Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 820 Қаулысы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес, дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы мәселе бойынша алдағы консультацияларға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Париж қаласына (Француз Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 481 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "2009 жылғы 20 - 23 сәуір кезеңінде" деген сөздер "2009 жылғы 4 - 7 мамыр кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
      Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Париж - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
      Бағдат Жұмабекұлы Сейітбатталовқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Париж - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады