Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 тамыздағы N 1215 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына , "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 17355029 (он жеті миллион үш жүз елу бес мың жиырма тоғыз) теңге бөлінсін.
      2. Залал келтірген мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен алынған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 13 тамыздағы
N 1215 қаулысына  
қосымша       

Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі

Р/с
N

Сот органының атауы және шешім шығарылған күн

Талапкер

Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге)

Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж (теңге)

1

2

3

4

5

1

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 2008 жылғы 10 қыркүйектегі шешімі

С.С. Хайруллин

150584


2

Атырау облысының Атырау қалалық сотының 2008 жылғы 16 мамырдағы шешімі, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2008 жылғы 2 шілдедегі қаулысы

А.Б. Шайхиев

3373915


3

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 2008 жылғы 16 сәуірдегі шешімі, Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2008 жылғы 15 шілдедегі қаулысы

К.Д. Майбасов

50584


4

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2004 жылғы 23 наурыздағы шешімі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қадағалау алқасының 2005 жылғы 27 сәуірдегі қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының 2005 жылғы 29 маусымдағы қосымша қаулысы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы айқындамасы

"ҚуатАмлон-Мұнай" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7933082


5

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының N 2 сотының 2008 жылғы 21 тамыздағы шешімі, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының N 2 сотының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі айқындамасы

М.Э. Құсайынов

100584


6

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2008 жылғы 20 маусымдағы қаулысы, Қызылорда қалалық сотының 2008 жылғы 26 қарашадағы қаулысы

А.С. Имағанбетова

919358


7

Атырау қалалық сотының 2007 жылғы 21 мамырдағы шешімі, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 4 шілдедегі қаулысы, Атырау қалалық сотының 2007 жылғы 10 қазандағы айқындамасы

Т.А. Ғайсин

1610151


8

Қостанай қалалық сотының 2008 жылғы 11 қыркүйектегі қосымша шешімі

М.В. Ремезова (бұрынғы М.В. Солодова)

3066351


9

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы N 2 сотының 2008 жылғы 28 мамырдағы айқындамасы

А.Р. Ғарыпжанов

150420


Жалпы сомасы:                                                17355029

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады