Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы N 957 қаулысына толықтырулар енгізу

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 1512 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астананың жаңа университеті" коммерциялық емес акционер қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы N 957 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      мына:

"Әшімбаев             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәулен Сағатханұлы      Әкімшілігі Басшысының орынбасары
                        (келісім бойынша)"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Орынбаев             - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы       Премьер-Министрінің орынбасары

Бишімбаев             - Қазақстан Республикасы
Қуандық Уәлиханұлы      Президентінің көмекшісі
                        (келісім бойынша)";

      мына:

"Түймебаев            - Қазақстан Республикасының
Жансейіт Қансейітұлы    Білім және ғылым министрі"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Жәмішев              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы       министрі

Келімбетов            - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
Кайрат Нематұлы         қоры" акционерлік қоғамының басқарма
                        төрағасы (келісім бойынша)";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Сәрінжіпов           - "Астананың жаңа университеті"
Аслан Бәкенұлы          коммерциялық емес акционерлік
                        қоғамының президенті".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады