Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 1068 Қаулысы

      Экономиканы үдемелі индустриялық-инновациялық, дамытуды
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі Құралбай Сейітбайұлы Бұхарбаевты "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының;
      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Бекболатұлы Нұрашевты "Каzуnа Саріtаl Маnаgеmеnt" акционерлік қоғамының;
      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қалымтайұлы Қазыбаевты "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамының;
      6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамының;
      7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық даму департаментінің директоры Игорь Владимирович Цойды "Біріккен химия компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңестерінің (қадағалау кеңестерінің);
      8) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рауды «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрамдарына сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.28 № 357 Қаулысымен.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 14 шілдедегі
N 1068 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
      осы қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
      үшінші абзацта:
      "бірінші басшылары" деген сөздер "өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.

      3. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Дұрмағамбетов                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ерлан Дмитрийұлы                және байланыс агенттігі төрағасының
                                орынбасары"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Дәрібаев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мұрат Амангелдіұлы              сауда министрлігі Өнеркәсіп
                                комитетінің төрағасы".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.05 № 378 Қаулысымен.

      5. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1102 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Өтепов                       - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлович                 министрлігі Мемлекеттік мүлік
                                және жекешелендіру
                                комитетінің төрағасы"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Бұхарбаев                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Құралбай Сейітбайұлы            сауда министрінің кеңесшісі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады