Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл толуын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 824 Қаулысы

      "Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның халық ақыны, дәстүрлі музыканың көрнекті өкілі, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 5 маусымдағы
N 824 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстанның халық ақыны, дәстүрлі музыканың көрнекті өкілі, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Қордай ауданының Кенен ауылында мәдени іс-шаралар өткізу

Жамбыл облысының әкімі

2009 жылғы маусым

Жергілікті бюджет

1150,0

2

Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған айтыс өткізу

Жамбыл облысының әкімі

2009 жылғы маусым

Жергілікті бюджет

10000,0

3

Өнер шеберлерінің Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты жиналыс-концертін өткізу

Алматы қаласының әкімі

2009 жылғы қыркүйек

Жергілікті бюджет

1471,0

4

Кенен Әзірбаев атындағы "Шырқа даусым!" атты V конкурсын өткізу, конкурс лауреаттары туралы буклет шығару

Жамбыл облысының әкімі

2009 жылғы қазан

Жергілікті бюджет

11000,0

5

Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты концерт өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы қазан

011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы

4050,5


Жиыны:



Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

4050,5
 
 
23621,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады