Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2183 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2183 қаулысымен 
мақұлданған   

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты
Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасы аумағында
Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК)
операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі
ноталар алмасу нысанындағы келісім

      Жоғары мәртебелі,
      Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерін (ХҚЖК) қолдау үшін жүктердің жер үсті тасымалдарын жеңілдету мақсатында;
      Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және заңнамасын құрметтей отырып;
      Қазақстан Республикасы Солтүстік Атлантика кеңесінің 1994 жылғы 10 және 11 қаңтардағы кеңесіне қатысқан Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) елдерінің мемлекеттері мен үкіметтері басшылары қол қойған және жолдаған Бейбітшілік жолындағы әріптестіктің Шақыруын қабылдағанын және 1994 жылғы 27 мамырда Бейбітшілік жолындағы әріптестіктің Негіздемелік құжатына қосылғанын атап өте отырып;
      Қазақстан Республикасы Брюссельде 1995 жылғы 19 маусымда жасалған Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымына қатысушы мемлекеттер және «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қатысушы басқа да мемлекеттер арасындағы олардың Күштерінің мәртебесі туралы келісім (БЖӘ КМК) Тараптарының бірі болып табылатынын атап өте отырып;
      Ауғанстан Ислам Республикасымен көршілес мемлекеттерді және басқа да БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді ХҚЖК-ге ұшақтардың өтуі мен транзитке рұқсаттар беруді қоса алғанда, осындай қажет көмекті ұсынуға шақыратын Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының VII тарауы негізінде Қауіпсіздік кеңесі 2001 жылғы 20 желтоқсанда қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 1386 (2001) қарарын (бұдан әрі — БҰҰ 1386 ҚКҚ) назарға ала отырып;
      НАТО-ға, НАТО-ға мүше мемлекеттерге немесе НАТО-ға кірмейтін, бірақ Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында ХҚЖК операциясын қолдауға ХҚЖК үшін өз күші мен қаражатын бөлетін мемлекеттерге тиесілі ХҚЖК жүктерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті мақсатында қызметтер көрсету үшін, атап айтқанда Қазақстан Республикасының ұлттық темір жол компаниясы қызметтер көрсету үшін қажетті уағдаластықтар мен рәсімдерді белгілеуге ниет білдіре отырып;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан төмендегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын) арасындағы өзара түсіністікті растау мүмкіндігіне иемін.
      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      «ХҚЖК операциясы» БҰҮ 1386 ҚКҚ-ның қаулы ететін 7-тармағына сәйкес НАТО-ның басшылығымен және басқаруымен Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында ХҚЖК-ны қолдауды білдіреді;
      «НАТО» оның штаб-пәтерін және Солтүстік Атлантика Шартына сәйкес құрылған кез келген халықаралық әскери штабтарын қоса алғанда, Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымын білдіреді;
      «Жүк жөнелтуші» НАТО-ның осындай жүкті жөнелту мақсаттарын растаған кезде осы Келісімнің ережелеріне сәйкес НАТО-ны, НАТО-ға мүше мемлекеттерді немесе жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын, НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттерді білдіреді;
      «аумақ» Қазақстан Республикасының аумағын білдіреді;
      «ХҚЖК жүктері» 1-қосымшада көрсетілген жүктерді қоспағанда, НАТО, НАТО-ға мүше мемлекеттер немесе НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттер айқындайтын осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Тараптардың экспедициялық компанияларының қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық транзитпен өтетін НАТО-ның осындай жүктерді жөнелту мақсаттарын растауы бар коммерциялық жүктерді білдіреді;
      «өткізу пункті» ХҚЖК жүктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін және халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын түсіру және тиеу (ауыстырып тиеу), сондай-ақ ауыстыру, ХҚЖК жүгі бар темір жол құрамының шекаралық және кедендік, техникалық тексеруді, ал қажет кезде бақылаудың өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін аялдауына рұқсат етілетін орынды білдіреді;
      «Транзит» ХҚЖК операцияларын қолдауға ХҚЖК жүктерін Қазақстан Республикасы аумағы арқылы темiр жол-су қатынасымен коммерциялық тасымалдауды білдіреді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      2. Осы Келісімнің ережелері жүк жөнелтушілерге ХҚЖК операциясына арналған ХҚЖК жүктеріне қатысты қолданылады.
      3. Осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін дәрежедегі БЖӘ КМК ережелері тиісті жағдайларда осы Келісімнің мақсаттары үшін және НАТО-ға кірмейтін, бірақ өздерінің күштері мен қаражатын бөлетін, осы ережені тиісті түрде қабылдаған және НАТО мен Қазақстан Республикасының Үкіметін жазбаша хабардар еткен мемлекеттерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен ХҚЖК операцияларына қатысатын мемлекеттердің кез келгенінің (және) арасындағы қатынастарға қолданылатын аумақтың шегінде ғана есептелетін болады.
      4. ХҚЖК жүктерiнiң транзитi Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттарға сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қайшы келмесе, темiр жол-су қатынасымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      5. Қауіпті жүктердің транзиті, егер мұндайлар ХҚЖК жүктерінің ішінде болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында қамтылған қауіпті жүктерді тасымалдау туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      6. ХҚЖК жүктерінің транзитіне Қазақстан Республикасының кедендік баждары, алымдары және салықтары салынбайды.
      7. ХҚЖК жүктерi транзитiнiң іс жүзіндегі аспектiлерiн жеңiлдету және аумақ арқылы жедел транзитті кепілдендіру мақсатында Тараптар осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын 2-қосымшада (бұдан әрi - 2-қосымша) көрсетiлген техникалық байланыстарды айқындады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      8. Аумақ арқылы ХҚЖК жүктерінің транзитіне рұқсат ету Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының 2-қосымшада көрсетілген тасымалдау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын аумақ бойынша ХҚЖК жүктерінің транзитіне берген келісіміне негізделеді.
      9. Аумақ арқылы ХҚЖК жүктерiнiң транзитi бойынша көрсетiлетiн темiр жол қызметтерiнiң құны фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған Қазақстан темiр жолының тарифтiк саясатының ставкалары бойынша белгiленедi, ол Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер темiр жолдарының фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған тарифтiк саясатына сәйкес әзiрленедi.
      Ақтау портында жүктерді ауыстырып тиеу үшін қызметтер құны табиғи монополиялар және реттелетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ставкалар бойынша белгіленген .
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      10. Тасымалдау және жүк жөнелтушiлер олардың уәкiлеттiк берілген экспедициялық компаниялары арқылы талап ететiн басқа да қызметтер үшiн ақы төлеу шарттардың негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін өзге тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      11. Тараптар өздерінің құзыреті, өкілеттігі және әлеуетті жауапкершілігі аясында мыналар үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды:
      а. аумақ арқылы ХҚЖК жүктерінің транзиті барысында қақтығыстарды болдырмау;
      б. осындай қақтығыстардың себептерін анықтау және олардың салдарын жою;
      в. кінәсі бойынша қақтығыс болған Тараптың қақтығыс салдарларын жою жөніндегі шығыстардың орнын толтыруы.
      ХҚЖК жүктеріне залалды үшінші тұлғалар келтірген жағдайда, Қазақстан Республикасына залалдың орнын толтыру бойынша талап қойылмайды.
      12. Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыруға байланысты туындаған, ХҚЖК жүктерінің Аумақ арқылы транзитіне қатысты коммерциялық мәселелер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын темір жол тасымалдары жөніндегі халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес шешіледі.
      13. Осы Келісімнің ережелері Тараптар, НАТО-ға мүше мемлекеттер немесе НАТО-ға кірмейтін, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын мемлекеттер қатысушылары болып табылатын қазіргі бар халықаралық шарттардың қолданысын қандай да бір түрде қозғамайды.
      14. Тараптардың өзара келісімі бойынша НАТО, НАТО-ға мүше мемлекеттер, сондай-ақ НАТО-ға кірмейтін, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын мемлекеттер ХҚЖК операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасында тауарлар мен мүлік сатып алуы мүмкін.
      15. Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру мақсаттары үшін Тараптар қажетті ақпаратпен алмасады.
      16. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты кез келген дау Тараптар арасында дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер және консультациялар жолымен шешіледі.
      НАТО осындай дау бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өтініш жасаған жағдайда соңғысы Қазақстан Республикасының құзыретті органдарын олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қадамдар қабылдау үшін ХҚЖК мекенжайына баратын ХҚЖК жүктерінің аумақ арқылы жер үсті транзитін жедел жүзеге асыру мақсатында хабардар етеді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      17. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы хаттамалар НАТО Қазақстан Республикасы Үкіметінің оларды ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.
      18. Осы Келісім БҰҰ 1386 ҚКҚ және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға қатысты басқа да тиісті қарарларына сәйкес ХҚЖК операциясы кезеңінде жасалады.
      Осы Келісімнің қолданысы тараптардың бірінің бастамасы бойынша Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап тоқтату күшіне енетін күнге дейін туындаған талап-тілектерді шешуді қоспағанда, отыз күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылады.
      19. Егер жоғарыда айтылғандар НАТО үшін қолайлы болса, осы хат пен Сіздің жауабыңыздың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы келісім жасалатын болады, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі Сіздің жауабыңызды алған күнінен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылады және НАТО Қазақстан Республикасы Үкіметінің Келісімді ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қазақ, ағылшын, француз және орыс тілдерінде әрқайсысы екі тұпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңдық күші бар.

Қанат Саудабаев
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер министрі

      Қосымшалар:
      1. Рұқсат етілген коммерциялық транзиттен шығарылған жүктердің тізбесі
      2. Тасымалдау тәртібі

      Солтүстік Атлантика Шарты
      Ұйымының (НАТО)
      Бас Хатшысы
      Мәртебелі Андерс Фог Расмуссен мырзаға

1-қосымша

Рұқсат етілген коммерциялық транзиттен шығарылған жүктердің тізбесі*

      Жүктердің төмендегі санаттары, олардың барлық кіші санаттарын қоса алғанда, коммерциялық тасымалдауға жатпайды.

СЭҚ ТН сәйкес код

Тауар атауы

3601 00 000 0

Оқ-дәрі

3602 00 000 0

Оқ-дәріден басқа, әскери жарылғыш заттар

3603 00

От өткізгіш пілтелер; оталдырғыш пілтелер; соқпалы немесе оталдырғыш капсюльдер; тұтандырғыштар; электр оталдырғыштары

3604 90 000 0

Сигналдық ракеталар, жауын ракеталары, тұманға қарсы сигналдар және басқа пиротехникалық бұйымдар

8526

Радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура және қару мен жауынгерлік техниканы ара қашықтықтан басқару, сондай-ақ әскерді ара қашықтықтан жауынгерлік басқару радиоаппаратурасы

8710 00 000 0

Танктер және басқа да өзі жүретін сауытпен қапталған қару-жарағы бар немесе қару-жарақсыз жауынгерлік көлік құралдары және олардың бөлшектері

8802

Ұшатын аппараттар (тік ұшақтар, ұшақтар); ғарыштық аппараттар (спутниктерді қоса алғанда) және суборбиталық және ғарыштық зымыран тасығыштар

8906

Ескекті қайықтардан басқа, әскери және құтқарушы кемелер, қосалқы әскери кемелер

9013

Қаруға орнатылатын телескоптық көздеуіш; перископтар; машиналардың бөлшектері сияқты дайындалған көру түтіктері немесе оқ-дәрімен атылатын қаруға орнатылмаса немесе олар орнатылуы тиіс оқ-дәрімен атылатын қарумен бірге болмаса, қарумен бірге пайдалануы мүмкін көру құрылғылары; оқ-дәрімен атылатын қаруға орнатылмаса немесе олар орнатылуы тиіс оқ-дәрімен атылатын қарумен бірге болмаса, қарумен бірге пайдалануы мүмкін лазерлік көздеуіштер

9301

Револьверлерден, пистолеттерден және Сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 9307
тауарлық позициясындағы қаруларынан басқа, әскери
үлгідегі қарулар

9302 00 000 0

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 9393 тауарлық позициясына кіретіндерден басқа, револьверлер мен пистолеттер

9303

Оқ-дәрімен атылатын қару және жарылғыш зат зарядын
пайдалану арқылы қолданылатын басқа құрылғылар

9305

9301-9303 тауарлық позицияларында көрсетілген бұйымдарға қатысты қосалқы бөлшектер

9306

Бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, ракеталар және әскери іс-қимылдарды жүргізуге арналған ұқсас құралдар, олардың бөлшектері; оқтар, снарядтар, басқа оқ-дәрі және бытыра мен патрондарға арналған тығындарды қоса алғандағы олардың бөлшектері, сондай-ақ тегіс оқпанды қаруға арналған патрондар және олардың бөлшектері

      * Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін Қазақстанның СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың коды сияқты, оған көрсетілген тауар атауын да пайдалану қажет.

2-қосымша

Тасымалдау тәртібі

      ХҚЖК жүктерін Ауғанстанға және Ауғанстаннан Қазақстанның темір жолдары арқылы транзитпен тасымалдау 1951 жылғы 1 қарашадағы Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнің (ХТЖҚ) қазіргі кездегі нұсқасына сәйкес жүзеге асырылады.
      1. ХҚЖК жүктерiн тасымалдау жүк жөнелтушiнiң экспедициялық агенттiгi мен Қазақстан Республикасының тиiстi экспедиторлық компаниялары арасында жасалатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық темiр жол компаниясымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттар негізінде жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес бұл шарттар тиiстi сұрау салу болған кезде ХҚЖК жүктерiн алып жүру және/немесе күзету туралы ережелердi қамтуы мүмкiн. Темiр жол тасымалына ақы төлейтiн экспедициялық агенттiктiң немесе экспедиторлық компаниялардың өтiнiшi бойынша Қазақстанның темiр жолдары бойынша транзитпен өтетiн жүктi қадағалау жүргiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді ауыстырып тиеу және темір жол тасымалдары бойынша порт қызметтері үшін ақы төлеу осы Келiсiмнiң 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      2. Алдағы транзитке қатысты нақты ақпаратты Жүк жөнелтуші тасымал жоспарланған күннің басталуына дейінгі 35 күнтізбелік күннен (мереке күндерін есептемегенде) кешіктірмей ұсынады. Мұндай деректер сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша олардың кодтары көрсетілген жүктердің нақты атауларын, тасымалдау тәсілдері туралы ақпаратты, олар үшін транзитке рұқсаттар қолданылатын уақыт кезеңдерін немесе қабылдаушы тараптың қолдау шарттарын, қозғалыс маршруттарын, шектес мемлекеттің жүкті қабылдауға дайындығын растауды, арнайы шектеулер мен шарттарды және қауіпсіз әрі тиімді транзитті жүзеге асыру үшін қажетті орыс тіліндегі басқа да ақпарат қамтуы тиіс. Транзиттің барлық детальдары мен шарттарына қатысты жазбаша рұқсат Талаптарда келіспеушіліктер болмаған кезде, тасымалдардың басталу күніне дейінгі 8 тәулікте берілуі тиіс.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай өткізу пункттерін мақұлдады:
      - Ресейден/Ресейге: Илецк/Жайсаң және Ақсарай/Ганюшкино
      - Өзбекстаннан/Өзбекстанға: Сарыағаш/Келес және Бейнеу/Қарақалпақстан
      - Қазақстаннан /Қазақстанға: Ақтау порты
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      4. Осы Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген пункттерді пайдалану мүмкін емес кезде, ХҚЖК жүктерінің транзиті тасымалға қатысатын мемлекеттердің үкіметі келіскен көлік дәліздері бойынша ғана жүргізілетін болады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ХҚЖК жүктерінің барлық тасымалдары үшін Тараптардың техникалық байланыстары:

НАТО / НАТО-ның Еуропадағы ВГК     Қазақстан Республикасы
ОВС штабы.                         Көлік және коммуникация
НАТО-ның Тасымалдарды үйлестіру    министрлігі
орталығы                           Телефон: 24-03-84, 24-35-42
7010 Монс, Бельгия                 Факс: 24-21-18
Телефон: +32-65-44-4498            E-mail: nurbek(a),mtc,gov.kz,
Факс: +32-65-44-3049               Sadykova A@mtc.gov.kz
E-mail: amcc(g),shape.nato.int     E-mail «mtc@mtc.gov.kz
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты
Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасы аумағында
Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК)
операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі
ноталар алмасу нысанындағы келісім

      Жоғары мәртебелі,
      Сіздің келесі мазмұндағы... хатыңызды алғаным туралы растау мүмкіндігіне иемін:
      «Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерін (ХҚЖК) қолдау үшін жүктердің жер үсті тасымалдарын жеңілдету мақсатында;
      Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және заңнамасын құрметтей отырып;
      Қазақстан Республикасы Солтүстік Атлантика кеңесінің 1994 жылғы 10 және 11 қаңтардағы кеңесіне қатысқан Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) елдерінің мемлекеттері мен үкіметтері басшылары қол қойған және жолдаған Бейбітшілік жолындағы әріптестіктің Шақыруын қабылдағанын және 1994 жылғы 27 мамырда Бейбітшілік жолындағы әріптестіктің Негіздемелік құжатына қосылғанын атап өте отырып;
      Қазақстан Республикасы Брюссельде 1995 жылғы 19 маусымда жасалған Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымына қатысушы мемлекеттер және «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қатысушы басқа да мемлекеттер арасындағы олардың Күштерінің мәртебесі туралы келісім (БЖӘ КМК) Тараптарының бірі болып табылатынын атап өте отырып;
      Ауғанстан Ислам Республикасымен көршілес мемлекеттерді және басқа да БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді ХҚЖК-ге ұшақтардың өтуі мен транзитке рұқсаттар беруді қоса алғанда, осындай қажет көмекті ұсынуға шақыратын Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының VII тарауы негізінде Қауіпсіздік кеңесі 2001 жылғы 20 желтоқсанда қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 1386 (2001) қарарын (бұдан әрі — БҰҰ 1386 ҚКҚ) назарға ала отырып;
      НАТО-ға, НАТО-ға мүше мемлекеттерге немесе НАТО-ға кірмейтін, бірақ Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында ХҚЖК операциясын қолдауға ХҚЖК үшін өз күші мен қаражатын бөлетін мемлекеттерге тиесілі ХҚЖК жүктерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті мақсатында қызметтер көрсету үшін, атап айтқанда Қазақстан Республикасының ұлттық темір жол компаниясы қызметтер көрсету үшін қажетті уағдаластықтар мен рәсімдерді белгілеуге ниет білдіре отырып;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан төмендегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын) арасындағы өзара түсіністікті растау мүмкіндігіне иемін.
      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      «ХҚЖК операциясы» БҰҰ 1386 ҚКҚ-ның қаулы ететін 7-тармағына сәйкес НАТО-ның басшылығымен және басқаруымен Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында ХҚЖК-ны қолдауды білдіреді;
      «НАТО» оның штаб-пәтерін және Солтүстік Атлантика Шартына сәйкес құрылған кез келген халықаралық әскери штабтарын қоса алғанда, Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымын білдіреді;
      «Жүк жөнелтуші» НАТО-ның осындай жүкті жөнелту мақсаттарын растаған кезде осы Келісімнің ережелеріне сәйкес НАТО-ны, НАТО-ға мүше мемлекеттерді немесе жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын, НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттерді білдіреді;
      «аумақ» Қазақстан Республикасының аумағын білдіреді;
      «ХҚЖК жүктері» 1-қосымшада көрсетілген жүктерді қоспағанда, НАТО, НАТО-ға мүше мемлекеттер немесе НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттер айқындайтын осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Тараптардың экспедициялық компанияларының қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық транзитпен өтетін НАТО-ның осындай жүктерді жөнелту мақсаттарын растауы бар коммерциялық жүктерді білдіреді;
      «өткізу пункті» ХҚЖК жүктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін және халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын түсіру және тиеу (ауыстырып тиеу), сондай-ақ ауыстыру, ХҚЖК жүгі бар темір жол құрамының шекаралық және кедендік, техникалық тексеруді, ал қажет кезде бақылаудың өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін аялдауына рұқсат етілетін орынды білдіреді;
      «Транзит» ХҚЖК операцияларын қолдауға ХҚЖК жүктерін Қазақстан Республикасы аумағы арқылы темiр жол-су қатынасымен коммерциялық тасымалдауды білдіреді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      2. Осы Келісімнің ережелері жүк жөнелтушілерге ХҚЖК операциясына арналған ХҚЖК жүктеріне қатысты қолданылады.
      3. Осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін дәрежедегі БЖӘ КМК ережелері тиісті жағдайларда осы Келісімнің мақсаттары үшін және НАТО-ға кірмейтін, бірақ өздерінің күштері мен қаражатын бөлетін, осы ережені тиісті түрде қабылдаған және НАТО мен Қазақстан Республикасының Үкіметін жазбаша хабардар еткен мемлекеттерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен ХҚЖК операцияларына қатысатын мемлекеттердің кез келгенінің (және) арасындағы қатынастарға қолданылатын аумақтың шегінде ғана есептелетін болады.
      4. ХҚЖК жүктерiнiң транзитi Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттарға сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қайшы келмесе, темiр жол-су қатынасымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      5. Қауіпті жүктердің транзиті, егер мұндайлар ХҚЖК жүктерінің ішінде болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында қамтылған қауіпті жүктерді тасымалдау туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      6. ХҚЖК жүктерінің транзитіне Қазақстан Республикасының кедендік баждары, алымдары және салықтары салынбайды.
      7. ХҚЖК жүктерi транзитiнiң іс жүзіндегі аспектiлерiн жеңiлдету және аумақ арқылы жедел транзитті кепілдендіру мақсатында Тараптар осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын 2-қосымшада (бұдан әрi - 2-қосымша) көрсетiлген техникалық байланыстарды айқындады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      8. Аумақ арқылы ХҚЖК жүктерінің транзитіне рұқсат ету Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының 2-қосымшада көрсетілген тасымалдау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын аумақ бойынша ХҚЖК жүктерінің транзитіне берген келісіміне негізделеді.
      9. Аумақ арқылы ХҚЖК жүктерiнiң транзитi бойынша көрсетiлетiн темiр жол қызметтерiнiң құны фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған Қазақстан темiр жолының тарифтiк саясатының ставкалары бойынша белгiленедi, ол Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер темiр жолдарының фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған тарифтiк саясатына сәйкес әзiрленедi.
      Ақтау портында жүктерді ауыстырып тиеу үшін қызметтер құны табиғи монополиялар және реттелетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ставкалар бойынша белгіленген.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      10. Тасымалдау және жүк жөнелтушiлер олардың уәкiлеттiк берілген экспедициялық компаниялары арқылы талап ететiн басқа да қызметтер үшiн ақы төлеу шарттардың негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін өзге тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      11. Тараптар өздерінің құзыреті, өкілеттігі және әлеуетті жауапкершілігі аясында мыналар үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды:
      а. аумақ арқылы ХҚЖК жүктерінің транзиті барысында қақтығыстарды болдырмау;
      б. осындай қақтығыстардың себептерін анықтау және олардың салдарын жою;
      в. кінәсі бойынша қақтығыс болған Тараптың қақтығыс салдарларын жою жөніндегі шығыстардың орнын толтыруы.
      ХҚЖК жүктеріне залалды үшінші тұлғалар келтірген жағдайда, Қазақстан Республикасына залалдың орнын толтыру бойынша талап қойылмайды.
      12. Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыруға байланысты туындаған, ХҚЖК жүктерінің Аумақ арқылы транзитіне қатысты коммерциялық мәселелер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын темір жол тасымалдары жөніндегі халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес шешіледі.
      13. Осы Келісімнің ережелері Тараптар, НАТО-ға мүше мемлекеттер немесе НАТО-ға кірмейтін, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын мемлекеттер қатысушылары болып табылатын қазіргі бар халықаралық шарттардың қолданысын қандай да бір түрде қозғамайды.
      14. Тараптардың өзара келісімі бойынша НАТО, НАТО-ға мүше мемлекеттер, сондай-ақ НАТО-ға кірмейтін, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын мемлекеттер ХҚЖК операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасында тауарлар мен мүлік сатып алуы мүмкін.
      15. Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру мақсаттары үшін Тараптар қажетті ақпаратпен алмасады.
      16. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты кез келген дау Тараптар арасында дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер және консультациялар жолымен шешіледі.
      НАТО осындай дау бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өтініш жасаған жағдайда соңғысы Қазақстан Республикасының құзыретті органдарын олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қадамдар қабылдау үшін ХҚЖК мекенжайына баратын ХҚЖК жүктерінің аумақ арқылы жер үсті транзитін жедел жүзеге асыру мақсатында хабардар етеді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      17. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы хаттамалар НАТО Қазақстан Республикасы Үкіметінің оларды ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.
      18. Осы Келісім БҰҰ 1386 ҚКҚ және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға қатысты басқа да тиісті қарарларына сәйкес ХҚЖК операциясы кезеңінде жасалады.
      Осы Келісімнің қолданысы тараптардың бірінің бастамасы бойынша Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптың оның  қолданысын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап тоқтату күшіне енетін күнге дейін туындаған талап-тілектерді шешуді қоспағанда, отыз күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылады.
      19. Егер жоғарыда айтылғандар НАТО үшін қолайлы болса, осы хат пен Сіздің жауабыңыздың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы келісім жасалатын болады, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі жауабыңызды алған күнінен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылады және НАТО Қазақстан Республикасы Үкіметінің Келісімді ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қазақ, ағылшын, француз және орыс тілдерінде әрқайсысы екі тұпнұсқа данада жасалады, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңдық күші бар.»
      НАТО үшін осы хат қолайлы болып табылатынын және хат осы жауаппен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы келісімді құрайтынын хабарлау мүмкіндігіне иемін, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жауапты алған күннен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзбайтындықтан уақытша қолданылуы тиіс және НАТО Қазақстан Республикасы Үкіметінің Келісімді ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күні күшіне енуі тиіс.

      Шынайы құрметпен,
      Андерс Фог Расмуссен»

      Қосымшалар:
      1. Рұқсат етілген коммерциялық транзиттен шығарылған жүктердің тізбесі
      2. Тасымалдау тәртібі

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі
Мәртебелі Қанат Саудабаев мырзаға

1-қосымша

Рұқсат етілген коммерциялық транзиттен шығарылған жүктердің
тізбесі*

      Жүктердің төмендегі санаттары, олардың барлық кіші санаттарын қоса алғанда, коммерциялық тасымалдауға жатпайды.

СЭҚ ТН сәйкес

Тауар атауы

3601 00 000 0

Оқ-дәрі

3602 00 000 0

Оқ-дәріден басқа, әскери жарылғыш заттар

3603 00

От өткізгіш пілтелер; оталдырғыш пілтелер; соқпалы немесе оталдырғыш капсюльдер; тұтандырғыштар; электр оталдырғыштары

3604 90 000 0

Сигналдық ракеталар, жауын ракеталары, тұманға қарсы сигналдар және басқа пиротехникалық бұйымдар

8526

Радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура және қару мен жауынгерлік техниканы ара қашықтықтан басқару, сондай-ақ әскерді ара қашықтықтан жауынгерлік басқару радиоаппаратурасы

8710 00 000 0

Танктер және басқа да өзі жүретін сауытпен қапталған қару-жарағы бар немесе қару-жарақсыз жауынгерлік көлік құралдары және олардың бөлшектері

8802

Ұшатын аппараттар (тік ұшақтар, ұшақтар); ғарыштық аппараттар (спутниктерді қоса алғанда) және суборбиталық және ғарыштық зымыран тасығыштар

8906

Ескекті қайықтардан басқа, әскери және құтқарушы кемелер, қосалқы әскери кемелер

9013

Қаруға орнатылатын телескоптық көздеуіш; перископтар; машиналардың бөлшектері сияқты дайындалған көру түтіктері немесе оқ-дәрімен атылатын қаруға орнатылмаса немесе олар орнатылуы тиіс оқ-дәрімен атылатын қарумен бірге болмаса, қарумен бірге пайдалануы мүмкін көру құрылғылары; оқ-дәрімен атылатын қаруға орнатылмаса немесе олар орнатылуы тиіс оқ-дәрімен атылатын қарумен бірге болмаса, қарумен бірге пайдалануы мүмкін лазерлік көздеуіштер

9301

Револьверлерден, пистолеттерден және Сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 9307
тауарлық позициясындағы қаруларынан басқа, әскери
үлгідегі қарулар

9302 00 000 0

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 9393 тауарлық позициясына кіретіндерден басқа, револьверлер мен пистолеттер

9303

Оқ-дәрімен атылатын қару және жарылғыш зат зарядын
пайдалану арқылы колданылатын басқа құрылғылар

9305

9301-9303 тауарлық позицияларында көрсетілген бұйымдарға қатысты қосалқы бөлшектер

9306

Бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, ракеталар және әскери іс-қимылдарды жүргізуге арналған ұқсас құралдар, олардың бөлшектері; оқтар, снарядтар, басқа оқ-дәрі және бытыра мен патрондарға арналған тығындарды қоса алғандағы олардың бөлшектері, сондай-ақ тегіс оқпанды қаруға арналған патрондар және олардың бөлшектері

      * Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін Қазақстанның СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың коды сияқты, оған көрсетілген тауар атауын да пайдалану қажет.

2-қосымша

Тасымалдау тәртібі

      ХҚЖК жүктерін Ауғанстанға және Ауғанстаннан Қазақстанның темір жолдары арқылы транзитпен тасымалдау 1951 жылғы 1 қарашадағы Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнің (ХТЖҚ) қазіргі кездегі нұсқасына сәйкес жүзеге асырылады.
      1. ХҚЖК жүктерiн тасымалдау жүк жөнелтушiнiң экспедициялық агенттiгi мен Қазақстан Республикасының тиiстi экспедиторлық компаниялары арасында жасалатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық темiр жол компаниясымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттар негізінде жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес бұл шарттар тиiстi сұрау салу болған кезде ХҚЖК жүктерiн алып жүру және/немесе күзету туралы ережелердi қамтуы мүмкiн. Темiр жол тасымалына ақы төлейтiн экспедициялық агенттiктiң немесе экспедиторлық компаниялардың өтiнiшi бойынша Қазақстанның темiр жолдары бойынша транзитпен өтетiн жүктi қадағалау жүргiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді ауыстырып тиеу және темір жол тасымалдары бойынша порт қызметтері үшін ақы төлеу осы Келiсiмнiң 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      2. Алдағы транзитке қатысты нақты ақпаратты Жүк жөнелтуші тасымал жоспарланған күннің басталуына дейінгі 35 күнтізбелік күннен (мереке күндерін есептемегенде) кешіктірмей ұсынады. Мұндай деректер сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша олардың кодтары көрсетілген жүктердің нақты атауларын, тасымалдау тәсілдері туралы ақпаратты, олар үшін транзитке рұқсаттар қолданылатын уақыт кезеңдерін немесе қабылдаушы тараптың қолдау шарттарын, қозғалыс маршруттарын, шектес мемлекеттің жүкті қабылдауға дайындығын растауды, арнайы шектеулер мен шарттарды және қауіпсіз әрі тиімді транзитті жүзеге асыру үшін қажетті орыс тіліндегі басқа да ақпарат қамтуы тиіс. Транзиттің барлық детальдары мен шарттарына қатысты жазбаша рұқсат Талаптарда келіспеушіліктер болмаған кезде, тасымалдардың басталу күніне дейінгі 8 тәулікте берілуі тиіс.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай өткізу пункттерін
мақұлдады:
      - Ресейден/Ресейге: Илецк/Жайсаң және Ақсарай/Ганюшкино
      - Өзбекстаннан/Өзбекстанға: Сарыағаш/Келес және Бейнеу/Қарақалпақстан
      - Қазақстаннан /Қазақстанға: Ақтау порты
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.
      4. Осы Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген пункттерді пайдалану мүмкін емес кезде, ХҚЖК жүктерінің транзиті тасымалға қатысатын мемлекеттердің үкіметі келіскен көлік дәліздері бойынша ғана жүргізілетін болады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ХҚЖК жүктерінің барлық тасымалдары үшін Тараптардың техникалық байланыстары:

НАТО / НАТО-ның Еуропадағы ВГК     Қазақстан Республикасы
ОВС штабы.                         Көлік және коммуникация
НАТО-ның Тасымалдарды үйлестіру    министрлігі
орталығы                           Телефон: 24-03-84, 24-35-42
7010 Монс, Бельгия                 Факс: 24-21-18
Телефон: +32-65-44-4498            E-mail: nurbek(a),mtc,gov.kz,
Факс: +32-65-44-3049               Sadykova A@mtc.gov.kz
E-mail: amcc(g),shape.nato.int     E-mail «mtc@mtc.gov.kz
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.19 № 644 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады