Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 561 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 45, 514-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде :
      "Қаржыландыру көлемі мен көздері" деген жолда:
      төртінші абзацта "17 551,5" деген сандар "17 421,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта "85 267,3" деген сандар "85 397,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      он екінші абзацта "7 207,2" деген сандар "7 207,2*" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "* - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды іске асыруға "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен, олардың жарғылық капиталына аударылған 6 356,6 млн. теңге.";
      "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі" деген 5-бөлімде :
      "Тұрғын үймен қамтамасыз ету" деген 5.3.3-кіші бөлімде :
      оныншы абзацта "тұрғын үйді сатып алу кезіндегі алғашқы жарнаға қажетті жинақты" деген сөздер "тұрғын үйді сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртінші абзацта "Тұрғын үйді сатып алу үшін қажетті алғашқы жарна сомасын" деген сөздер "Тұрғын үйді сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Жергілікті атқарушы органдар қаражат көздейді және магистральдық инфрақұрылым объектілерінің құрылысын, салынатын объектілер бойынша Бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді және тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін жер учаскелерін бөлуді жүзеге асырады.
      2009 жылы осы Бағдарлама шеңберінде 2008 жылы "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" ӘКК-тың жарғылық капиталына аударылған қаражат есебінен Бағдарламаға қатысушылар қатарынан 1051 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделетін пилоттық жобалар Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданында іске асырылатын болады.";
      "Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде :
      төртінші абзацта "17 551,5" деген сандар "17 421,5" деген сандармен ауыстырылсын";
      бесінші абзацта "85 267,3" деген сандар "85 397,3" деген сандармен ауыстырылсын";
      он екінші абзацта "7 207,2" деген сандар "7 207,2*" деген сандармен ауыстырылсын:
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "* - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды іске асыруға "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен, олардың жарғылық капиталына аударылған 6 356,6 млн. теңге.";
      "2009 - 2011 жылдарға арналған Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде :
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:

"

18-1.

Пилоттық жобаларды Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданында іске асыру:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, "Сарыарқа", "Ертіс", "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша)

2010 жылғы
қаңтар




- тұрғын үйлер салу;

Еңбекминіне ақпарат

Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, "Сарыарқа", "Ертіс" "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша)

2009 жылғы желтоқсан

2009 ж. - 5084,7

"Сарыарқа", "Ертіс", "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша)


- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Еңбекминіне ақпарат

Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, "Сарыарқа", "Ертіс" "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша)

2009 жылғы желтоқсан

2009 ж. - 1271,9

"Сарыарқа","Ертіс", "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша)

";

      реттік нөмірі 19-жолдың "жылыжай шаруашылығын дамыту" деген абзацының 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "ОҚО әкімі, "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша)";
      "оның ішінде" деген жолдағы "17 551,5" деген сандар "17 421,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      "республикалық бюджет" деген жолдағы "85 267,3" деген сандар "85 397,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      "басқа көздерден ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ӘКК)" деген жолдағы "7 207,2" деген сандар "7 207,2**" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "** - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды іске асыруға "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен, олардың жарғылық капиталына аударылған 6 356,6 млн. теңге.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады