Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 685 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 976 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.18 № 1353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне және "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 287-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және аттестаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқуы орындарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын білім беру кәсіпорындарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 5) тармақшасында:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "одан босатылғаны" деген сөздер "еңбек шартының тоқтатылғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңын;";
      15-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы "жеке", "Жеке" деген сөздер алынып тасталсын;
      16-тармақтың екінші абзацындағы "еңбек туралы заңнама" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы 9-бабының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 28-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ережеге қосымшада:
      тақырыбындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Шарт Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 20-бабына және "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес жасалды.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Егер Шарт мерзімі аяқталғанан кейін еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасса және Тараптардың бір де бірі олардың тоқтатылуын талап етпесе, онда Шарттың қолданылуы белгісіз мерзімге ұзартылған болып саналады.";
      6-тармақтың 2) тармақшасындағы "кәсіпорын шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын" деген сөздер "кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      1) тармақшадағы "лауазымдық нұсқаулықта" деген сөздер "Заңда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "ұйымдарда", "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "органдарда", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада:
      "еңбек" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жұмыстан босатуға" деген сөздер "олармен еңбек шарттарын бұзуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "лауазымдық міндеттерін және өкілеттіктерін" деген сөздер "құзыретін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Кәсіпорын басшысымен Шарт бұзылған кезде оның еңбек кітапшасына (ол болған жағдайда) тиісті жазбаны енгізе отырып, Шарттың тоқтатылуын бұйрықпен ресімдеуге;
      5) жұмыстан босатылатын Кәсіпорын басшысына Шарт тоқтатылған күні еңбек кітапшасын немесе Кәсіпорын басшысының еңбек қызметін растайтын өзге құжатты беруге;";
      9-тармақтың 1), 11) тармақшаларындағы "шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық", "шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалы" деген сөздер "қаржы-шаруашылық қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Кәсіпорын басшысымен Шартты заңсыз бұзғаны;";
      11-тармақтың 4) тармақшасындағы және 12-тармақтың 8) тармақшасындағы "еңбек туралы заңнамада" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады