Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1116 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына , "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындық кезінде әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін арнайы техниканы сатып алу, әуежайға баратын жол бойында көшені жарықтандыру желілерін қалпына келтіру және жиектастар орнату, Қостанай қаласының Гашек көшесі - Абай даңғылы шекарасындағы Ворошилов көшесін күрделі жөндеу және орталық және батыс бөлігінің көшелері мен жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау бойынша көтерген шығындарды өтеу үшін Қостанай облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 576338000 (бес жүз жетпіс алты миллион үш жүз отыз сегіз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады