үшін негіз болған осы баптың бірінші бөлімінің 1)-2)-тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде жаңадан берілуі мүмкін.";
      76) 463-бапта:
      тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "463-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішті алдын ала қарау
      1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш Жоғарғы Сот Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамында үш судьядан тұратын сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс сұратылуы мүмкін.
      Егер іс сұратылған кезде оны сот қабылдаса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізілсе, соттың істі қосымша тергеуге немесе соттың жаңадан қарауына жіберу туралы қаулысына өтініштің, наразылықтың дәйектерін тексеру үшін іс сұратылмайды.";
      екінші бөліктегі "Қадағалау шағымы" деген сөздер "Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі "Қадағалау шағымының" деген сөздер "Өтініштің" деген сөзбен, "шағым берген адамға хабарланады," деген сөздер "прокурорға, сондай-ақ оны берген адамға хабарланады," деген сөздермен, "оның" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      77) 464-бапта:
      тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктердегі "Қадағалау шағымын", "қадағалау шағымын", "қадағалау шағымында" деген сөздер тиісінше "Өтінішті", "өтінішті", "өтініште" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өтініш берген адам оның алдын ала қаралу нәтижелері жөнінде хабарланады.";
      78) 465-баптың бірінші бөлігіндегі "қадағалау шағымының" деген сөздер "заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      79) 467-бапта:
      бірінші бөлікте "кімнің шағымы", "шағым" деген сөздер тиісінше "кімнің өтініші", "өтініш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "қадағалау шағымын" деген сөздер "өтініш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі "шағым" деген сөз "өтініш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші және бесінші бөліктердегі "шағымды", "шағымды (наразылықты)" деген сөздер тиісінше "өтінішті", "өтінішті (наразылықты)" деген сөздермен, "берген болса" деген сөздер "берсе" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 370-бабының талаптарын сақтай отырып кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) соттың үкімін, қаулысын өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішті, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
      2) бірінші, апелляциялық сатылардың үкімдерін, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулыларын өзгертеді;
      3) үкімді және кейінгі барлық қаулыларды бұзады және істі қысқартады;
      4) үкімді және кейінгі барлық қаулыларды бұзады және істі соттың жаңадан қарауына жібереді;
      5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулыларды бұзады.
      Егер іс сұратылған кезде оны сот қабылдаса және ол бойынша сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізілсе, соттың істі қосымша тергеуге немесе жаңадан соттың қарауына жіберу туралы қаулысына өтініштің, наразылықтың дәйектерін тексеру үшін іс сұратылмайды";
      жетінші бөліктегі "Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде үкімнің" деген сөздер "Үкімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші бөліктегі "қадағалау" деген сөз "кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      тоғызыншы бөліктегі "қадағалау тәртібімен істі" деген сөздер "істі кассациялық тәртіппен" деген сөздермен, "жоғары тұрған қадағалау сатысы төмен тұрған қадағалау сатысы қаулысының" деген сөздер "Жоғарғы Сот кассациялық қаулының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдете алады немесе онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдана алады, бірақ жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, сондай-ақ соттың сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге құқығы жоқ.";
      он бірінші бөліктегі "қадағалау сатысындағы" деген сөздер алып тасталсын;
      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Істі қарайтын сот сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін толық көлемінде тексереді. Егер, сотталған адамдардың жағдайы нашарламаса, өтініште, наразылықта көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өтініш, наразылық берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты сот актісіне өзгерістер енгізуге, өтініш берілген сотталған адаммен бірлесіп жасалған қылмысты саралауды өзгерткен кезде жол беріледі. Сот жағдайды нашарлататын шешімді тек прокурордың наразылығында немесе өтініште көрсетілген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтініші немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтініші бойынша нашарлатуға құқығы жоқ.";
      80) 469-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды күшіне енген соттың үкімі немесе қаулысы бұзылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Қадағалау сатысындағы соттың нұсқаулары төмен тұрған сот істі қайта қараған кезде міндетті.";
      екінші бөліктегі ", қадағалау" және ", сондай-ақ егер үкімнің күші жойылған соң істі жаңадан тексеру кезінде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын" деген сөздер алып тасталсын;
      81) 470-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "470-бап. Соттың істі жаңадан қараған кезде шығарған үкімін және қаулысын қайта қарау туралы өтініш, наразылық беру
      Бұрынғы үкімнің немесе қаулының бұзылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны қайта қарау туралы өтініш, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының бұзылу себептеріне қарамастан жалпы негіздерде берілуі мүмкін.";
      82) мынадай мазмұндағы 470-1 және 470-2-баптармен толықтырылсын:
      "470-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жалпы отырысын тағайындау
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жалпы отырысының хатшысы күнін, уақыты мен орнын көрсете отырып сот отырысын тағайындайды, ол жөнінде Жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына хабарлайды.
      470-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жалпы отырысының ұсынысты немесе наразылықты қарау тәртібі
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жалпы отырысы ұсынысты немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры отырыстың басында ұсынысты немесе наразылықты енгізудің осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
      3. Жоғарғы Соттың Жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарауды тағайындайды.
      4. Істі негізінен қарау судьяның істің мән-жайлары және ұсыныстың негіздері туралы баяндамасынан не наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы прокурордың баяндамасынан басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 467-бабында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.";
      83) 476 және 515-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңарту туралы мәселені шешуі
      1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін қайта қарауды үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы сот жүзеге асырады. Егер іс бойынша апелляциялық немесе кассациялық сатының қаулысы шығарылса, сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше аталған соттар жүзеге асырады. Егер іс қадағалау тәртібімен қаралса, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша Жоғарғы Сот қарайды. Тиісінше аталған сот сатылары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы прокурордың қаулысына берілген шағымдарды қарайды.
      2. Сот отырысында және апелляциялық сатыда жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту туралы прокурордың қорытындысын судьялар жеке-дара, ал кассациялық және қадағалау сатыларында аталған сатыларда іс қарау үшін белгіленген ережелер бойынша алқада қарайды.
      515-бап. Сотта іс жүргізу
      1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді бірінші сатыдағы соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген апелляциялық шағымдар немесе наразылық бойынша қылмыстық істі қараған кезде, есі кіресілі-шығасылы адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот қарауы мүмкін.
      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс сотқа келіп түскеннен кейін судья оны осы Кодексте көзделген ережелер бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды. Істі қарау осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген ережелер ескеріле отырып, сотта талқылауы ережелері бойынша жүргізіледі.
      3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде соттың құрамы осы Кодекстің 58-бабына сәйкес айқындалады.";
      84) 518-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына осы Кодекстің 47-тарауында көрсетілген ережелер бойынша апелляциялық тәртіппен, ал апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 418-бабының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда шығарған қаулысына - кассациялық сатыға қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, ісі қаралған адамның заңды өкілі немесе жақын туысқаны шағым жасауы, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін.";
      85) 519-баптың бірінші бөлігіндегі "сот немесе осы шараны қолдану орны бойынша үш судьядан тұратын алқа құрамындағы сот" деген сөздер "сот қарайды, ал егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану осы соттың қызмет ету аумағынан тыс жерде жүзеге асырылса - осы шараны қолдану орны бойынша тиісті сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      86) 543-бапта:
      тақырыбындағы "Облыстық және оған теңестірілген сотта алқабилердің" деген сөздер "Алқабилердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бірінші бөлікте:
      "осы Кодекстің 291-бабының екінші бөлігінде көрсетілген" деген сөздер алып тасталсын;
      "осы Кодекстің 291-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар" деген сөздер "аса ауыр қылмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "осы Кодекстің 291-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстардың" деген сөздер "аса ауыр қылмыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      87) 544-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "544-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы
      Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилердің қатысуымен сот бір судьяның және он алқабидің құрамында әрекет етеді.";
      88) 546-бапта:
      үшінші бөлікте:
      "ғана аталған" деген сөздер ", сондай-ақ кейінгі кезеңде, соның ішінде сотта істі алдын ала тыңдауда, бірақ соттың басты сот талқылауын тағайындағанға дейін соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Кешіктіріліп берілген өтінішті айыпталушы жазбаша түрде береді  және іс соттылығына жататын сотқа кідіріссіз жіберіледі.";
      бесінші бөлікте "Бұдан әрі" деген сөздер "Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      89) 552-баптың екінші бөлігінде:
      2) тармақтағы "сотта ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген кезде," деген сөздер алып тасталып, "білмейтін адамды" деген сөзден кейін ", мылқау, саңырау, соқыр адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақтағы "мылқау, саңырау, зағип және" деген сөздер алып
тасталсын;
      90) 555-баптағы "он алтыдан", "он алты", "он бір", "он бірі" деген сөздер тиісінше "он жетіден", "он жеті", "он екі", "он екісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      91) 556-баптағы "тоғыз", "он бір" деген сөздер тиісінше "он", "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      92) 562-баптың төртінші бөлігінде "Төрағалық етуші" деген сөздерден кейін "сұрақ қойған алқабиге өзінің бас тарту себебін жариялай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      93) 564-баптың бірінші бөлігінде "сөз" деген сөздер "жарыссөздің әрбір бөлігінде сөздер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      94) 568-баптағы "судьялар", "Судьялар" деген сөздер тиісінше "судья", "Судья" деген сөздермен ауыстырылсын;
      95) 569-бапта:
      бірінші бөліктегі "судьялар мен" деген сөздер алып тасталсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Судьялар", "судьялардың", "судьялар" деген сөздер тиісінше "Судья", "судьяның", "судья" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші бөліктегі "судья" деген сөз алып тасталсын;
      он бірінші бөлікте:
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Кодекстің 371-бабы бірінші бөлігінің 9)-13), 15)-18) тармақтарында және бесінші бөлігінің 1)-3) тармақтарында көзделген мәселелерді судья жеке-дара қарайды.";
      он төртінші бөліктегі "қол қояды" деген сөздер "қол қойып, іс материалдарына қоса тіркеледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      96) 61-тараудың тақырыбындағы "Апелляциялық" деген сөз "Кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      97) 574-бапта:
      бірінші бөліктегі "8-бөлімінде" деген сөздер "48-1-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      98) 575-бапта:
      тақырыбында және мәтін бойынша "Апелляциялық", "апелляциялық" деген сөздер тиісінше "Кассациялық", "кассациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктің 4) тармағындағы "осы Кодекстің 415-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген" деген сөздер "осы Кодексте көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
      "5) төрағалық етуші:
      алқабилер алқасын құрған кезде;
      алқабилердің қатысуымен талқыланбайтын мәселелерді олардың қатысуымен талқылаған кезде;
      алқабилер шешетін мәселелерді тұжырымдаған кезде;
      сот жарыссөздерін жүргізген кезде;
      алқабилерге арнаған сөзінде жіберген әділ сот үкімінің шығарылуына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін бұзушылықтар негіз болып табылады.";
      үшінші бөліктегі "жағдайларын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Кодекстің 575-бабының бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      99) 576-баптағы "бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 6) тармақтарында және екінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші бөлігінің 1), 3), 6) және 7) тармақтарында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж. N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 852-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат, N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат;)
      1) 27-баптағы "Осы Кодекстің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық" деген сөздер "Азаматтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аудандық" деген сөзден кейін "(қалалық)" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 28 және 29-баптар алып тасталсын;
      3) 30-бапта:
      бірінші бөліктегі ", осы Кодекстің 28-бабының бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларында, екінші және үшінші бөліктерінде, 29-бапта көзделген істерді қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-4-бөлігімен толықтырылсын:
      "1-4. Мамандандырылған қаржылық сот Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығы органдарының және лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығы қатысушыларының шағымдары туралы азаматтық істерді, егер тараптардың бірі Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының қатысушысы болса, басқа да азаматтық істерді қарайды.";
      4) 37-бапта:
      бірінші бөлік "бірінші" деген сөзден кейін ", апелляциялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлікте:
      "апелляциялық" деген сөз "кассациялық" деген сөзбен ауыстырылып, "болып табылады" деген сөздерден кейін ", оның міндетін алқа төрағасы не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 38-баптың үшінші бөлігіндегі "апелляциялық немесе" деген сөздер "қадағалау сатысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 39-бапта:
      бірінші бөлік "апелляциялық" деген сөзден кейін "кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлік "бірінші" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі "Апелляциялық" деген сөз "Кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі "апелляциялық" деген сөзден кейін "немесе кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 42-бапта:
      бірінші бөліктегі "сот орындаушысы, сот приставы" деген сөздер алып тасталсын;
      бесінші бөліктегі "немесе қадағалау шағымдарына" деген сөздер ", кассациялық шағымдарына немесе сот актісін соттық қадағалау тәртібінде қайта қарау туралы өтінімдеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөліктегі "сот орындаушысының, сот приставының" деген сөздер алып тасталсын;
      8) 43-баптың бірінші бөлігінде:
      "Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі" деген сөздер "Істі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "іс қаралатын" деген сөздер "өндірісінде іс бар" деген сөздермен, "аудандық немесе оған теңестірілген" деген сөздер "бірінші сатыдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 55-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "6. Сот қарайтын дауда талапкер немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.";
      10) 89-баптың бірінші бөлігіндегі "Заттай" деген сөз "Осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігінде көзделгендерді қоспағанда, заттай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 128-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:
      "Егер мерзімді қалпына келтіру туралы арыз шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей берілген жағдайда сот апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіруі мүмкін.";
      12) 148-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан сот бұйрығының заң талаптарына сай келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.";
      13) 150-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда
жазылсын:
      "3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, ал егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, онда оның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ егер талапкерге бұл деректерлер белгілі болса, қосымша тіркелген салық нөмірі;";
      14) 169-баптың бірінші бөлігіндегі "ұсынады" деген сөз "міндеттейді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 169-1-баппен толықтырылсын:
      "169-1-бап. Талап арызға пікір
      1. Жауапкер, талапқа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса тіркелген құжаттардың талапкерге және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді сотқа табыс етеді.
      2. Пікір сотқа, көшірмелері сот белгілеген, іске қатысатын адамдарға олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін мерзімде ұсынылады.
      3. Талап арызға жазбаша пікірді іске қатысатын өзге де тұлғалар ұсынуға құқылы.
      4. Пікірде:
      1) талапкердің атауы, оның орналасқан немесе тұрғылықты жері;
      2) жауапкердің атауы, оның орналасқан жері; егер жауапкер азамат болса, оның тұрғылықты жері;
      3) заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ қарсылықты негіздейтін өзге де дәлелдемелерге сілтеме жасай отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша қарсылықтар;
      4) пікірге қоса тіркелген құжаттар тізбесі көрсетіледі.
      Пікірде істі дұрыс және уақытылы шешу үшін қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық поштаның мекен-жайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
      5. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.";
      15) 180-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сот аудио, бейнежазба құралдарын пайдаланған жағдайда төрағалық етуші ол туралы жариялайды.";
      16) 184-баптың бірінші бөлігіндегі ", сот приставы" деген сөздер алып тасталсын;
      17) 221-баптың үшінші бөлігінде:
      "уақыт" деген сөз "күні" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сот приставы;" деген сөздер алып тасталсын;
      18) 235-бапта:
      бірінші бөлігіндегі "Аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың бірінші сатыда қаралған істер бойынша шығарған" деген сөздер "Бірінші сатыдағы соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      үшінші бөлікте:
      "Апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "апелляциялық" деген сөз "кассациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      19) 240-3-баптың тақырыбындағы "немесе қадағалау сатысы сотының" деген сөздер ", кассациялық немесе қадағалау сатысындағы" деген сөздермен ауыстырылып, "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      20) 252-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "уақыты" деген сөз "күні" деген сөзбен ауыстырылсын;
      256-баптың екінші бөлігінде:
      3) тармақтағы "және сот приставының" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын және (немесе) стенографиялауды қолдануы туралы мәліметтер;";
      21) 257-баптың үшінші бөлігіндегі "Хаттаманың толық жасалуын қамтамасыз ету үшін дыбысжазба құралдары және (немесе) стенографиялау пайдаланылуы мүмкін. Стенограмманың және (немесе) дыбысжазбаның мазмұны сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Стенограмма сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі, ал оның дыбысжазбасы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін істе сақталады. Хаттамада осы құралдардың қолданылғаны туралы жазба жасалады." деген сөздер "Сот отырысында пайдаланған кезде алынған аудио-, бейнежазбалары бар таспалар (дискілер) сот отырысының хаттамасына тіркеледі және іспен бірге сақталады." деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 258-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "258-бап. Хаттамаға ескертпелер
      Іске қатысушы адамдар хаттама дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде танысып, хаттамада жіберілген қателіктер мен кемістіктерді немесе іс жүргізу әрекеттерінің толық еместігін және олардың нәтижелерін көрсете отырып, бес күн ішінде оған жазбаша түрде ескертпелер беруге құқылы.";
      23) 274-баптың екінші бөлігіндегі "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      24) 332-бапта:
      бірінші бөлік "шағым жасалуы" деген сөздерден кейін ", наразылық келтірілуі" деген сөздермен толықтырылсын:
      екінші бөліктегі "Бірінші сатыдағы сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, іске қатысушы тараптар мен" деген сөздер "Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға және іске қатысушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "333-бап. Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
      Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды.";
      26) 334-баптың үшінші бөлігі мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мерзім апелляциялық сатының сот актілерінің көшірмелерін берген күннен бастап есептеледі.";
      27) 335-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы екінші сөйлем алып тасталсын;
      338-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;
      28) 340-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "340-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірлер
      1. Іске қатысушы тұлға шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысушы басқа тұлғаларға жібереді.
      Апелляциялық сатыдан сотқа жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Пікір сот белгілеген, онымен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.
      3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса беріледі.";
      29) 344-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына (қаулысына) жеке шағым, наразылық шағымдалып отырған ұйғарым шығарылған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сотқа беріледі. Қарау нәтижелері бойынша:
      1) ұйғарымды (қаулыны) өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты - қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
      2) ұйғарымды (қаулыны) толық немесе бір бөлігінде бұзу және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу туралы;
      3) ұйғарымды (қаулыны) толық немесе бір бөлігін бұзу және мәселені мәні бойынша шешу туралы;
      4) ұйғарымды (қаулыны) өзгерту туралы ұйғарым (қаулы) шығарылады.";
      бесінші бөліктегі "Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық" деген сөздер "Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлік алып тасталсын;
      30) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 253-бабында көзделген жағдайда және тәртіпте, сондай-ақ соттың істі қараған кезде заңдылықтың бұзғанын анықтаған жағдайда жеке ұйғарым шығара алады. Апелляциялық сатыдағы сот жеке ұйғарыммен бірінші сатыдағы сот жол берген, шешімді бұзуға негіз болған құқық нормаларының өрескел бұзылғанын және қателерді көрсете алады.";
      31) 348, 349-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "348-бап. Істі талқылауға әзірлеу
      1. Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым немесе наразылық келтірілген істі алғаннан кейін бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 338-бабының талаптарын орындағанын тексереді және апелляциялық шағымда немесе наразылықта баяндалған талаптар мен өтініштерді ескере отырып он күннің ішінде осы Кодекстің 170-бабында көзделген әрекеттерді жасап, істі қарауға тағайындайды.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы адамдарға отырыстың мерзімі мен орны туралы хабарлайды.
      349-бап. Істі қарау мерзімдері
      Іс апелляциялық сатыдағы сотқа түскен күннен бастап бір айлық мерзімде қаралуға тиіс";
      32) 350-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын;
      "3. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген ережелер бойынша тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша сұратып алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерделеп, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алады.";
      33) 351-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "351-бап. Істі талқылаудың басталуы
      Төрағалық етуші сот отырысын ашып: қандай іс, кімнің шағымы бойынша және қай соттың шешімі қаралатынын хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың жеке басын анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдардың және өкілдердің өкілеттігін тексереді.";
      34) 356-баптың үшінші бөлігінде "сот соттың актісін қабылдауға арналған бөлмеге" деген сөздер "судья сот актісін қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 356-1-баппен толықтырылсын:
      "356-1-бап. Сот отырысының хаттамалары
      "Апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы сот үшін көзделген ережелер бойынша қарай отырып, істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерделеу, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алу қажет болған жағдайларда сот отырысының хаттамасын жүргізеді.
      Апелляциялық сатыдағы сот өз бастамасы немесе тараптардың өтініштері бойынша сот отырысының хаттамасын жүргізуге құқылы.";
      35) 357-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "357-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау
      1. Апелляциялық сатының сот актісін шығаруы және оны жариялауы осы Кодекстің 217, 218-баптарында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.";
      36) 358-баптың 4) тармақшасында:
      "материалдық немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      "364" сандары "366" сандарымен ауыстырылсын;
      359 және 360-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "359-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актілері
      1. Осы Кодекстің 358-бабында көзделген жағдайларда, апелляциялық сатыдағы сот қаулы, қалған жағдайларда ұйғарым шығарады.
      2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелді актісі ол қабылданған күннен бастап бес күннің ішінде шығарылуға тиіс.
      360-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
      1. Апелляциялық сатыдағы соттың шешімінде: апелляциялық қаулының шығарылған күні мен орны; апелляциялық шешімді шығарған соттың атауы; сот құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер; даудың нысанасы немесе қойылған талаптар, қойылған талаптың және оларға қарсылықтың мәні, бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайы, бірінші сатыдағы сот қаулы шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетілуі тиіс.
      2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінде:
      1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;
      2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың
негіздемелері;
      3) апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыруының, күшін жоюының не өзгертуінің негіздері;
      4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауға алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
      5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымы және оның шешімі көрсетіледі.
      3. Осы Кодекстің 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіпте апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазбалар және анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе оның мәнін өзгертпей шығарылған қаулыны түсіндіруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың аталған мәселелер жөніндегі қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.";
      37) 363-баптың бірінші бөлігі алып тасталсын;
      38) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "368-бап. Апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшіне енуі
      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары, егер оларға шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, оларға кассациялық шағым беру, наразылық келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.";
      39) мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2-тараулармен толықтырылсын:
      "42-1-тарау. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық тәртіпте шағым беру және наразылық келтіру
      383-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағым беру және наразылық келтіру құқығы
      1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағым беру және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа адамдарға тиесілі.
      2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы немесе ұйғарым қабылдаған тұлғалар да кассациялық шағым беруге құқылы.
      383-2-бап. Кассациялық шағымдарды және наразылықтарды қарайтын соттар
      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот үш судьядан кем емес құрамда қарайды.
      383-3-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру тәртібі
      Кассациялық шағымдар мен наразылықтар іске қатысушы адамдардың санына сәйкес көшірмелерімен бірге кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі және тікелей беріледі. Қажетті жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамды, шағымға немесе наразылыққа қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысушы адамдардың санына сәйкес ұсынуды міндеттей алады.
      383-4-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі
      Кассациялық шағым немесе наразылық сот апелляциялық шешімді және қаулыны түпкілікті нысанда шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі мүмкін. Мерзім апелляциялық сатының сот актілерінің көшірмелері берілген күннен бастап есептеледі.
      Көрсетілген мерзім еткеннен кейін берілген шағым немесе наразылық қараусыз қалдырылады және шағымды немесе наразылықты берген адамға кері қайтарылады.
      383-5-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны
      1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:
      1) шағым немесе наразылық жіберілген соттың атауы;
      2) шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның атауы;
      3) шағымдалып немесе наразылық келтіріліп отырған қаулыға және ұйғарымға сілтеме;
      4) қаулының, ұйғарымның дұрыс еместігі неге байланысты екені және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтініші көрсетілуге;
      5) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша материалдардың тізбесі болуға тиіс. Кассациялық шағымға шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды.
      2. Егер кассациялық шағым берген өкілдің істі жүргізуге берілген сенімхатында кассациялық шағым беру құқығы арнайы айтылмаса немесе ол бірінші сатыдағы сотта істі талқылау уақытында іс жүргізуге қатыспаса, кассациялық шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
      383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру.
      1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта оларды берген тұлғалардың қолы қойылмаса, шағым немесе наразылық берілген қаулы және ұйғарым көрсетілмесе немесе барлық қажетті көшірмелер қоса тіркелмесе, облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшіліктерді жою үшін мерзім тағайындайды.
      2. Егер шағымды немесе наразылықты берген тұлға ұйғарымда көрсетілген нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғаш тапсырылған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда шағым немесе наразылық берілмеген деп есептеледі және соттың ұйғарымымен шағым немесе наразылық берген тұлғаға кері қайтарылады.
      383-7-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейінгі әрекеті
      Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін:
      1) азаматтық істің материалдарын сұратуға;
      2) пікір беру мерзімін бере отырып, іске қатысушы тұлғаларға шағымның немесе наразылықтың және оларға қоса тіркелген жазбаша материалдардың көшірмелерін жіберуге;
      3) іске қатысушы тұлғаларға кассациялық шағымның және
наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлауға міндетті.
      383-8-бап. Кассациялық шағымға қосылу
      Тараптар және процесте кассациялық шағым берген тұлғаның жағында болған үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосыла алады.
      383-9-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір
      1. Іске қатысушы тұлға кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікірді, шағымдарға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркеп, іске қатысушы басқа тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді. Кассациялық сатыға жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
      2. Пікір сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жолданады.
      3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге, сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
      383-10-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту және кассациялық наразылықты кері қайтарып алу
      1. Кассациялық шағым берген адам одан бас тартуға құқылы. Алайда сот бас тартуды қабылдамай тастауға және істі кассациялық тәртіппен қарауға құқылы.
      2. Кассациялық наразылық келтірген прокурор, сондай-ақ жоғары тұрған прокурор сот отырысы басталғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы тұлғаларға хабарлайды.
      3. Егер шешімге басқа тұлғалар шағым бермесе немесе наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды қабылдау туралы және наразылықты кері қайтарып алған кезде кассациялық іс жүргізуді қысқартатын ұйғарым шығарады.
      383-11-бап. Талап қоюдан бас тарту және тараптардың бітімгершілік келісімі
      Талапкердің талап қоюдан бас тартуы немесе кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған тараптардың бітімгершілік келісімі кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға немесе бітімгершілік келісім бекітілгенге дейін сот талапкерге немесе тараптарға олардың іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
      Талапкердің талап қоюдан бас тартуын қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту кезінде кассациялық саты шығарылған шешімнің күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады. Егер сот осы Кодекстің 49-бабының екінші бөлігінің негізінде талап қоюдан бас тартуды немесе бітімгершілік келісімді қабылдамаса, ол істі кассациялық тәртіпте қарайды.
      42-2-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
      383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы
      Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы сот қаулысы мен ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      383-13-бап. Істі қараудың шектері
      1. Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      2. Кассациялық сатыдағы сот қойылған талаптың шеңберінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.
      383-14-бап. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері
      Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша түскен істі, ол келіп түскен күннен бастап бір айлық мерзімде қарауға тиіс.
      383-15-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі
      1. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысы, ұйғарымы қаралатынын жариялайды. Істі сот талқылауына әзірлеу бөлігінде сот осы Кодекстің 180, 189-баптарын басшылыққа алады.
      2. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.
      383-16-бап. Іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдарлары
      Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.
      383-17-бап. Істі баяндау
      Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасынан басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің мазмұнын, кассациялық шағымның немесе наразылықтың дәлелдерін және оларға түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауына қажетті басқа да деректерді хабарлайды.
      383-18-бап. Іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері
      Сот баяндамадан кейін сот отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Кассациялық шағым немесе наразылық берген адам және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағымданған жағдайда талапкер бірінші болып сөйлейді.
      383-19-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалардың арыздарын шешуі
      Іске қатысушы тұлғалардың кассациялық сатыда істі талқылауға байланысты барлық мәселелер жөніндегі арыздары мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.
      383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі
      Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
      1) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және егер кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, істі бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың сол немесе өзге құрамында жаңадан қарауына жіберуге;
      3) апелляциялық саты қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не осы Кодекстің 247, 249-баптарында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға;
      4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға;
      5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жібермей, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.
      383-21-бап. Кассациялық тәртіппен сот қаулылары мен ұйғарымдарының күшін жоюдың негіздері
      Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 365, 366-баптарында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын бұзуы немесе дұрыс қолданбауы кассациялық тәртіппен сот қаулылары мен ұйғарымдарының күшін жоюға негіздер болып табылады.
      383-22-бап. Кассациялық сатының сот актілері
      1. Кассациялық сатының сот актілері қаулы нысанында шығарылады.
      2. Кассациялық сатының қаулысында:
      1) қаулының шығарылған уақыты мен орны;
      2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
      3) кассациялық шағым немесе наразылық берген адам;
      4) шағымдалған апелляциялық қаулының, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің қысқаша мазмұны, кассациялық сатыда істі қараған кезде қатысушы адамдардың түсініктемелері;
      5) соттың тұжырым жасауға алып келген уәждері және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
      6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдары көрсетілуге тиіс.
      3. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде сот өзінің қаулысында шағымның дәлелдерін дұрыс емес деп танудың және бас тартудың уәждерін көрсетуге міндетті.
      4. Кассациялық сатының қаулысы түпкілікті нысанда 5 күннің ішінде дайын болуға тиіс. Іске қоса тіркелетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.
      383-23-бап. Кассациялық сатыдағы сот шешімінің заңды күші
      Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылған сәтінен бастап заңды күшіне енеді.
      383-24-бап. Кассациялық сатыдағы сот нұсқауларының міндеттілігі
      1. Апелляциялық саты шешімінің күші жойылып, іс жаңадан қаралуға жіберілген жағдайда, істі кассациялық тәртіппен қараған соттың қаулысында баяндалған нұсқаулар, істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті.
      2. Істі кассациялық тәртіппен қарайтын сот қайсы бір дәлелдеменің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқалардан басымдығы туралы, сондай-ақ істі жаңадан қараған кезде қандай шешім шығарылуы тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқығы жоқ.
      383-25-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі
      1. Кассациялық сатыдағы сотқа белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық шағым, істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің өндірісіне қабылдауға міндетті.
      2. Егер мұндай шағымды қараудың нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарылған кассациялық актінің заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы тұжырымға келсе, онда оның күші жойылып, жаңа сот актісі шығарылады.";
      40) 384-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін іске қатысушы тұлғалардың шағымдары және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.";
      екінші бөлікте "Осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ұйғарымдарды (қаулыларды) қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың" деген сөздер "Істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін аталған соттардың ұйғарымдарын қоспағанда, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      төртінші бөлікте:
      "Жоғарғы Соты қадағалау алқасының" деген сөздер "Жоғарғы Сотының қадағалау тәртібімен шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      41) 385-бапта:
      баптың тақырыбындағы "сот актілеріне шағым жасауға, наразылық келтіруге" деген сөздер "сот актілеріне өтінім беруге, наразылық келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктегі "Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына" деген сөздер "Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілеріне" деген сөздермен, "істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына" деген сөздермен, "шағымдана" деген сөз "даулай" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Заңды күшіне енген сот актісіне наразылықты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына беруге құқылы.";
      үшінші бөлікте "осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың" деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші бөлікте:
      "қадағалау тәртібімен істі қараушы" деген сөздер алып тасталсын;
      "Шағымды" деген сөз "Өтінімді" деген сөзбен, "Қадағалау шағымы мен наразылығын" деген сөздер "Өтінімді, наразылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлікте "Бұл ретте қадағалау алқасы" деген сөздер "Сот кеңесу бөлмесінде" деген сөздермен, "қадағалау алқасы" деген сөздер "сот" деген сөзбен ауыстырылсын;
      42) 386-бапта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жергілікті соттардың заңды күшіне енген сот актілеріне өтінімдері, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша істерді бес судьядан кем емес құрамда қарайды.";
      үшінші бөлікте "қадағалау алқасының" деген сөздер алып тасталсын;
      43) 387-бапта:
      бірінші бөліктегі "осы Кодекстің 385-бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлар және осы Кодекстің 393-бабында аталған судьялар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "шағымдары," деген сөз алып тасталсын;
      төртінші бөліктегі "ұйғарымдарын," деген сөзден кейін "кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      44) 388-баптың бірінші бөлігіндегі "қадағалау шағымын, наразылығын" деген сөздер "өтінім, наразылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      45) 390-баптың 4-тармақшасындағы "материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі, немесе" деген сөздер алып тасталып, "соққан," деген сөзден кейін "материалдық не" деген сөздермен толықтырылсын;
      46) 391-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "391-бап. Жоғарғы Сотқа берілетін қадағалау наразылығын келтіру туралы және сот актісін даулау (шағымдану) туралы өтінімнің мазмұны";
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жоғарғы Сотқа берілетін қадағалау наразылығын келтіру туралы және сот актісін даулау (шағымдану) туралы өтінімде:
      1) өтінім жолданатын соттың атауы, өтінім жолданатын лауазымды тұлғаның аты-жөні;";
      2) тармақшадағы "шағым (өтінім)" деген сөздер "өтінім" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшадағы "шағым жасалып" деген сөздер "дау айтылып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы неде екені және өтінімді берген тұлғаның нені өтінетіні көрсетілуге тиіс";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Егер іске қатыспаған тұлға өтінім берсе, онда дауланған шешіммен, ұйғарыммен, қаулымен осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс";
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "2-1. Егер дау айтылған сот актісі тиісті сот сатысында шағымдалмаса, арыз беруші апелляциялық не кассациялық шағым бермеген себептерін көрсетуге міндетті.";
      үшінші бөліктегі "қадағалау шағымын (өтінімін)", "шағым жасалып" деген сөздер тиісінше "өтінімді", "дау айтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі "қадағалау шағымы (өтінімі)" деген сөздер "өтінім" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші бөлікте:
      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтінімге өтінімді берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс";
      "қадағалау шағымына (өтініміне) шағым" деген сөздер "Өтінімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Өтінімге іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот куәландырған көшірмелері қоса тіркелуге тиіс";
      47) 392-бапта:
      баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтініндегі "Қадағалау шағымын (өтінімін)", "Қадағалау шағымы (өтінім)", "Қадағалау шағымын (өтінімді)" деген сөздер тиісінше "Өтінімді", "өтінім", "Өтінімді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) процестің осы қатысушысының арызы бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулы болса, оларды берген адамдарға қайтарылуға тиіс";
      48) 393-бапта:
      баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтініндегі "Қадағалау шағымын", "қадағалау шағымы", "Қадағалау шағымы", "шағым" деген сөздер тиісінше "Өтінімді", "Өтінім", "Өтінімнің", "өтінім" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот актісін сот қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінімді үш судья алдын ала зерделейді және қарайды, олардың біреуі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы тағайындаған баяндамашы болып табылады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс сұратылуы мүмкін.";
      49) 394-бапта:
      баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтініндегі "Қадағалау шағымын", "Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша сот", "шағым берілген", "қадағалау шағымын", "қадағалау шағымының", "қадағалау шағымында" деген сөздер тиісінше "Өтінімді", "Өтінімді алдын ала қараудың нәтижелері бойынша судьялар", "дау айтылған", "өтінімді", "өтінімнің", "өтінімде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өтінім берген тұлғаның атауы;";
      50) 395-бапта бірінші бөлікте:
      "шағым жасалған" деген сөздер "дау айтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сот қаулысын" деген сөздерден кейін ", наразылықты" деген сөзбен толықтырылсын;
      "қадағалау шағымының" деген сөздер "өтінімнің, қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      51) мынадай мазмұндағы 395-1-баппен толықтырылсын:
      "395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінімге немесе наразылыққа пікір
      1. Іске қатысушы адам қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркеп, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінімге немесе наразылыққа пікірді іске қатысушы басқа тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберуге құқылы.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа адамдарға пікірдің көшірмесі жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
      2. Пікір Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өтінімді немесе наразылықты қарауды бастағанға дейін пікірмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жолданады.
      3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкілдің қолы қойылған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге құжат қоса тіркеледі.";
      52) 397-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "шағым, наразылық" деген сөздер "өтінімнің, наразылықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қаулыларының" деген сөз "актілерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "қадағалау шағымы немесе наразылық" деген сөздер "өтінімнің немесе наразылықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      53) 398-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "кімнің шағымы", "шағым" деген сөздер тиісінше "кімнің өтінімі", "өтінім" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте "қадағалау шағымын (наразылығын)" деген сөздер "өтінімді (наразылықты)" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте "Шағым" деген сөз "Өтінім" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте:
      1) тармақшада "қадағалау сатысындағы" деген сөз "кассациялық сатыдағы" деген сөзбен, "шағымды" деген сөз "өтінімді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "бірінші, апелляциялық", "апелляциялық" деген сөздерден кейін тиісінше "және кассациялық", "немесе кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық"
деген сөзбен толықтырылсын;
      5) тармақшада "қадағалау сатысындағы" деген сөздер "кассациялық сатыдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      54) 401-баптың бірінші бөлігі алып тасталсын;
      403-баптың екінші бөлігінде "шағым" деген сөз "өтінім" деген сөзбен, "мәлімделуі" деген сөз "берілуі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 403-1, 403-2-баптармен толықтырылсын:
      "403-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жалпы отырысын тағайындау
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жалпы отырысының хатшысы күнін, уақыты мен орнын көрсете отырып сот отырысын тағайындайды, ол жөнінде Жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына хабарлайды.
      403-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жалпы отырысының ұсынысты немесе наразылықты қарау тәртібі
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жалпы отырысы ұсынысты немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынысты немесе наразылықты енгізудің осы Кодекстің 384-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
      3. Жоғарғы Соттың Жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарауды тағайындайды.
      4. Істі негізінен қарау судьяның істің мән-жайлары және ұсыныстың негіздері туралы баяндамасынан не наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы прокурордың баяндамасынан басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 398-бабында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.";
      55) 405-баптың екінші бөлігінде "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      56) 406-баптың бірінші бөлігіндегі "адамдар" деген сөзден кейін ", шығарылған сот актісімен құқықтары мен заңды мүдделері қозғалған өзге де мүдделі тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      57) мынадай мазмұндағы 406-1, 406-2, 406-3-баптармен толықтырылсын:
      "406-1-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
      1. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз берген адам немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
      2. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
      1) арыз берілген соттың атауы;
      2) арыз берген адамның және іске қатысатын басқа тұлғалардың атауы, олардың орналасқан жері немесе тұратын жері;
      3) арыз беруші жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінім беріліп отырған сот актісін қабылдаған соттың атауы; сот актісінің қабылданған күні; даудың нысанасы;
      4) арыз берген адамның талаптары; осы Кодекстің 404-бабында көзделген жаңадан анықталған мән-жайлар және осы мән-жайлардың ашылуын немесе анықталуын растайтын құжаттарға сілтеме жасала отырып, арызданушының пікірі бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы мәселені қою үшін негіз болған мән-жайлар;
      5) қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
      Арызда іске қатысатын тұлғалардың телефон, факс нөмірлері, электронды почта мекен-жайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
      3. Арыз берген тұлға іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберуге міндетті.
      4. Арызға:
      1) жаңадан анықталған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
      2) арызданушы қайта қарау туралы өтінім берген сот актісінің көшірмесі;
      3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;
      4) тұлғаның арызға қол қою өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
      406-2-бап. Арызды сот өндірісіне қабылдау
      1. Арыздың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды сақтай отырып берілген сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз тиісті соттың өндірісіне қабылданады.
      2. Арызды сот ендірісіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа түскен күннен бастап бес күндік мерзімде тиісті соттың судьясы жеке-дара шешеді.
      Тиісті соттың судьясы арызды өндіріске қабылдау туралы ұйғарым шығарады.
      Ұйғарымда арызды қарау жөніндегі сот отырысын өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.
      Ұйғарымның көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.
      406-3-бап. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды кері қайтару
      1. Егер тиісті соттың судьясы арызды өндіріске қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
      1) арыздың осы Кодекстің 405-бабында белгіленген ережелер бұзыла отырып берілгенін;
      2) арыз белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіру туралы өтінімнің жоқ екенін немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
      3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды арыз берушіге кері қайтарады.
      2. Арызды кері қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
      Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілген құжаттармен бірге ұйғарым шыққан күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
      3. Арызды кері қайтару туралы соттың ұйғарымына шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.";
      58) 409-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы шешімдеріне және аталған соттардың сот актіні жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымдарына белгіленген тәртіпте шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.".

       2-бап . Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       3-бап . 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін іс жүргізуге қабылданған, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істерді қарау осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыстағы іс жүргізу заңының ережелері бойынша жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады