Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 1099 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы үйлестіруші рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ "Қазақстан инжиниринг" (Kаzаkhstаn Еngіnееrіng) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) тиесілі акцияларының пакеттері Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне сенімгерлік басқаруға берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" және "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қормен бірлесіп:
      1) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын;
      2) бір ай мерзімде осы қаулыға қосымшада көрсетілген
акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттерін мемлекеттік меншікке беру мәселесін пысықтасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 20 шілдедегі
N 1099 қаулысына    
қосымша      

Акцияларын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік
қоғамы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігіне сенімгерлік басқаруға беретін акционерлік
қоғамдардың тізбесі

Р/с
N

Атауы

1

"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы

2

"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

3

"Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

4

"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

5

"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

6

"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

7

"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

8

"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады