Қазақстан Республикасының Үкіметі және Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы 1992-1993 жылдардағы (корреспонденттік шоттарға көшкенге дейін және кейін) сауда-экономикалық қатынастардың нәтижелері бойынша өзара есеп айырысу сальдосын реттеу туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 9 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы (корреспонденттік шоттарға көшкенге дейін және кейін) сауда-экономикалық қатынастардың нәтижелері бойынша өзара есеп айырысу сальдосын реттеу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы (корреспонденттік шоттарға көшкенге дейін және кейін) сауда-экономикалық қатынастардың нәтижелері бойынша өзара есеп айырысу сальдосын реттеу туралы келісімнің жобасына қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің       
      2009 жылғы 15 қаңтардағы
      N 9 қаулысымен    
      мақұлданған     

      Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы (корреспонденттік шоттарға көшкенге дейін және кейін) сауда-экономикалық қатынастардың нәтижелері бойынша өзара есеп айырысу сальдосын реттеу туралы келісім

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Молдова Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы (корреспонденттік шоттарға көшкенге дейін және кейін) сауда-экономикалық қатынастардың нәтижелері бойынша өзара есеп айырысу сальдосын түбегейлі реттеуге ұмтыла отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім күшіне енген сәттен бастап Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы (корреспонденттік шоттарға көшкенге дейін және кейін) сауда-экономикалық қатынастардың нәтижелері бойынша 438819688,91 (төрт жүз отыз сегіз миллион сегіз жүз он тоғыз мың алты жүз сексен сегіз кеңес рублі 91 тиын) кеңес рублі сомасындағы өзара есеп айырысу сальдосына қатысты Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы өзара қаржылық талап ету және талаптар толық және түпкілікті реттелген деп танылады.

2-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша түрде соңғы хабарланған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім Тараптар осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындаған күннен бастап өзінің қолданылуын тоқтатады.

      2009 жылғы "___"_________ ______________ әрқайсысы қазақ, молдова және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде және қолдануда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

     Қазақстан Республикасының          Молдова Республикасының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады