2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2043 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2043 қаулысымен   
мақұлданған      

2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты
мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама
салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу
туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтарды, егер акциз таңбаларымен (есепке алу-бақылау таңбаларымен, белгілерімен) таңбалауға жататын тауарлар бөлігінде осы мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, импорттаушы мемлекеттің салық органдары салады. Жанама салықтар осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның аумағына әкелу кезінде салық салынбайтын тауарларды кеден одағына қатысушы мемлекеттің аумағына импорттау кезінде салынбайды.
      Айрықша (арнайы, еркін) экономикалық аймақтарға (бұдан әрі - АЭА) импорттау кезінде жанама салықтарды қолдану ерекшелігі АЭА қызмет етуі, АЭА аумағына әкелінетін тауарларға салық салу тәртібін айқындау және Тараптар арасында жасалатын еркін кеден аймағының кедендік рәсімдері мәселелерін реттейтін халықаралық шартпен белгіленеді.".

2-бап

      Келісімнің 10-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Келісім 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманың 2-бабына сәйкес күшіне енеді.".

3-бап

      Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

4-бап

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
      20__ жылғы "__" ___________ ___________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Беларусь                 Қазақстан             Ресей
      Республикасының          Республикасының       Федерациясының
      Үкіметі үшін             Үкіметі үшін          Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады