Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1285 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес, сондай-ақ құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарда ірі қара малдың аналық басын сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2010 - 2011 жылдардың қыстау (2010 жылғы қазан - 2010 жылғы сәуір) кезеңіне ауыл шаруашылығы құрылымдарында (ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермер) қожалықтары) аналық мал басын (сиырларды) ұстауға жұмсалатын шығындарды ішінара (45 % - ға дейін) өтеу үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Шығыс Қазақстан (Абай, Бесқарағай, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары және Семей қаласының әкімшілік аумағы), Қарағанды (Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандары және Жезқазған қаласының әкімшілік аумағы), Павлодар (Ақтоғай, Железин, Май және Успен аудандары) және Солтүстік Қазақстан (Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М. Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандары) облыстарының әкімдіктеріне аудару үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 1576109000 (бір миллиард бес жүз жетпіс алты миллион бір жүз тоғыз мың) теңге, оның ішінде:
      1) Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 485507000 (төрт жүз сексен бес миллион бес жүз жеті мың) теңге;
      2) Қарағанды облысы бойынша - 689074000 (алты жүз сексен тоғыз миллион жетпіс төрт мың) теңге;
      3) Павлодар облысы бойынша - 108968000 (бір жүз сегіз миллион тоғыз жүз алпыс сегіз мың) теңге;
      4) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 292560000 (екі жүз тоқсан екі миллион бес жүз алпыс мың) теңге бөлінсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаражатты төлеу:
      1) «Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеген малдың бір басын ұстауға арналған шығындар нормативтері негізінде облыстар әкімдерінің шешімдерімен бекітілетін қыстау кезеңінде бір бас малды (сиырды) ұстауға арналған шығындар нормативтеріне сәйкес;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер облыстардың әкімдіктеріне ұсынатын және облыс әкімдерінің шешімдерімен құрылатын ведомствоаралық комиссиялар растайтын 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қыстауға кіретін мал басының нақты саны туралы құжаттардың (заңды тұлға нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 24 - а/ш статистикалық есептілік нысанынан үзінді көшірме, жеке тұлға нысанындағылар үшін - шаруашылық кітабынан үзінді көшірме) негізінде жүзеге асырылсын.
      3. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
      1) аналық мал басын (сиырларды) ұстауға арналған шығындарды ішінара өтеу туралы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер беретін материалдарды қарау жөнінде ведомствоаралық комиссия құрсын;
      2) қыстау кезеңіне аналық малдың (сиырлардың) бір басын ұстауға арналған шығындардың нормативтерін бекітсін;
      3) 2010 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін;
      4) мал қыстауын ойдағыдай өткізу және ірі қара малдың аналық басын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2010 года № 1285

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания", а также в целях обеспечения сохранности маточного поголовья крупного рогатого скота в областях, пострадавших от засухи, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан из резерва Правительства Республики, предусмотренного в республиканском бюджете на 2010 год на неотложные затраты, средства в сумме 1576109000 (один миллиард пятьсот семьдесят шесть миллионов сто девять тысяч) тенге для перечисления акиматам Восточно-Казахстанской (Абайский, Бескарагайский, Жарминский, Кокпектинский, Урджарский районы и административная территория г. Семея), Карагандинской (Абайский, Актогайский, Бухаржырауский, Жанааркинский, Каркаралинский, Нуринский, Осакаровский, Улытауский, Шетский районы и г. Жезказган), Павлодарской (Актогайский, Железинский, Майский и Успенский районы) и Северо-Казахстанской (Акжарский, Аккайынский, Есильский, Жамбылский, М. Жумабаева, Кызылжарский, Мамлютский, Г. Мусрепова, Тайыншинский, Тимирязевский, Уалихановский и Шал акына районы) областей в виде целевых текущих трансфертов для частичного возмещения (до 45 %) затрат на содержание маточного поголовья (коров) в сельхозформированиях (сельскохозяйственные предприятия, крестьянские (фермерские) хозяйства) на период зимовки 2010 - 2011 годов (с октября 2010 года по апрель 2011 года), из них:
      1) по Восточно-Казахстанской области - 485507000 (четыреста восемьдесят пять миллионов пятьсот семь тысяч) тенге;
      2) по Карагандинской области - 689074000 (шестьсот восемьдесят девять миллионов семьдесят четыре тысячи) тенге;
      3) по Павлодарской области - 108968000 (сто восемь миллионов девятьсот шестьдесят восемь тысяч) тенге;
      4) по Северо-Казахстанской области - 292560000 (двести девяносто два миллиона пятьсот шестьдесят тысяч) тенге.
      2. Выплату средств, указанных в пункте 1 настоящего постановления, осуществлять:
      1) согласно нормативам затрат на содержание одной головы (коровы) в период зимовки, утверждаемым решениями акимов областей, на основании разработанных товариществом с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт экономики агропромышленного комплекса и развития сельских территорий" нормативов затрат на содержание одной головы животных;
      2) на основании документов (для сельхозтоваропроизводителей в форме юридических лиц - выписка из формы 24-сх статистической отчетности, а в форме физических лиц - выписка из похозяйственной книги), предъявляемых сельхозтоваропроизводителями в акиматы областей, о фактическом наличии поголовья, входящего в зимовку по состоянию на 1 октября 2010 года и подтверждаемого межведомственными комиссиями, создаваемыми решениями акимов областей.
      3. Акимам Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Павлодарской и Северо-Казахстанской областей:
      1) создать межведомственные комиссии по рассмотрению материалов, представляемых сельхозтоваропроизводителями, о частичном возмещении затрат на содержание маточного поголовья (коров);
      2) утвердить нормативы затрат на содержание одной головы маточного поголовья (коров) на период зимовки;
      3) в срок до 20 декабря 2010 года представить в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан отчет по целевому использованию выделенных средств;
      4) принять меры по успешному проведению зимовки скота и обеспечению сохранности маточного поголовья крупного рогатого скота.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов