Иран Ислам Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Өзен (Қазақстан) - Қызылқая — Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін жобалаудағы және салудағы ынтымақтастық туралы келісімді (2007 жылғы 3 желтоқсан, Ашгабад) іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 1317 Қаулысы

      Иран Ислам Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін жобалаудағы және салудағы ынтымақтастық туралы келісімнің (2007 жылғы 3 желтоқсан, Ашгабад) 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет — Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісінің қазақстандық бөлігін жобалауға және салуға (бұдан әрі - жоба) қатысушы ұйым болып "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы белгіленсін.
      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына жобаны заңнамаға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Маңғыстау облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен жобаны салу және пайдалану үшін жер учаскелеріне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады