Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы 2011 жылы Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1071 Қаулысы

      2011 жылы Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы 2011 жылы Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы
Жәмішевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы 2011 жылы Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1071 қаулысымен
мақұлданған   

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және
Даму Банкі арасындағы 2011 жылы Еуропа Қайта құру және
Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу мәселесі
бойынша өзара түсіністік туралы меморандум

      Өзара түсіністік туралы меморандум («Меморандум») Қазақстан Республикасының Үкіметі («Қабылдаушы тарап») мен Еуропа Қайта Құру және Даму банкі («ЕҚДБ» немесе «Банк») арасында 2011 жылы Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің жыл сайынғы отырысын өткізуге қатысты жасалды.
      ӨЙТКЕНІ Қабылдаушы тарап 2008 жылғы 15 тамыздағы хатта Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің жыл сайынғы отырысын («Жыл сайынғы отырыс») 2011 жылы Қазақстан Республикасында қабылдауды ұсынды.
      ӨЙТКЕНІ Қабылдаушы тарап пен Банк Жыл сайынғы отырыс 2011 жылғы 20-21 мамырда Астанада өткізілетіні туралы уағдаласты.
      ӨЙТКЕНІ Жыл сайынғы отырыс мыналарды: і) ЕҚДБ-ның Басқарушылар кеңесінің Жыл сайынғы отырысын; іі) Іскерлер форумын; ііі) Азаматтық қоғам ұйымдарына арналған бағдарламаны және оған байланысты іс-шараларды; іv) донорлар кездесуін және оған байланысты іс-шараларды; v) Жыл сайынғы отырыстың барлық қатысушылары үшін қонақасы беруді қоса алғанда, ресми хаттамалық іс-шараларды, сондай-ақ жұбайлар (ерлі-зайыптылар) үшін Астана қаласымен жеке және мәдени таныстыру көзделетін бағдарламаны және vі) әрқайсысы жекелеп «Іс-шара», ал бірге - «Жыл сайынғы отырыс» деп аталатын қабылдаушы тарап пен ЕҚДБ-ның арасында келісілетін кез келген басқа іс-шараларды қамтиды;
      ӨЙТКЕНІ Жыл сайынғы отырыстың жұмысында 2000-нан астам адам, оның ішінде ресми делегаттар, компаниялардың басшылары, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, журналистер мен ЕҚДБ қызметкерлері («Қатысушылар») қатысады деп күтілуде;
      ӨЙТКЕНІ Банк 1990 жылғы 29 мамырдағы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің VIII тарауында жазылған, басқа кез келген халықаралық шарттармен көзделген артықшылықтарды, иммунитеттерді және алып қоюларды Қазақстан Республикасын қоса алғанда, әрбір мүше мемлекеттің аумағында, сондай-ақ пайдалануға болатын кезде пайдаланады;
      ӨЙТКЕНІ Қабылдаушы тарап пен Банк Жыл сайынғы отырыстың үздік үлгіде ұйымдастырылуына және неғұрлым оңтайлы жағдайларда өтуіне өзара мүдделі;
      ӨЙТКЕНІ Қабылдаушы тарап Жыл сайынғы отырыстың Банк үшін маңыздылығы мен құндылығын мойындайды және Банктің мандатын нығайту және ілгері жылжыту мүддесінде осы Меморандумда көзделген барлық іс-шараларды өткізуге келіседі.
      Қабылдаушы тарап пен Банк Жыл сайынғы отырыстың ұйымдастырылуына, жоспарлануына және өткізілуіне қатысты өздерінің тиісті міндеттемелерін былайша жазуға және тіркеуге ниеттеніп отыр:

ҚАБЫЛДАУШЫ ТАРАПТЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

      Қабылдаушы тарап Жыл сайынғы отырыстың ойдағыдай ұйымдастырылуына, жоспарлануына, Жыл сайынғы отырыстың осы I бөлімде көрсетілген барлық құрауыштарының «Операция елдерінде ЕҚДБ-ның жыл сайынғы отырысын ұйымдастырудың Басшылық қағидаттарына - талаптарына қатысты нұсқаулықта» («Нұсқаулық») көзделген талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуі және жүзеге асырылуы үшін жауап береді. Осы Нұсқаулық Қабылдаушы тарапқа Жыл сайынғы отырыстың не екенін түсінуге және оған дайындалуға көмек ретіндегі жалпы сипаттағы ұсынымдарды қамтиды. Кейбір талаптар Отырыстың өткізілетін жеріне және сондағы бар инфрақұрылымға қарай басқаша болуы мүмкін; кез келген мұндай ауытқу Қабылдаушы тарапқа мәлімделеді және ЕҚДБ мамандарының жергілікті жерлерге жиі шығатын техникалық сапарлары барысында Қабылдаушы тараппен бірлесіп қаралатын болады.
      Егер осы Меморандумда керісінше тікелей көрсетілмеген болса, Қабылдаушы тараптың барлық міндеттемелері осы Меморандумға сәйкес өзінің есебінен және Банк пен Қатысушылар үшін тегін орындалады. Жыл сайынғы отырыс Қатысушыларын орналастыруға, оларды жүріс-тұрыстарына және сақтандыруға байланысты шығыстарды Қабылдаушы тарап төлемейді.

1. Ұйымдық құрылымы

      Қабылдаушы тарап осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде Жыл сайынғы отырыстың жоспарлануы мен өткізілуін қадағалау үшін Басшылық комитетін құрады.
      Қабылдаушы тарап осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде Жұмыс тобын құрады. Жұмыс тобына Жыл сайынғы отырыстың жұмыс деңгейінде ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуі жүктеледі және ол ЕҚДБ-ның тиісті бөлімшелерімен өзара тығыз іс-қимыл жасайды.
      Жұмыс тобына Басшылық комитеті мүшелерінің арасынан тағайындалатын төраға басшылық етеді.
      Қабылдаушы тарап осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде іріктеу жүргізеді және Жыл сайынғы отырысқа қатысты конгресстердің кәсіби ұйымдастырушысы («Жоба менеджері») функциясын орындайтын және:
      а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына және жергілікті ресурстарды тартумен байланысты мәселелерді үйлестіруге көмек көрсетеді;
      b) ЕҚДБ-мен және оның әртүрлі сарапшыларымен нақты міндеттерге қатысты қарым-қатынастарда жедел мәселелер бойынша байланыстырушы буын әрі үйлестіруші орталық ретінде болады;
      с) ЕҚДБ-ға Жыл сайынғы отырыстарға қатысты іс-шараларды ЕҚДБ-ның мақсаттары мен басшылық етуші қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Қабылдаушы тарап көрсеткен бюджет шеңберінде жоспарлаумен және өткізумен байланысты барлық қызметтерді беретін ЕҚДБ үшін қолайлы ұйымды тағайындайды.
      Кейінгі нақтылықтар Нұсқаулықтың «Ұйымдық құрылымы» деген бөлімінде келтіріледі.

2. Іс-шаралар өткізілетін орындар, техникалық мүмкіндіктер
мен қызметтер

      Қабылдаушы тарап, әрбір Іс-шараның сипаттамасына және онда қатысушылардың межелі санына сәйкес тиісті іс-шаралар өткізілетін орындарды («Іс-шаралар өткізілетін орындар») ұсынады.
      Қабылдаушы тарап тиісінше жабдық пен жиһаз береді және орнатады, сондай-ақ Іс-шаралар өткізілетін орындардың әр түрі үшін тиісті техникалық мүмкіндіктер мен көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етеді. Іс-шаралар өткізілетін орындардың барлығы, мүмкіндіктер мен қызметтер Нұсқаулықтың «Іс-шаралар өткізілетін орындарға қойылатын талаптар» деген бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Әрбір іс-шараны өткізетін орын және Іс-шаралар өткізілетін орындардың арасында көзделген мүмкіндіктер мен қызметтерді Қабылдаушы тарап ұсынады және Банктің бекітуіне жатады.
      Іс-шаралар өткізілетін орындардың барлығы Қабылдаушы тарап пен ЕҚДБ айқындайтын кестеге сәйкес Қабылдаушы тарап пен Банк келіскен күннен бастап ЕҚДБ мен ол тағайындаған мердігерлер үшін қол жетімді болуға тиіс.
      Қабылдаушы тарап пен Банк мынадай Іс-шаралар өткізілетін орындарды бекітеді:
      - Бейбітшілік және келісім сарайы (Басқарушылар кеңесі отырысының ашылуы)
      - Тәуелсіздік сарайы (іс-шара өткізілетін негізгі орын)
      - «Шабыт» сарайы (қызметтік үй-жайлар, шағын отырыс залдары)

3. Делегация, Банк қызметкерлері, материалдық-техникалық
қамтамасыз ету және үйлестіру орталығы үшін үй-жайлар

      3.1 Делегация, Банк қызметкерлері және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін үй-жайлар
      Қабылдаушы тарап ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің және оның делегациясының әрбір мүшесі, Банктің әрбір аға лауазымды тұлғасы немесе Банк тағайындаған лауазымды тұлғалар үшін және Банктің әрбір материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобы үшін тиісті, Нұсқаулықтың «Іс-шаралар өткізілетін орындарға қойылатын талаптар - үй-жайлар» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес тиісінше жабдықталған және жиhаздалған үй-жайлар береді.
      3.2. Үйлестіру орталығы
      Қабылдаушы тарап Астана қаласында Жыл сайынғы отырысты ұйымдастырумен, жоспарлаумен және өткізумен байланысты Банк тағайындаған лауазымды тұлғалар пайдаланатын тиісті, толығымен тиісінше жабдықталған және жиhаздалған қызметтік үй-жайларды Нұсқаулықтың «Ұйымдық құрылым - Үйлестіру орталығы» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес Жыл сайынғы отырысты өткізудің алдындағы бес ай мерзімге ЕҚДБ-ға береді.

4. Техникалық құрал-жабдық пен шарттар

      4.1. Конференциялық құрал-жабдық
      Қабылдаушы тарап ЕҚДБ ұсынымдарын ескере отырып және оның қолдауымен Нұсқаулықтың «Іс-шаралар өткізілетін орындарға қойылатын талаптар және лингвистикалық қызметтер» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес бейне - және аудиоаппараттарды қоса алғанда, тиісті және заманауи конференциялық жабдық пен техникалық құралдарды, телерадиохабар және жазба құралдарын береді.
      4.2. Ауызша және жазбаша аударма қызметтерін ұйымдастыру
      Қабылдаушы тарап Нұсқаулықтың «Іс-шаралар өткізілетін орындарға қойылатын талаптар және лингвистикалық қызметтер» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес Іс-шаралар өткізілетін орындарда Жыл сайынғы отырыстың жиналыстарын синхрондық аударма жасау үшін тиісті техникалық мүмкіндіктер мен аппаратура береді.
      4.3. АТ және байланыс
      Қабылдаушы тарап Нұсқаулықтың «Ақпараттық технологиялар [АТ] және байланыс» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес Іс-шаралар өткізілетін орындар мен қызметтік үй-жайлардың барлығында тиісті технологиялық құралдар мен байланыс инфрақұрылымын, аппаратура және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Банктің материалдық-техникалық қамтамасыз ететін қызметкерлері үшін ұтқыр телефондар ұсынады.

5. Қауіпсіздік

      Қабылдаушы тарап Жыл сайынғы отырыстың қауіпсіз және жақсы өтуі үшін барлық талап етілетін және қажетті шараларды қабылдайды.
      Қабылдаушы тарап Жыл сайынғы отырысты өткізуге байланысты ЕҚДБ мен Қабылдаушы тараптың қауіпсіздік қызметтері арасындағы байланысқа ықпал ететін үйлестіруші тағайындайды.
      Жыл сайынғы отырысты өткізуге байланысты тиісті қауіпсіздік шаралары мен рәсімдері Нұсқаулықтың «Қауіпсіздік» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес ЕҚДБ-мен бірлесе отырып және өзара тығыз байланыста әзірленеді.
      Қабылдаушы тарап Іс-шаралар өткізілетін орындардың барлығында Жыл сайынғы отырыстың қауіпсіздігін және тиісті қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету үшін тиісті қауіпсіздік қызметтерінің бөлінуін қамтамасыз етеді.

6. Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы

      ЕҚДБ Іс-шаралар өткізілетін орындардың барлығы, қызметтік үй-жайлар мен қонақүйлер Нұсқаулықтың «Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы» деген бөлімінде жазылған денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасының ең аз талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      Қабылдаушы тарап Нұсқаулықта жазылған талаптарға сәйкес денсаулық сақтаудың барлық аспектілерін Жыл сайынғы отырысты өткізу үшін және Қатысушылар үшін қажетті бастапқы медициналық көмекті, шұғыл медициналық көмекті және қауіпсіздік техникасы құралдарын қамтамасыз етеді.

7. Тамақтандыруды ұйымдастыру және іс-шараларға қызмет көрсету

      Қабылдаушы тарап мейрамхана қызметін көрсету мен дәмхана қызметтерін көрсетуді, сондай-ақ Іс-шаралар өткізілетін орындардың әрқайсысында қызмет көрсету мен тіске басар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді әрі Жыл сайынғы отырыс пен оның алдындағы дайындық кезеңі ішінде осындай Іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысуы мүмкін деп болжанатын Қатысушылардың болжамды санына сүйене отырып, бұл мүмкіндіктер мен көрсетілетін қызметтердің коммерциялық негізде ұсынылуын қадағалайды. Одан әрі Нұсқаулықтың «Тамақтандыруды ұйымдастыру және іс-шараларға қызмет көрсету» деген белімінде егжей-тегжейлі келтіріледі.
      Қабылдаушы тарап Нұсқаулықта жазылған талаптарға сәйкес барлық қызметтік үй-жайларда және барлық іс-шаралар барысында тіске басар мен сусындарды өз есебінен ұйымдастырады.

8. Жарнама мен демеушілер

      Қабылдаушы тарап қатысушылар арасында қолайлы инвестициялық климаты бар тартымды туристік орталық ретінде елді және қаланы жарнамалау үшін жауап береді. Іс-шараның өзін қатысушылар арасында жарнамалау үшін ЕҚДБ жауап береді.
      Нұсқаулықтың «Жарнама және демеушілер» деген бөлімінде Отырысты жарнамалау саласындағы ЕКДБ мен Қабылдаушы тараптың арасындағы міндеттерді белуге және демеушілермен жұмысқа қатысты ұсынымдардың тізбесі қамтылған.
      Қабылдаушы тараптың ЕҚДБ логотипін немесе ЕҚДБ-ның Жыл сайынғы отырысының ресми логотипін кез келген пайдалану үшін алдын ала Банктің келісімі талап етіледі.

9. Ресми хаттамалық іс-шаралар

      Қабылдаушы тарап ЕҚДБ-ның хаттама қызметімен консультация жасай отырып және Нұсқаулықтың «Жыл сайынғы отырыс құрылымы - Ресми хаттамалық іс-шаралар» деген бөлімінің ережелеріне сәйкес Ресми хаттамалық іс-шараларды:
      а) Қабылдаушы тараптың атынан Жыл сайынғы отырыстың барлық Қатысушылары үшін қонақасы беруді;
      b) Ресми делегаттардың жұбайлары (зайыбы) және ЕҚДБ-ның Атқарушы атқарушы комитеті мүшелерінің жұбайлары (зайыбы) үшін іс-шаралар бағдарламасын; және
      с) Қабылдаушы тарап пен ЕҚДБ арасында келісілген кез келген басқа да Ресми хаттамалық іс-шараларды дайындайды, ұйымдастырады және қаржыландырады.

10. Қабылдаушы тарап өткізетін инвестициялық форум және көрме

      Қабылдаушы тарап Басқарушылар кеңесінің Отырысы басталатын күннен алдыңғы күні өзінің меншікті инвестициялық форумын және көрмесін өткізуге құқылы.
      Бұл жағдайда Қабылдаушы тарап кез келген мұндай іс-шараның мазмұны мен ұйымдастырылуы үшін жауап береді, алайда ол мұндай іс-шараның Жыл сайынғы отырыстың бағдарламасына сыйымды болатынына көз жеткізу, сондай-ақ объектілерді және тиісті техникалық құралдарды пайдалануды келісу, мүмкін болатын материалдық-техникалық проблемаларды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешу үшін ЕҚДБ-мен консультация өткізу қажет болады. Одан әрі Нұсқаулықтың «Қабылдаушы тарап өткізетін инвестициялық форум» деген бөлімінде егжей-тегжейлі келтіріледі.

11. Нұсқамалар, сахнаны безендіру және тулар

      Қабылдаушы тарап Жыл сайынғы отырыстың өткізілуіне байланысты ЕҚДБ жауап беретін, Іс-шаралар өткізуге тағайындалған орындарда орналастырылатын нұсқамаларды қоспағанда, Жыл сайынғы отырысты қабылдайтын қалада пайдаланылуға тиіс барлық нұсқамаларды әзірлеу және жасау үшін жауапты болады.
      Қабылдаушы тарап Іс-шаралар өткізілетін орындардағы сахналардың бүкіл безендірілуін әзірлеу және жасау үшін жауапты болады,
      Барлық нұсқамалар мен сахна безендірулері Нұсқаулықтың «Нұсқамалар, сахнаны безендіру және тулар» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес жасалуы тиіс және ЕҚДБ-мен келісуге жатады.
      Қабылдаушы тараптың ЕҚДБ логотипін немесе ЕҚДБ-ның Жыл сайынғы отырысының ресми логотипін кез келген пайдалану үшін алдын ала Банктің келісімі талап етіледі.
      Қабылдаушы тарап, Жыл сайынғы отырыстың өткізілуіне байланысты кез келген нұсқаманы орнату үшін қажетті өтінімдердің берілуін және рұқсаттардың алынуын қамтамасыз етеді.
      Қабылдаушы тарап барлық сыртқы ту қыстырғыштардың болуы үшін жауапты болады.

12. Жол жүру

      Қабылдаушы тарап, мүмкіндігіне қарай, Астанаға 2011 жылдың мамыр айы бойында, оның ішінде бір апта бойында тікелей Жыл сайынғы отырыс өтердің алдында және ол болып өткен бойда бір апта қызмет көрсететін халықаралық авиарейстердің (немесе авиарейстердің тоғысуларын) - айрықша - ЕҚДБ -ға акционер - елдерді бірлестіретін авиарейстер кестесінің қолайлы және тығыз болуын қамтамасыз етуге тырысады. Қажет болған кезде Қабылдаушы тарап тек Жыл сайынғы отырыстың Астанадағы жұмысы кезеңінде ғана жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша құралдарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

13. Қатысушылардың жол жүруі мен жүктерді алып өту

      ЕҚДБ алдын ала берген ақпарат негізінде Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасына кіреберістердің негізгі пункттерінде Қатысушыларды және Банк немесе Жыл сайынғы отырыстың Демеушілері Жыл сайынғы отырыстың өткізілуіне байланысты Қазақстан Республикасына әкелетін немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкететін тауарларды шекаралық және кедендік бақылаудан өткізуге ықпал етеді.

       13.1 Қатысушылардың жол жүруі

      Қабылдаушы тарап өзінің тиісті мемлекеттерде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне виза беру туралы өтінім беруші және оған ЕҚДБ-ның шақыру хатын қоса беретін Жыл сайынғы отырыстың барлық Қатысушыларына және оларды алып жүретін адамдарға виза берудің жеделдетілген тәртібіне қатысты нұсқама береді.
      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 52-бабының 1(і) тармағына сәйкес, Жыл сайынғы отырыста қатысатын Банктің барлық басқарушыларына, директорларына, орынбасарларына, лауазымды тұлғаларына және қызметшілеріне, сондай-ақ Банктің тапсырмасын орындайтын сарапшыларға виза ақысыз беріледі.

       13.2 Жүктерді алып өту

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 53-бабына сәйкес ЕҚДБ-ның Жыл сайынғы отырысты өткізуіне байланысты Қазақстан Республикасына әкелінетін немесе одан әкетілетін жүктері барлық әкелу және /немесе әкету тыйым салуларынан, шектеулер мен баждардан босатылады. (Нұсқаулықтың «Жол жүру, тұру және көлік» деген бөлімін қараңыз).

14. Көлік

      Нұсқаулықтың «Жол жүру, тұру және көлік» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес Қабылдаушы тарап мынадай қызметтерді қамтамасыз етеді:
      а) Қатысушыларға әуежайдан ЕҚДБ таңдаған қонақ үйлерге дейін және осы қонақ үйлерден әуежайға дейін тиісінше автобуста тасымалдау қызметін көрсетеді, сондай-ақ қонақ үйлер мен іс-шаралар өткізілетін орындардың арасында автобус тасымалын;
      b) миссиялар кезінде және Жыл сайынғы отырыс кезінде ЕҚДБ қызметкерлері үшін тиісінше жүргізушісімен автомобильдер және микроавтобустарды;
      с) Жыл сайынғы отырыс кезінде ЕҚДБ-ның басқарушылары мен аға лауазымды адамдары үшін жүргізушісі бар автомобильдерді;
      d) Қабылдаушы тарап өзі жоспарлаған және ұйымдастыратын Ресми хаттамалық іс-шараларға байланысты тиісінше автобуспен немесе көлікпен тасымалдау қызметін қамтамасыз етеді;
      Қабылдаушы тарап көлік қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді және Іс-шараларды өткізетін орындарға, әуежайларға және қонақ үйлерге тікелей жақын жерлердегі автотұрақтардан орындар дайындайды, сондай-ақ такси қызметінің көрсетілуін ұйымдастырады.

15. Тұру

      Қабылдаушы тарап ЕҚДБ-ға Қатысушылар үшін, оның ішінде ЕҚДБ қызметкерлері үшін тұратын жерлерді таңдауда және тапсырыс беруде көмек көрсетеді. (Нұсқаулықтың «Жол жүру, тұру және көлік» деген бөлімін қараңыз).

16. VІР - қызмет көрсету/қабылдаушы елдің жоғары
лауазымды адамдары

      Қабылдаушы тарап ЕҚДБ-ның басқарушылары, делегация басшылары мен Банк көрсеткен ЕҚДБ-ның аға лауазымды адамдары үшін әуежайда VІР-қарсы алу қызметін ұйымдастырады.
      Қабылдаушы тарап Қабылдаушы тараптың барлық жоғары лауазымдық адамдарын таңдау және бекіту үшін жауапты болады. Қабылдаушы тараптың жоғары лауазымды адамдарының қатысуына қатысты егжей-тегжейлі Нұсқаулықтың «VІР - қызмет көрсету» деген бөлімінде келтіріледі.

17. Сақтандыру

      Қабылдаушы тарап Іс-шаралар өткізілетін орындарға және Үйлестіру орталығына қатысты үшінші тараптар алдында жауапкершілікті тиісінше сақтандыруды, сондай-ақ Жыл сайынғы отырыстың өткізілуіне байланысты Қабылдаушы тараптың берген барлық жабдықтарды зиян келтіру, жоғалту және ұрлату жағдайында сақтандыруды қамтамасыз етеді және сұрау салумен сақтандыруды жабу дәлелдемесін ұсынады. (Осы Өзара түсіністік туралы Меморандумның III бөлімінің 1-бабын және Нұсқаулықтың «Сақтандыру» деген бөлімін қараңыз).

18. Иммунитеттер, артықшылықтар және алып қоюлар

      Қабылдаушы тарап Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге және басқа да халықаралық шарттарға сәйкес, мұндай қолданылатын кезде, ЕКДБ-ға қолданылатын артықшылықтарды, иммунитеттерді және алып қоюларды қолдануға көмек көрсету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      Қабылдаушы тарап Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 52-бабының 2-тармағына сәйкес Қабылдаушы тарап Банктен қандай да бір Банк көрсететін қызметке немесе Банктің Қабылдаушы елде Жыл сайынғы отырыстың өткізілуіне байланысты алатын табысына қатысты кез келген жанама салықтар өндіріп алу, алу, аудару немесе басқа түрде ол үшін жауап беру талап етілмейтінін растайды (Нұсқаулықтың «Артықшылықтар, иммунитеттер және алып қоюлар» деген бөлімін қараңыз).

19. Ақпарат беру және құпиялылық

      Қабылдаушы тарап ЕҚДБ-ға және ЕҚДБ тағайындаған басқа адамдарға Жыл сайынғы отырыстың ұйымдастырылуы, жоспарлануы және өткізілуінің барлық аспектілеріне қатысты құжаттар мен материалдарды (оның ішінде ақпараттық жүйелер мен деректерді де) береді. Қабылдаушы тарап ЕҚДБ-ның тікелей жазбаша түрдегі келісімі болмай мұндай ақпаратты, құжаттар мен материалдарды үшінші тараптарға бермейді.
      Қабылдаушы тарап ЕКДБ-ға тұрақты негізде және сұрау салу бойынша оған Жыл сайынғы отырыстың ұйымдастырылуы, жоспарлануы және өткізілуіне қатысты ақпаратты және соңғы деректерді беріп отырады.

20. Жергілікті персонал

      Қабылдаушы тарап осы Меморандумның 1-бөліміне және Нұсқаулықтың «Персонал» деген бөлімінде көрсетілген басқарушылық қағидаттарына сәйкес, өзінің жауапкершілік саласына кіретін функцияларды орындау үшін қажетті, тиісінше білікті жергілікті персоналды іріктеу үшін жауап береді. Іс-шаралар өткізілетін орындарға қолжетімділігі бар мұндай жергілікті персонал туралы барлық тиісті жеке деректер ЕҚДБ-ға бекітуге жіберіледі.

БАНК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

      Банк осы II бөлімде көрсетілген Жыл сайынғы отырыстың барлық құрауыштарының табысты ұйымдастырылуы, жоспарлануы, қаржылануы және жүзеге асырылуы үшін жауапты болады.

1. Жыл сайынғы отырыстың тұжырымдамалық толықтыруы

      Банк Іскерлер форумына байланысты элементтерге қатысты Қабылдаушы тараппен консультациялар өткізе отырып, Жыл сайынғы отырыстың ауқымын, мазмұнын және бағдарламасын айқындайды.
      Банк іс-шараларды өткізу кестесін және Жыл сайынғы отырысты жарнамалау науқаны мен демеушілердің қолдауына қатысты мәселелерді дербес анықтайды және шешеді. (Нұсқаулықтың «Жыл сайынғы отырыстың құрылымы» деген бөлімін қараңыз).

2. Қатысушыларды тіркеу

      ЕҚДБ Нұсқаулықтың «Хабарламалар, шақырулар және қатысу санаттары» деген бөлімінің ережелеріне сәйкес Қатысушыларды шақыру және тіркеу процестерінің барлық аспектілері үшін жауапты болады.

3. Жарнама және демеушілер

      ЕҚДБ іс-шараның өзін қатысушылар арасында жарнамалау үшін жауап береді.
      Әрбір Отырыс үшін ЕҚДБ осы іс-шараға қатысты баспа немесе электрондық материалдарда пайдаланылатын логотип пен стильдік элементтер әзірлейді. Банк ЕҚДБ-ның корпоративтік имиджіне бақылауды жүзеге асырады. Логотип пен стильдік элементтерді пайдалану және оларды барлық нұсқамаларға және басқа да графикалық өнімге жапсыру үшін Банктің алдын ала келісімі талап етіледі.
      ЕҚДБ Іскерлер форумы үшін іріктелген компаниялардың арасынан осымен байланысты әртүрлі артықшылықтардың орнына айырбастай отырып, демеушілерді тартады. Қабылдаушы тарапқа шығындарды қысқарту мақсатында демеуші іздеу ұсынылады, алайда, үшінші тараптармен кез келген байланысқа кіруден бұрын демеушілерді тарту бойынша кез келген күш және стратегиялар ЕҚДБ-мен талқылауға және келісуге жатады.
      Нұсқаулықтың «Жарнама және демеушілер» деген бөлімде Отырысты жарнамалау мен демеушілермен жұмыс саласында ЕҚДБ мен Қабылдаушы тараптың тиісті міндеттерін ашатын басқарушылық принциптерінің тізбесі қамтылған.

4. Бұқаралық ақпарат құралдары

      ЕҚДБ, Нұсқаулықтың «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген бөлімінің ережелеріне сәйкес Жыл сайынғы отырыстың өткізілуіне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдардың барлық аспектілері, баспасөз конференциялары мен баспасөз-релиздерін шығару үшін толығымен жауап береді.

5. Байланыстарды қолдау үшін жауапты адам

      ЕҚДБ жергілікті жерде Қабылдаушы тараппен өзара іс-қимылда болуға және ЕҚДБ-ға Жыл сайынғы отырыстың әкімшілік аспектілерімен жұмыста және ЕҚДБ-ның қызметкердерінің Қабылдаушы тарапқа іс сапарларын үйлестіру мәселелерінде көмектесетін байланыстарды қолдау үшін жауапты адамды жалға алу үшін жауапты болады.
      Байланыстарды қолдау үшін жауапты адам Үйлестіруші орталықта орналасады.

6. Жергілікті персонал

      ЕҚДБ осы Меморандумның II бөліміне сәйкес өзінің жауапкершілік саласына кіретін функцияларды орындау үшін, сондай-ақ ЕҚДБ-ның Нұсқамаларына сәйкес, Жыл сайынғы отырыстың бағдарламасымен байланысты барлық залдар мен іс-шаралар аймақтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде көмек көрсету үшін қажетті, тиісінше білікті жергілікті персоналды іріктеу үшін жауап береді. (Нұсқаулықтың «Персонал» деген бөлімін қараңыз).

7. Техникалық құралдарды және қызметтерді пайдалану

      ЕҚДБ Іс-шаралар өткізілетін орындарда және Үйлестіруші орталықта телефондар және факсимиле байланыстының ақылға сыйымды шығыстарын жабады және кеңсе керек-жарағын сатып алуды жүзеге асырады.
      ЕҚДБ қызметшілері, лауазымды адамдары мен консультанттары қоғамдық тамақтану коммерциялық ұйымдарында сатып алынатын тамақ пен сусындардың ақысын төлейді.

8. Ресми хаттамалық іс-шаралар

      ЕҚДБ Қабылдаушы тарапты өзі ұйымдастыруды және қаржыландыруды жоспарлап отырған кез келген ресми хаттамалық іс-шаралар туралы хабардар етеді.

9. Құжаттама

      ЕҚДБ Нұсқаулықтың «Құжаттама» деген бөлімінің ережелеріне сәйкес Жыл сайынғы отырыс үшін құжаттаманың дайындалуы мен әзірленуі үшін жауапты болады.
      ЕҚДБ үшінші тараптардың Іс-шаралар өткізілетін орындарда таратылатын жарияланымдарына қатысты шешімді дербес қабылдайды.

10. Лингвистикалық қызмет көрсету

      ЕҚДБ Нұсқаулықтың «Лингвистикалық қызмет көрсету» деген бөлімінің 1 ережелеріне сәйкес Жыл сайынғы отырыс үшін ауызша және жазбаша 1 аудармашыларды жинақтау үшін жауапты болады.

11. Нұсқамалар мен тулар

      ЕҚДБ Іс-шаралар өткізілетін орындардағы ішкі және сыртқы нұсқамаларды әзірлеу, жасау және монтаждау үшін жауапты болады.
      ЕҚДБ әуежай үшін ЕҚДБ-ның және Қабылдаушы елдің сыртқы туларының, сондай-ақ Іс-шаралар өткізілетін орындарда барлық акционерлердің сыртқы туларының болуына жауапты болады.
      Одан кейінгілері Нұсқаулықтың «Нұсқамалар, сахнаны безендіру және тулар» деген бөлімінде егжей-тегжейлі келтіріледі.

12. Тұру

      ЕҚДБ Қабылдаушы тараптың көмегімен мыналарға:
      а) ЕҚДБ-ның қызметкерлеріне және
      b) ЕҚДБ таңдаған қонақ үйлерде орналасуға ниет білдірген. Қатысушыларға қатысты қолайлы тұратын орындарды іріктеу және олармен шарт жасасу үшін жауапты болады.
      Одан кейінгілері Нұсқаулықтың «Жол жүру, тұру және көлік» деген бөлімінде егжей-тегжейлі келтіріледі.

13. Техникалық қолдау қызметі және қолдауға қатысты
қойылатын талаптар

      ЕҚДБ Отырыс барысында АТ қызметтерінің үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету үшін техникалық қолдау қызметін ұйымдастырады және көмекке жергілікті көмекші персоналды жұмысқа алады. Қабылдаушы тарап, Жыл сайынғы отырыс үшін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынатын компаниялар да қажеттігіне қарай көмек көрсетуге дайын тұруын қадағалайды.
      Одан кейінгілері Нұсқаулыктың «Ақпараттық технологиялар [АТ] және байланыс» деген бөлімінде егжей-тегжейлі келтіріледі.

БАСҚА ДА МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. Сақтандыру

      I бөлімнің 17-тармағының ережелері үшін зиян келтірместен, Қабылдаушы тарап пен ЕҚДБ Жыл сайынғы отырыстың өткізілуіне байланысты сақтандыру саласында өз қажеттіліктерін дербес айқындайды және өздерінің тиісті тәуекелдері мен міндеттемелерін, оның ішінде осы Меморандумнан туындайтын міндеттемелерін жабу үшін орынды деп санайтын сақтандыруды сатып алады. Қабылдаушы тарап пен ЕҚДБ сақтандыруға шығыстарын дербес төлейді. (Нұсқаулықтың «Сақтандыру» деген бөлімін қараңыз).

2. Ресми контрагенттер тағайындау

      Қабылдаушы тарап өз тарабынан және ЕҚДБ өз тарабынан осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде осы Меморандумды орындау мақсаттары үшін контрагенттер тағайындайды.
      Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 1 (бір) жыл мерзімге жасалады. Тараптардың келісімі бойынша осы Меморандумның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты (6) ай бұрын бір Тарап екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы өзінің оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберу жолымен осы Меморандумның қолданылуын тоқтата алады.
      20 __ жылғы «__» _______ _______ қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заң күші бар. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру бойынша дау туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі  Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі
үшін:                              үшін:

ЕҚДБ Басқарушылар Кеңесінің        Бас хатшы
Қазақстан атынан мүшесі Қаржы
министрі

______________________________     ____________________________
Мырза/ханым                        Мырза/ханым

күні:_________________________     күні:_________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады