Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1488 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 73-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде:

      2, 3, 4, 5-тармақтардағы, 8-тармақтың бірінші абзацындағы, сондай-ақ 9, 10-тармақтардағы "аудан", "ауданның", "аудандық", "Аудан" деген сөздерден кейін "(облыстық маңызы бар қала)", "(облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

      "ауданының" деген сөзден кейін "(облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:

      "2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері" деген бөлімде:

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "аудан" деген сөзден кейін "(облыстық маңызы бар қала)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады