Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 1310 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 7 қыркүйектегі
N 1310 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының
Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық
талаптардан босату туралы келісім

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі елдер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және өзара ынтымақтастықты дамытуға тілек білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Жарамды дипломаттық паспорттары бар бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда алғашқы келген күнінен бастап есептегенде 6 ай ішінде 90 күнге дейін бола алады.

2-бап

      Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдігіне жұмысқа тағайындалған, жарамды дипломаттық паспорттары бар бір Тарап мемлекетінің азаматтары және олардың отбасы мүшелері баратын мемлекеттің аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда алғашқы келген күнінен бастап есептегенде 6 ай ішінде 90 күнге дейін бола алады.

3-бап

      Осы Келісімге сәйкес визалық талаптардан босату 2-бапта көрсетілген тұлғаларды қабылдаушы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 10-бабына сәйкес және 1963 жылғы 23 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 11-бабына сәйкес қабылдаушы Тарап мемлекетінде аккредиттелу талабынан босатпайды.

4-бап

      Осы Келісімге сәйкес визалық талаптардан босату 1-бапта көрсетілген тұлғаларды қабылдаушы Тарап мемлекетінің заңнамасын сақтау міндетінен босатпайды.
      2-бапта көрсетілген тұлғалар қабылдаушы Тарап мемлекетінің заңнамасын құрметтеуге міндетті.

5-бап

      Осы Келісімге сәйкес екі Тарап мемлекеттерінің құзыретті органдары өз мемлекеттерінің аумағында болуы қолайсыз деп танылған тұлғалардың келуінен немесе болуынан бас тарту құқығын өздерінде сақтайды.

6-бап

      Тараптар қауіпсіздікті, денсаулықты немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданысын толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін.
      Тарап мұндай шараларды қабылдағаны және оларды алып тастағаны туралы екінші Тарапты осындай шешім қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

7-бап

      Осы Келісім күшіне енгенге дейін кемінде 30 күн бұрын Тараптар дипломатиялық арналар арқылы қолданыстағы дипломаттық паспорттардың үлгілерімен алмасады.
      Тараптар дипломаттық паспорттарға қатысты өзгерістер туралы көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін 30 күннен кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етеді, сондай-ақ жаңа паспорттардың үлгілерімен алмасады.

8-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді және осы баптың бірінші абзацына сәйкес күшіне енеді.

9-бап

      Осы Келісімнің қолданысын Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы хабардар ету жолымен хабарлама алынған күнінен бастап тоқсан (90) күн өткен соң тоқтата алады.

      2009 жылғы "___" ________ __________қаласында бірдей күші бар
әрқайсысы қазақ, эстон және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының       Эстония Республикасының
      Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады