Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 297 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген сөздермен, бұдан әрі қаулының мәтіні бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      тақырыбындағы және 1-бөлімдегі "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" деген сөздермен, "ҚазАгро" ұлтхолдингі" және мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
      тақырыбы "ұлттық" деген сөзден кейін "басқарушы" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулыға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады