1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес жүзеге асырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға жыл сайынғы шығымдар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 тамыздағы N 1223 Қаулысы

      Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын әзірлеуге инвестициялар көлемінің 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімде (бұдан әрі - ӨБТК) көзделген бастапқы сомалармен салыстырғанда ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің:
      1) ӨБТК-нің 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға жыл сайынғы шығындарды 2009 жылдан бастап 10 млн. АҚШ долларынан 20 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту туралы;
      2) жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығындарға жатқызу туралы ұсыныстарымен келісілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады