Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1060 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 267-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мыналар республикалық микроорганизмдер коллекциясының функцияларын жүзеге асыратын органдар болып белгіленсін:
      өнеркәсіптік микроорганизмдер бойынша - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары бойынша - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарының депозитарийлері болып белгіленсін.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өнеркәсіптік микроорганизмдердің депозитарийлері болып белгіленсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады