Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1268 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1195 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1268 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыда :
      бірінші абзацта "шығ. N 12541/3 дснг" деген сөздерден кейін ", 2009 жылғы 15 мамырдағы N 5444/3 дснг" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі толықтыру енгізілген қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарабына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады