Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 7 шілдедегі N 1035 Қаулысы

      "Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақтың дәстүрлі музыкасының аса көрнекті өкілі - халық композиторы Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 7 шілдедегі
N 1035 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақтың дәстүрлі музыкасының аса көрнекті өкілі - халық
композиторы Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл толуын
дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған XVII республикалық Қазақстан драма театрларының фестивалін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы III тоқсан

011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы

20449,0

2

Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған салтанатты концерт өткізу, Біржан сал Қожағұлұлының әндерінен СD дискілер шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы IV тоқсан

011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы

5600,0

3

"Біржан сал және дәстүрлі қазақ музыка өнері" музыкалық фестивалін өткізу

Ақмола облысының әкімі

2009 жылғы III тоқсан

Жергілікті бюджет

2350,0


Жиыны:



Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

26049,0
 
2350,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады