Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 1419 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Е.Ш. Әлиді, З.А. Аманжолованы және Э.Ә. Әзімованы Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазаққстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауындағы "Е.Ш. Әлиді, З.А. Аманжолованы және Э.Ә. Әзімованы" деген сөздер "Е.Ш. Әлиді, З.А. Аманжолованы, Қ.Б. Тумышты және Қ.Ж. Қондыкерованы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Ерлік Шәкірұлы Әли, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры Зулфия Алтайқызы Аманжолова, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Қанат Қобыландыұлы Тумыш және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаменті халықаралық шарттарды сараптау басқармасының бастығы Қарлығаш Жұмабекқызы Қондыкерова 2009 жылғы 23-26 қыркүйек кезеңіне Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Е.Ш. Әлиге, З.А. Аманжоловаға, Қ.Б. Тумышқа және Қ.Ж. Қондыкероваға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Баку - Стамбул - Астана бағыты бойынша, З.А. Аманжоловаға Астана - Баку - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады